Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фосфорорганикалық қосылыстар (фоҚ)



Пестицидтердің басқа топтарымен салыстырғанда ФОҚ кеңінен қолданылады, себебі олардың инсектицидтік белсенділігі жоғары және салыстырмалы түрде улылығы аз, олардың ыдырау өнімдерінің улылық қасиеті және ана сүтімен бірге шығу қабілетінің айқындылығы аздау.

ФОҚ тобына фосфор, тио және дитиофосфор, сондай-ақ, фосфон қышқылдарының эфирлеріне жататын октометил, метафос, метилмеркаптофос, фосфамид, карбофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 және басқа да заттар жатады.

Көпшілік ФОҚ-ың улылық әсер механизмінде холинэстеразалардың белсенді орталықтарының фосфорлануы себебінен олардың белсенділігінің нашарлануына басты рөл беріледі. Нәтижесінде ацетилхомин медиаторы жиналып, нервтік қозулардың берілуі бұзылады.

Уланудың негізгі белгілері (симптомдары) ацетилхоминнің мускарин тәрізді, никотин тәрізді және орталық әсерімен анықталады. Жеңіл дәрежелі жедел уланулар кезінде бас ауыруы, бас айналу, аяқтарында әлсіздік, мазасыздану ауызынан сілекей ағуының күшеюі, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, іш өтуі, көруінің бұзылуы, тыныс алуының қиындауы, қан қысымының көтерілуі, қандағы холинэстераза белсенділігінің төмендеуі байқалады. Улану үрдісі ауырланған кезде көрсетілген құбылыстар күшейеді. Тыныс алуы күрт қиындауы өкпеде өте көп қырылдар естіледі, бронх бездерінің гиперсекрециясы нәтижесінде көп қақырық шығатын жөтел пайда болады, оттегі жетіспеушілігі қабырға аралық тыныс алуға қатысатын еттердің салдануынан тереңдей түседі, қан қысымы жоғары, брадикардия, миоз, әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруі бұзылады, есі анық емес, елес пайда болады, жалпы сіңірлерінің тартылуы, басы, аяқ-қолдары дірілдейді, коллапс, кома, асфиксия және жүрек қызметінің құлдырауы нәтижесінде өлімге әкеп соғады. Холинэстераза белсенділігі анықталмайды.

ФОҚ-тан созылмалы уланулар кезінде емдеуге қарамастан тоқтаусыз бас ауыру, бас айналу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тағамға тәбеті болмау, жүрек айну, әлсіздік байқалады. Интелект төмендеуі, petit mal типті қысқа мерзімді есінің ауытқуы, уланудан бауыр зақымдануы, вегето-тамырлық өзгерістер болуы мүмкін.

Сынапорганикалық қосылыстар (СОҚ(тұрақтылығы айқын және ағзада жиналатын қабілеті жоғары, улылығы жоғары заттар. Олардың көпшілігі (гронозан, меркуран, меркурексан, меркурбензол) ұшқыштығына байланысты жұмыс істеген кезде едәуір қауіпті, себебі ағзаға тыныс жолымен түсуі мүмкін. Улану, сондай-ақ, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі кезінде де болуы мүмкін. Ауыр уланулар уландырылған дәнді дақылдардан жасалған тағамдарды қабылдаған кезде жиі байқалады.

СОҚ-тың әсер ету механизмі сынаптың негізгі ферменттік жүелердің SH- топтарымен әсерлесуімен байланысты. Ол ферменттердің атқаратын қызметтерінің бұзылуына әкеп соғады. СОҚ- гемато-энцефальдық кедергілерден жеңіл өтеді соның нәтижесінде олармен улану кезінде ми тіндерінің таңдамалы зақымдануы байқалады. Уланудың патогенезінде СОҚ капиллярларға улы әсері етеді және олар тін белоктарымен байланысқа түсіп кешенді антиген жасайды. Осыған байланысты СОҚ-тан уланулар кезінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жеңіл дәрежелі уланулар кезінде гингивит гастроэнтероколит, астено-вегетативтік бұзылыстар байқалады. Ауырлығы орташа уланулар кезінде мишық пен ми сабауы бөлігінің басым зақымдануымен байланысты жедел энцефалопатияның себебінен неврологиялық бұзылыстар бірінші көрінеді. Бұл кезеңінде патологиялық үрдіс қайтымды. Уланудың ауыр түрлерінде нерв жүйесінде қайтымсыз таралған (диффузный) зақымданулар пайда болады. Мишықтың, аралық мидың атқаратын қызметтері бұзылады, улану үрдісі барлық бас сүйек- ми невтерін қамтиды, шала салдану, салдану дамиды, көру және есту елестері, сандырақтау, шизофрения сыңайлы синдромдар пайда болады. Сондай-ақ, улы әсерден немесе улы-алергиялық миокардит бауырдың, бүйректердің зақымдануы да кездеседі.

СОҚ-тан созылмалы уланудың бастапқы сатысына эретизм элементтері бар астено-вегетативтік синдром дамуы, стоматиттер, гингивиттер тән. Улану үрдісінің әрі қарай күшейе беруіне байланысты нерв жүйесінің таралған зақымдануы басты орын дамиды. Улылық энцефалопатия немесе энцефалополиневрит дамиды. Нерв жүйесінің патолоиясына әдетте миокард дистрофиясы, бауырдың удан зақымдануы, гипохромды анемия қосылады.

СОҚ-улылығы жоғары және қауіпті болуына байланысты оны егістік қолданылатын тұқымдық дақылдарды өңдеу үшін пайдалануға рұқсат етіледі. Уландырған дәнді дақылдарды тағамға пайдалануға қатал тыйым салынған.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 3017 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...