Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дебиеттер



Негізгі:

1. Гигиена. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық./Ү.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010. – 297 б.

2. Торғаутов Б.К.,Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена:Оқулық–Шымкент, 2009. – 167-180 б.

1. Гигиена / Под ред. Акад.РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.272- 286.

3. 2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Дону: «Феникс».2002.- С.225-279.

4. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиен и основам экологии человека. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.- С. 133-138.

5. Гурова А.И., Горлова О.Е.- Практикум по общей гигиене. -М.: Издательство Университета дружбы народов. 1991-С.80-84, 103-106.

Қосымша:

1. Ванханен В.Д., Лебедева Е.А.- Руководство к практическим занятиям по гигиене питания.- М.: Медицина, 1987- С. 68-72.

2. Инструкция по расследованию и лабораторной диагностике пищевых отравлений.- Алматы, 1996г.

3. Королев А.А. Гигиена питания.– М.:Изд.центр «Академия», 2006.– С. 245-332.

4. Минх А.А.- Общая гигиена. - М.: Медицина, 1984- С. 408-417.

5. Петровский К.С., Ванханен В.Д. – Гигиена питания.- М.: Медицина, 1982-

С.284-320.

6. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. -М.: Медицина, 1983- С. 35-41, 135-139.

7. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания. - М.:Изд.центр «Академия», 2005. – С.101-

151.

8. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А.- Общая гигиена. - М.: Медицина, 1985- С.81-105.

9. СанПиН № 4.01.060.02 РК «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся продуктов»

10. СанПиН 4.01.071.03 РК – Гигиенические требования к безопасности и

пищевой ценности пищевых продуктов.

11. СанПиН № 4.01.069.03 РК «Санитарно-гигиенические требования к объектам общественного питания»

12. СанПиН РК «Требования к устройству и содержанию больничных учреждений и организаций охраны материнства и детства» от 24.06.2002 г.

Бастапқы білім деңгейлерін бақылау сұрақтары:

1. Тамақтан уланулар, түсінігі, жіктелуі.

2. Этиологиясы бактериялық тамақтан уланулар-токсикоинфекциялар және токсикоздар, көздері, қоздырғыштардың берілу механизмдері мен факторлары, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

3. Тағам микотоксикоздары (эрготизм, фузариотоксикоздар, афлотоксикоздар) этиологиясы, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

4. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар:

4.1.Улы өсімдіктерден және жануарлардың тіндерінен уланулар және олардын алу.

4.2.Белгілі бір жағдайларда улы азықтардан (тағамнан) болатын тамақтан уланулар және олардын алу.

4.3.Азықтардағы химиялық заттардың қоспаларынан уланулар:

· Тағамдық азықтарды ластаушы негізгі көздері және ластанатын жолдары

· Таралғандығына және улылығына байланысты ең қауіпті контаминаттар: ауыр металдар, антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитрозаминдер, диоксиндер және диоксинтәрізді заттар, көп циклді араматтық көмірсутектер (КАК), радионуклидтер, тағамдық қоспалар. Олардан туатын уланулар. Канцерогендік және мутагендік қауіптілігі және басқа да әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі эффектілері.

· Бөгде химиялық заттардан уланулардың алдын алу.

· Бөгде химиялық заттармен және радионуклидтермен ластанған аумақтарды тұратын халықтың экологиялық қорғаушы тамақтанудың негізгі принциптері.

5. Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар және олардың алдын алу.

6. Негізінен балаларға тән тамақтан уланулар. Балалардың тамақтан улануының жиілігіне және ауру ағымының айқындығына ықпал ететін факторлар.

7. Тамақтан улануды тексеру үлгісі.

8. Тамақтан уланудың зертханалық диагностикасы

9. Тамақтан улану жағдайындағы емдеу қызметкерінің тактикасы және оның міндетті түрде жүргізетін шаралары

10. Тағам инфециялары мен, гельминтоздарының дамуындағы. әртүрлі азықтардың эпидемиологиялық маңызы.

11. Тағам инфекциялары мен гельминтоздарының алдын алу

· Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау бойынша білім деңгейін соңғы рет бақылау:

тапсырма № 1. Тағамның кең таралған және химиялық контаминттарымен, олардың көзі мен азықтарға түсу жолдары, олармен шақырылатын аурулардың алдын алу шараларымен танысу.

тапсырма № 2. Тамақтан улануды анықтау бойынша ситуациялық есептерді мына сұрақтарға дауап бере отырып, шешу:

1. Қандай микроорганизмдер, олардың тіршілік өнімдері, органикалық және бейорганикалық қосылыстар т.б. көрсетілген аурулардың себебі болуы мүмкін?

1) Қандай азық немесе тағам ауру тудырды?

2) Азық немесе тағам аурудың себебі болуына қандай жағдайлар әкеп соқты?

3) Осы жағдайда кім және қандай төтенше шаралар жүргізу қажет?

4) Зертханалық зерттеуге қандай материалдарды және кім жіберуі қажет. Диагнозын анықтау үшін қандай зертханалық зерттеулер қажет.

5) Ауруға қандай сұрақтар қойған жөн.

6) Медицина қызметкері қандай алдын алу шараларын жүргізуі тиіс?

Есеп.

Жазда Н-облысының аудан орталығының бірінде екі отабасында бір уақытта улану жағдайы тіркелді. 8 адам ауырды, олардың 3 балалар. Ауру тағамды қабылдаған соң 10-12 сағаттан кейін басталды. Аурулардың шағымы: қатты ауру сезімі, құсу, іш өту, әлсіздік, кейбірлері балтыр етінің ауратынына шағымданды. Ауыру дене қызуының 37-37,8 С градусқа дейін көтерілуімен жүрді. Аурулардың бәрі 5 шілдеде жақын ауруханаға жатқызылды. Аурудың ұзақтығы 3 күннен 5 күнге дейін болды. Аурулардан сұрау кезінде екі отабасында да түскі ас кезінде тек қана бұзаудың піскен өкпесін жеген адамдар, басқаларында-бұзаудың пісірілген етін жегендер ауырғаны анықталды. Бұзаудың еті және шикі заттары базардан сатып алынған. Содан кейін бұзаудың аяғы сынып сояр алдында үш күн ауырғанына байланысты союға мәжбүр болғаны анықталды. Еті және өнімдері ешқандай тоңазытусыз үйде сақталған. Өкпесі толғымен пісіріліп түскі тамақтану кезінде порцияларға бөлінген. Басқа отбасында, бұзау еті 2 кг шамасында үлкен кесекпен 1 сағат қайнатылған. Тамақтану алдында сорпасынан алып, порцияларға бөліп қайта қайнатпай тамақтануға берген. Зертханаға бактериологиялық зерттеуге аурулардың барлық сынамаларында сальмонелдер анықталды. Ауырғандардан аурудың 6-шы 15-ші күндері алынған қанның сары суы еттің және ауырғандардың нәжесінен бөлінген штамдармен оң агглютинация реакциясын берді.

Есеп.

Қ-қаласының жабық ұжымдарының бірінде ауру пайда болды. 105 адамның 40 адамы ауырды. Ауруларды сұрау және тексеру кезінде анықталғаны: инкубациялық кезеңі 4 сағаттан 39 сағатқа дейін созылған. Ауырғандардың іші өткен, іші ауырған, құсқан және буындары, белі, балтыр еттері ауырған. Барлық аурулар жүрек айнауына, жалпы әлсіздік және басы ауыратынына шағым айтқан. Дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтерілген. 4 аурудың нәжісінде қан анықталған. Ауру 3-5 күнге созылған. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде аурулардың 25–н нәжісінен сальмонеллалар бөлінген (анықталған). Бөлініп алынған микроб түрі 1:32 қатынасында сұйытылған қанның спецификалық сары суымен агглютинацияланады. Ақ тышқандарға жүргізілген биологиялық сынама оң болды. Ауырғандардың қанынан аурудың 3-ші күні алынған сары суы 1:50-1:1000 сұйылтқанда сол қоздырғыштың лабораториялық штамымен агглютинацияланады.

Ауырғандардан сұраудан анықталғаны, бәріне бірдей жалпы тағам түрі, үстіне жұмыртқа қоспасы құйылған тартылған етпен макарон запеканкасы болды. Жұмыртқа қоспасы үйрек жұмыртқасынан дайындалған. Тартылған ет пісірілген еттен жасалған, олар жеке порция түрінде бір уақытта қосылған. Порцияланған етті жеген адамдардың еш қайсысы да ауырған жоқ. Запеканка дайындауға арналған тартылған ет (фарш) екінші рет жоғары температурада өңдеуге түскен. Үйректің жұмыртқасын зерттеген кезде, оның ақ уыз қабқшасының ішкі жағында “қара дақтар” болды, олар скорлупасының бетінен өткен зең саңырауқұлақтары. Жұмыртқа қоспасы құйылған макарон запеканкасы духовканың екі қаңылтыр табасында болған, біреуіндегі запеканка қызармаған.

Есеп.

Н-қаласында сәуір айының соңында, жергілікті шұжық фабрикасы дайындаған пісірілген шұжықты қабылдау нәтижесінде жабық оқу орнының оқушыларының арасында жаппай (52 адам) тамақтан улану болды. Шұжықты таңертең (сағат 9) жеген, кешке ауру пайда болды. Көпшілік ауырғандардың негізгі симптомдары жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, түсі ет жуындысы тәрізді ішінің өтуі, жалпы әлсіздік, дене температурасы 37 градустан 39,2 градусқа дейін. Аурулардың бірі ауруханаға жатқызылған. Аурулар 3-4 күннен кейін сауқты. Тексеру кезінде пісірліген (қайнатылған) шұжық дайындалғаннан кейін асханада үй температурасы жағдайында 2 күн сақталған. Басқа мекемеде осы шұжықты түскен күні сатқан, ауру тудырған жоқ..

Зертханалық зерттеуге, шұжықтың қалдықтары, құсық массасы, нәжіс және асхана заттарының жуындылары жіберіледі. Шұжықтың бұзылмағандығына жүргізілген химиялық талдау 4 сынаманың біреуінен аммиак анықталғанын көрсетті, күкіртті сутек анықталған жоқ. Бактериологиялық талдау кезінде шұжықтың барлық сынамаларынан 0,01 мл титрде протей бөлініп алынды.

Протей және ішек таяқшасы құсық, нәжіс массаларында, асхана заттарының жуындыларында анықталды. Ауырғандардың қанының сары суларының агглютинация реакциясы бөлініп алынған протея микроб түрімен 1:50 –1:200 сұйылтқанда оң болды, ал ішек таяқшасының бөлінген түрімен теріс болды. Контрольдық топтағы қанның сары суы барлық штаммдарымен теріс агглютинация реакциясын берді.

Есеп.

К. қаласында 7 тамызда тамақтан улану болды. 5 адамнан тұратын отбасы (ері-42 жаста, әйелі-30 жаста, қызы-7 жаста, ұлы-9 жаста, әжесі-65 жаста). Түскі асқа қаймақта қуырылған саңырауқұлақ жеген. Саңырауқұлақты үйіне әкелген белгісіз әйелден алған. Түскі астан кейін күн бойына және кешкі ас кезінде отбасының барлық мүшелері жақсы сезінген. Түнде шамамен сағат 2-ге қарай бірінші балалары ауырады, біршама кешірек әкесі, шешесі, әжесі ауырады.

Улану құсудан, іш ауырудан, іш өтуден басталды. Құсу және іш өтуі жиі болды. Құсық массасы және нәжісі құрамында қорытылмаған саңырауқұлақ бөліктері болды. Ауырғандар қатты шөлдеді, шөл қандыру қиынға соқты, себебі су ішісімен құсып тастайды. Балалары мен әжесінде балтыр етінің сіресіп тартылуы байқалды. Таңертең барлық аурулар ауруханаға жатқызылда. Осы күннің кешінде балалар едәуір әлсізденді. Құсуы мен іш өтуі тоқтап ұйықшылдық пайда болды. Үлкен адамдарда құсу мен іш өтуі және келесі күні де жалғасып жатты. Балалары мен әжесінің пульсі жиі, толуы аз болды. Қатты іші ауырғаны, әсіресе бауырының тұсында ауыратыны белгілі болды, бірақ бауыры үлкеймеген, сипағанда анықталмады. Келесі күні таңертең жүрек жұмысының әлсіздігінен қызы қайтыс болды, бір сағат кейін ұлы қайтыс болды, кешке, екі сағаттай ес-түссіз жатып әжесі қайтыс болды. Әкесі мен шешесінде улану ауыр түрінде болғанмен де (іш ауырып, беті сарғайып, бауыры өсіп, сипағанда білініп, бірнеше рет есінен танып қалды т.б.) жетінші күннің соңына қарай жағдайының жақсарғаны байқалды: құсусыз іші өтуі тоқтады, бауыры кішірее бастады, тамаққа тәбеті тартты т.б., екі жарым аптадан кейін әкесі мен шешесі өз еркімен, әлі әлсіздік болса да ауруханадан шықты.

Балалары мен әжесінің мәйіттерін жарған кезде бауырының майға айналғаны, аз дәрежеде жүрегі мен бүйректерінің майға айналғаны анықталды.

Есеп.

Пионер лагерінің дәрігеріне түскі астан кейін 3-5 сағат өткен соң келесі шағым айтып балалар келе бастады: жүрегі айну, құсу, суық тер шығуып, эпигастрий аймағында ауыратынын айтып. 6-8 сағат өткен соң мұндай шағымдар пионер лагерінің барлық балаларында және қызметкерлерінде болды. Түскі тамақтан ауырғандар ет сорпасына дайындалған картоп сорпасын ішкен, етпен құймақ және кептірілген жемістен дайындалған компот қабылдаған. Құймаққа пайдаланған тартылған ет қайнатып пісірілген еттен жасалған. Суға пісірілген ет ет майдалағышта тартылған. Етті өңдеумен және құймақ жасаумен, сол қолының үлкен саусағының күбірткесі жөнініде жұмысқа жарамсыздық қағазын алып жүрген, бірақ лагердің ас блогінде жұмысын жалғастыра берген асхана жұмысшысы айналысқан.

Құймақ жасау үшін етті тартқаннан кейін жоғары температурада өңдеуге түспеген, ал құймақтар үлестірер алдында духовкада қыздырылған. Пионер лагерінде жұмыс істейтін дәрігер, түскі асты берер алдында барлық тағамдардың сынамасын алған, дәмнің өзгергені көрсетілмеген, түскі асты үлестіруге рұқсат етілген.

Есеп.

Түскі ас кезінде балалар бақшасының тәрбиешісі, балалардың бір бөлігі басы ауыратынына, іш ауыратынына, өзін сезінуі нашарлауына байланысты тамақ ішпегенін айтты. Барлық балалардың 37,4-37,8 0 С температурасы бар екені анықталды. Күндізгі ұйқы уақытында тағы 9 балада құсу басталды, олар іші ауыратынына шағымданды, температурасы 37,9 0 С үшеуінде көбіктенген нәжіс болды. Ауырған балалардың бәрі (14 адам) жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөліміне жатқызылды. Осы күні кешке осы топтың тәрбиешісінде іші ауруы, жүрек айнуы, құсу, көп қайталап іші өтуі, өзін-өзі сезінуінің нашарлауы пайда болды. Басқа қызметкерлер және басқа топтардың балалары ешқандай шағым айтқан жоқ, өздерін жақсы сезінді. Таңертеңгі асқа балаларға келесі ұсынылған:

1. Сүтке пісірілген ұнтақ ботқасы.

2. Бетіне сыр салған нан

3. Сүт қосылған кофе

4. “Мерей тойлық” печенье

Ауру пайда болған топтың балалары көрсетілген тағамдардан басқа, крем жағылған бисквитті торт жеген. Тортты таңертең (ауырған күні) бір баланың ата-анасы әкелген. Тортты қабылдаудан бір күн бұрын “Аспаздық” дүкеннен сатып алған, үйде асхана столында сақталған, ал түнде мұздатқышқа қойған.

Есеп.

Құрылыс отрядының дәрігеріне түскі астан кейін 5-6 сағат өткенен соң студенттер келесі шағымдарымен келе бастады: жүрек айнуы, құсу, іші ауыруы, сұйық көбік тәрізді болып жиі іші өтуі, ауырғандардың кейбіреулерінде дене температурасы 37-380С дейін көтерілген. Түскі астан 10-12 сағат өткеннен кейін құрылыс отрядында аурулардың саны 120 жетті. Дәрігер ешкімді ауруханаға жатқызған жоқ, бірақ аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерін шақырды.

Құрылыс отрядындағы таңертіңгі ас сағат 7-8 шамасында болды, оған бидай ботқасы, май, сыр, нан, ыстық қайнаған сүт берілген. Таңертеңгі астан кейін бәрінің жағдайы дұрыс болған, құрылыс жұмыстарымен айналысқан. Таңертеңгі асты асханада кезекші болған студенттер дайындаған. Түскі ас жаңа орамжапырақ жасалған щиден, қарақұмық ботқасынан суға пісірілген еттен, жаңа алма компотынан тұрды. Түскі асты үлестірген күні дайындады. Етті сорпасынан шығарып түскі асқа дейін кастрюльде ұстады. Тамақтану алдында аспаз етті ботқа пісірген қазанға салды да (ботқа ыстық болатын) студенттерге үлестірді. Студенттердің айтуынша түскі астың органолептикалық қасиеттері жақсы, бірақ ет ыстық емес болатын.Шақырумен келген жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері ас блогінің, асхана заттарының жағдайын қарады. Аспаздар бұл кезде жұмыста болмады. Отряд дәрігері бұдан 6-7 күн бұрын аспаз қол басының күйігі жөнінде көмек алуға келгенін есіне түсірді, дәрігер күйген жерін біріншілік өңдеу жүргізіп синтомицин майын жағуды ұсынды. Әрі қарай құрылыс отрядының дәрігері онымен айналысқан жоқ, аспаз өзін-өзі емдеп жұмысын істей берген.

Есеп.

“Т”-іріленген ауылда медициналық көмек алуға үш отбасының мүшелері келді. Шағымдары: іші ауырады, көп қайталамалы құсу, 3-5 жастағы балалардың жағдайлары ауырлау болды. Ауру күн ортасында басталды. 8 адам ауырды. Үш отбасының да мүшелері әртүрлі тағам қолданған, бәріне бірдей болған тағам сүт, оны көрші ауылдың тұрғынынан сатып алатын. Барлық отбасында да ауыратын күні тағамға қайнатпай сүт ішкен (кофеге, какаоаға қосқан, ботқаға араластырған). Ауырар алдында бір күн бұрын сүт сататын әйел сүт әкелмейтінін айтып ескерткен, себебі ветеринарлық қызмет сиырды мастит жөнінде емдеуді талап еткен.

Есеп.

Кезекші мейірбике үйге дәрігер шақырау қабылдады. Шақырған дәрігер ауырғандардың көршісі келесі шағымдарын айтқан: іштері ауратынын, іштері өтетінін, құсатындарын, дене температурасы 38,50 С дейін көтерілгенін.

Келген дәрігер, аурулардың жағдайы орташа ауырлықта екенін, ауру түскі астан 3-5 сағттан кейін басталғанын, отбасының барлық мүшелері (5 адам) аурғанын айтты. Түскі асқа тамақтану алдында дайындалған сорпа, сыр, қуырылған тауық етін, қарақат компотын қабылдаған. Тауық етін өңдеп жуып, табада майға қуырған, жоғары температурада өңдеудің басқа түрлерін қолданбаған. Тауық етін бөлу кезінде бұзылған белгілері білінбеген, еті арық болған. Жансаяның иесі сол күні тауық сойған, біреуін сатқан, ал қалған екеуін жер төлеге қойған. Сойған тауықтар иесінің сөзіне қарағанда (дәрігердің сұрауы кезінде) ауру сияқты болған.

Есеп.

Кудиновтар отбасының кешкі асы келесі: суға піскен картоп, сары май, балық хариус-тұздап сүрленген, бисквитті торт, шай. Кешкі асты ішкендер: шешесі - 32 жаста, қызы- 5 жаста, әжесі –61 жаста, әкесі-35 жаста, кешкі асты ішпеді, тек бисквитті тортпен шай ішті. Келесі күні таңертең әжесі мен немересі нашар сезінді. Бірақ әжесі немересін балабақшаға апарды. Күйеуі мен әйелі жұмысқа кетті. Бала бақшадағы тәрбиеші қыздың тамақ жұтуының қиындағанын аңғарды. Қарау кезінде: ауызы құрғауы, көзіне қос көрінуі, эпигастрий тұсында аурытаны, аздаған сіңір тартылуы байқалған. Бала бақшаның дәрігері қызды бастапқы диагнозы “полиомиелит” деп жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуды ұйғарды.

Әжесі емханаға қиналып жетті, көз алдында тұмандану өсе бастады. Учаскелік дәрігер шағымын тыңдап көз дәрігеріне баруды ұсынды, себебі ол адамның көп жылдар бойы глаукомамен ауыратынын білетін. Ауру көз дәрігерінің қабылдауына жазылды. Күн ортасында шешесі барған сайын күшее түскен іш ауруын сезді, құсу, жұтындың қиындай бастауы. Цех дәрігері аурудың шағымын тыңдап, жатырдан тыс жүктілік диагнозымен ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады.

Әкесі өзін жақсы сезінді. Сурау кезінде бисквитті тортты “Аспаздық” дүкенінен сатып алғаны, хариус балығы үйде дайындалғаны анықталды. Балықшылар ұстап құмның үстінде сойып бөлшектеген балықты әкесі әкелген, аздап тұздап 4 сағатқа кастрюльге салып қойған, сонан соң күнге қақтаған. Кешкі асқа дейін балықты жемеген.

№11 есеп

Морозовтар отбасында дәрігер-терапевт шақырылды. Ауырғандар (6 адам) жағдайларының болмауына, әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, көруінің бұзылуы, көз алдында тор көрінуі, көзіне заттың қос көрінуі, ауыз құрғауы пайда болғанына, іш ауыратынына, жұтынуы қиындауына шағым айтты.

Дәрігер ауруларға аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатуын ұсынды. Ауруханаға жолдау қағазында “Тамақтан улану” диагнозы көрсетілген. Дәрігер ешқандай спецификалық көмек көрсеткен жоқ.

Дәрігер ауырғандардан сұрау арқылы ауырар алдында келесі тағамдарды қабылдағандарын анықтайды: картоп езбесі, үйде дайындалған шошқаның тұздап ысталған еті, нан, май, сыр, мұраппа. Кешкі асты кешкі сағат 6-да ішкен. Түнгі сағат бір шамасында аздап іштері ауыратынын, ауызы құрғағанын сезді, таңертең жоғарыда келтірілген симптомдар пайда болды.

Шошқаның тұздап ысталған етін сойған шошқаны сабанның үстінде бөлшелеген етінен үй жағдайында дайындалған, тұздыққа салған кезде үстінен бастыру үшін топырақпен өте ластанған тасты пайдаланған. Ыстау кезінде ет ілмектен жерге түсіп кеткен. Ыстағаннан кейін ет подвалда сақталған, содан соң тағамға пайдаланған. Кешкі аста оны бірінші рет жеген. Ысталған еттің органолептикалық сапасы қанағаттанарлық болды.

№12 есеп

Жаз мезгілінде саяжайға барған балалар бақшасының тобында (4-5 жастағы), дәрігер тексеру кезінде балалардың барлығында әлсіздікті, адинамияны байқаған, кейбіреулері бас ауруымен шағымданған. Дәрігер балаларды оқшаулау бөлмесіне қалдырмай, оларды топ жағдайында бақылады. Балалардың күнделікті қызуы өлшеніп, шырышты және тері қабаттарының жағдайы бақыланып отырды. Бірнеше күннен кейін дәрігер шырышты және тері қабаттарының сарғайғанын, бауырының үлкейгенін байқады.Сарғаюдың пайда болуын ескеріп, дәрігер «Боткин ауруы» диагнозын қойды және балаларды жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жатқызып, сол мезетте СЭҚБ –на «жедел хабарлама» жіберді. Саяжайда аталған балалар тобынан басқа, 4 топ болды. Қызмет көрсетуші персоналдар мен басқа төрт топтың балалары ондай шағымдар жасамады. СЭҚБ –ның мәліметтері бойынша, осы ауру жайында «жедел хабарлама» болмаған. Балалар бақшасы саяжай мезгілі ашылар алдында тексеруден еш ескерусіз қабылданды, балалар бақшасының бөлмелері канализация жүйесіне қосылған, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, «Ауыз су» судың сапасы ГОСТ талаптарын қанағаттандырады. Барлық топтағы балалардың ас мәзірі саяжайға барған сәттен біркелкі, азықтар совхоздардағы азық қоймаларынан жеткізілген, азықтардың мерзімі қатаң сақталып және бақыланып отырды. Балалар бақшасына ата-аналар келмеді. Бірақ, анықтай келе ата-аналардың өтініші бойынша тәрбиеші жергілікті тұрғыннан құлпынай сатып алған және ағын суға 3 рет жуғаннан кейін ғана балаларға берген. Жергілікті тұрғыннан сатып алған балалар ғана ауырған. Құлпынай сатқан сатушыдан сұрағанда жемістердің гүлдеуі мен пісуі кезінде бақша зиянкестерімен күресу мақсатында құлпынай бұталарының ДДТ ұнтағымен тозаңданғанын әкімшілік анықтады.

№13 есеп

Балалар бақшасының тәрбиешісі балаларды орманда қыдыртқан соң 2-3 сағаттан кейін кенеттен топтағы 8 баланың қозғыштығын және сандырақтауын байқаған. Балаларға шипажай дәрігері шақыртылды. Дәрігер балалардың есінен жаңылысқанын, саңдырақтауын, айқын брадикардиясын, әлсіз пульс жиілігін, қарашықтың кеңеюін байқаған. Топтың қалған балалары өздерін жақсы сезінді, ешқандай шағым жасамады.және дәрігер ешқандай патологиялық белгілерін анықтамады. Барлық топтың балалары сағат 9-дан 11-ге дейін орманда қыдырған. Таңғы аста ұнтақ ботқасын жеген, какао, бутерброд маймен және ірімшікпен, бутерброд тосаппен, шұжықпен және печеньемен жеген. Балалар орманда доп ойнады, жүгірді, ешқандай шағым жасамады. Сау балалардың айтуына қарағанда ауырған балалар шиеге ұқсас жеміс жеген, жемістерді біреуден қалған кесілген ағаштың түбірінен алған. Сау қалған бір баланың айтуы бойынша ол да сол жемістен жеп көрген, дәмі тәтті болған, бірақ ол тәрбиешінің тыйым салғанын есіне түсіріп, оны жұтпаған. Ауырған балалар тез арада балалар ауруханасының неврологиялық бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігер ауруханаға жатқызған кезде диагнозды бірден қоя алмады. Балалар қыдырған орманда ағаштардан басқа аюбадам (бузина), шәңгіш (калина) бұталары, жаңғақ ағашы, итжидек (белладонна) болған.

№14 есеп

«К» елді мекенінде Филатовтар жанұясында бір мезетте 6 адам - әкесі, шешесі, апасы және 3 баласы ауырып, участкелік дәрігер шақыртылды. Барлық ауырған адамдар бір типті шағымдар жасаған: бас ауруы, бас айналу, құсу, адинамия, ыстығы көтерілу, сілекей бөліну (саливация), субфебрильді қызба. Дәрігердің тексеруі кезінде ауыздың шырышты қабатының жаралануы және ісінуі, ішінің жұмсақтығы, ауырмауы, қол саусақтарының дірілі байқалған. Дәрігер айрықша ауыр белгілерді апасынан және балалардан байқаған. Барлық жанұя мүшелерін алғашқы диагнозын анықтай алмай аудандық ауруханаға жатқызған. Ауруларды сұрастыра келе дәрігер олардың кешкі астан соң 15-18 сағаттан кейін нашар сезінгендіктерін білген. Кешкі аста барлық жанұя мүшелері құймақ (жартысы сүзбемен, жартысы тосаппен), шай, қайнатылған макарон жеген. Түскі ас осы күні қайнатылған картоптан, қайнатылған еттен, жаңа пісірілген щиден, алма компотынан тұрған. Апасы мен балалар ғана түстенген. Ауырған күні тек әкесі мен шешесі таңғы ас ішкен, қалғандары өздерін нашар сезінгендіктен тамақ ішпеген. Құймаққа сүзбе жергілікті дүкеннен сатып алынған, тосап тамаққа бірнеше рет пайдаланылған. СЭҚБ-на екі күн ішінде ауру жайында хабарлама түспеген. Құймақты кешкі ас алдында апасы өзі дайындаған, қамырына тауықтың жұмыртқасын, сүт, қант қосқан. Ұнды дүкеннен сатып алмай ауырған Филатов жұмысынан алып келген. Филатов А.Н. астықты дәрілейтін машинада жұмыс істейді, дәрілеу үшін гранозан (сынаптың органикалық қосылысы) қолданылады. Филатов А.Н. астықтың дәріленгенін білмей бункерден алып жергілікті диірменде тартқан.

№15 есеп

«О» елді мекеніндегі аудандық ауруханаға 3 сағаттың ішінде 12 ауру адам түскен, барлық ауырған тұрғындар бір ауылдан, бірақ олар әртүрлі жанұядан болған. Ауруханаға түскен кездегі аурулардың жағдайы: естерінен жаңылысуы, сандырақтауы, ұстама, артериялық қысымының төмендеуі, брадикардия, қолдарының дірілдеуі байқалған. Барлық ауырғандар жұмыста және үйде түстенген, ал кешкі астарын үйлерінде ішкен. Түстен кейін аурулардың жағдайы жақсы болған, ал кешкі астан соң 3-4 сағаттан кейін әлсіздік, бас ауру, бас айналу, құсу, жүрек айну, «бұлшықеттер тітіркенуі» байқалған. Осы белгілер үдей түскен соң зардап шегушілер медициналық көмекке жүгінген. Жедел жәрдем дәрігері бірінші шақыруда диагноз қоймай екі адамды ауруханаға жатқызған. Содан кейін жедел жәрдем бекетіне 2 шақыру түсті. Осы шақыруларға да сол дәрігер барады, аурулардың жағдайы орташа ауырлықта болған. Клиникалық белгілері анық болмаған соң дәрігер диагнозын анықтай алмады. Аурулардан сұрастыра келе 3 жанұя да түскі және кешкі асты әртүрлі тағамдармен тамақтанғанын анықтады. Дәрігер 3 жанұядан да ортақ тағам таба алмай, өзінің тамақтан улануы туралы болжамын дәлелдей алмады. Ауырған адамдар көршілес көшелерде тұрған, бір жанұяда – зейнеткерлер, басқа екеуі елді мекен жұмысшылары – балалар бақшасының қызметкерлері, аудандық базаның қоймашысы болып жұмыс істейді. Дәрігер аурулардан екінші рет сұрастыру жүргізген кезде олардың балық және картоп қуырғанын, өсімдік майын пайдаланып қияр мен қызанақтан салат әзірлеген, ол май аудандық базаның қоймашысынан сатып алынған. Май бөтелкеге құйылып аузы полиэтилен тығынымен жабылған. Осы майды қоймашының жанұясы да пайдаланған. Қоймашының түсіндіруінше, қоймаға жақын күндерде өсімдік майы құйылған ыдыстар партиясы алынған, ыдыстарда заттаңба қойылмаған, бірақ нөмірленген. Тауар алуға ұсынылатын құжатта қоймаға әкелінген ыдыстарда «Д» дәруменінің майлы ерітіндісі толтырылғандығы көрсетілген. Бөлменің іші жеткіліксіз жарықтандырылмағандықтан қоймашы «3» санын «8» санына шатастырып алған және бөтелкені «8» деген ыдыстан толтырған. Тауар алуға ұсынылатын құжатта көрсетілгендей 6-8 ыдыстарында «Д» дәруменінің майлы ерітіндісі болған.

№16 есеп

Науқас А.-ны алдын ала медициналық тексеру кезінде астеновегетативті бұзылыстар, гипохромды анемия, токсикалық гепатит, гастрит, колит, невропатия белгілерінің бар екендігін анықталды. Шеткі қан анализі ретикулоцитозды және базофильді-түйіршікті эритроциттердің санының артқанын көрсетті. Тексерілушінің жолдасы мен ұлында ұқсас патология байқалды. Бір жыл бұрын әйелі жүкті кезінде түсік тастаған. Ұлы 10 жаста, бірақ оның сөздік қоры шектелген. Мектепте мұғалімдер оның сабақ үлгерімінің төмендігіне және ұшқалақтығына шағымданады. Науқасты сұрастыра келе, ол жанұя қаланың ортасында жер үйде тұратындығы және үй маңындағы учаскесінде өздері пайдалану үшін жеміс және көкөністер өсіретіндіктері анықталды. Сонымен бірге үй иелері қаймақ, сары май алу үшін сүтті өздерінің үйлеріндегі сиырдан алады. Қалада автокөліктің көп болу себебінен жолда жиі тығын болады. Әсіресе күз және қыс кездерінде тұман болып тұрады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1113 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...