Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сүт пен сұйық сүт өнімдерінің қауіпсіздігінің химиялық және радиологиялық көрсеткіштері



Көрсеткіштер Рұқсат етілетін деңгейлер, мг/кг, көп емес
  Сүтте, пахтада, сүт сарысуында, сүт негізіндегі сұйық қышқыл сүт сусындардарында Кілегейде, қаймақта
Улы элементтер:    
қорғасын 0,1 0,1
Мышьяк 0,05 0,05
кадмий 0,03 0,03
Сынап 0,005 0,005
Микотоксиндер:    
Афлатоксин М1 0,0005 0,0005
антибиотиктер    
Левомицетин Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді
Тетрациклин тобы Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді
Стрептомицин Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді
Пенициллин Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді
Тежеуші заттар Шикі сүтте рұқсат етілмейді Шикі сүтте рұқсат етілмейді
Пестицидтер:    
Гексахлорциклогексан (α-, β-, γ-изомерлер) 0,05 1,25 (майға қайта есептегенде)
ДДТ және оның метаболиттері 0,05 1,0 (майға қайта есептегенде)
Радионуклидтер, Бк/л:    
Цезий-137    
Стронций – 90    

Сүттің сапа қауіпсіздігі туралы қорытынды органолептикалық, физикалық-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша жасалады.

Жоғарыда көрсетілген гигиеналық талаптарға жауап бермейтін сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.

Органолептикалық ақаулар, қатты ластану, консервілеуші заттар, уыз қоспасы болса сүтті денатурациялайдынемесе жояды. Техникалық утилаизацияға жіберуі де мүмкін. Жекелеген жағдайларда, санэпидқызмен органдарының рұқсаты болса, ондай сүт жануарларға жем ретінде қолданылуы мүмкін (алдын ала өңдеуден кейін).

Егер сүттің сапасы төмендетілген болса (майлылығы аз, қышқылдығы жоғары, механикалық және бактериялық ластанған), онда ол тамаққа сәйкес өңдеуден кейін жіберілуі мүмкін (сүзіп, соңынан термиялық өңдеу, қышқыл сүт өнімдеріне қайта өңдеу, сүтті тағамдар мен аспаздық өнімдер дайындауға қолдану және т.б.). бұл кезде әрбір нақты жағдайда сүттің сапасының төмендеу себептері анықталып, оны өңдеу әдістері м ен пайдалану шарттары көрсетілуі керек.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1273 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...