Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан территориясындағы қауіпті найзағайлар және олардың болжамы



Бұлттар мен тұмандағы тамшылар мен қатты көп жағдайда зарядталған болады. Тұмандағы тамшылардың зарядтары біртектес, 25% әртектес болады. Тұмандағы тамшылардың орташа зарядтары мыңдаған элементті зарядтар. Тұманда жауын бермейтин ұсақ тамшылы бұлттар сәйкес келеді. Найзағайлар атмосферада қуатты вертикалды конвекция кезінде ылғал мөлшерінің көп болуында жиі байқалады. Сондықтан да найзағайды ерекше атмосфералық жағдайларға жатқызамыз. Қоңыржай ендіктерде (Евразия) найзағай негізінен жылы жыл мезгілдерінде байқалады. Қыста олар сирек, оңтүстік ендіктерде болады. Көп жағдайда найзағай жауын-шашынмен, қатты желмен сипатталады. Сонымен қатар найзағай пайда болуына фронтардың да үлкен әсері бар. Сәйкесінше найзағайлар фронтальді және ішкімассалық болады. Г.И. Парфенованың зерттеуі бойынша Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігінде фронтальді найзағай 81% құраса, ал ішкімассалық 19% құраған(1951-1953). Парфенова бойынша осы аймақтарда найзағайлардың дамуы мен тоқтауы туралы синоптикалық болжамдар жасалған. Даму жағдайына байланысты найзағайлар үлкен территорияда байқалуы мүмкін. Сонымен бірге найзағай жіңішке локальді болады.

Қазақстан территориясының физка-географиялық жағдайының біркелкі еместігіне байланысты найзағай даму процесі үлкен әртүрлілікпен сипатталады. Найзағайдың жиілігі мен интенсивтілігі ылғал тұрақты атмосфера күйінің барика-циркуляциялық ерекшелігіне және жергілікті жағдайына байланысты. Жиі найзағайлар жауын көп жауатын жерде байқалып, керісінше аз байқалатын жерлерге жауын аз жауатын жерлерді жатқызады. Жауынның мөлшері мен найзағайлы күндер сәуір-қазан айлары аралығында республиканың далалы бөлігінде жақсы корреляционды байланыс байқалады. Сондықтан да Қазақстандағы жылдық найзағайлы күндер саны жалпы географиялық найзағай таралуымен сәйкестенеді. Найзағайдың көп байқалатын аумағы қатарына тау алды, Алтай, Жоңғар, Іле Алатаулары жатады. Бұл фронтальді процестердің орографиялық күшеюімен түсіндіріледі. Осы аймақтарда орташа жылына 25-30 күн найзағай байқалуы мүмкін. Найзағайлы күндер оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай өседі. Қызылқұм шөлі зонасында найзағайлы күндер саны 5 дейін төмендейді. Бұл құрғақ аймақтарда бұлттылықтың мөлшерінің аз болуымен түсіндіріледі.

Соған байланысты, Қазақстанның шөлді зонасында бұлттың пайда болу процесі әлсіз дамыған.Мұнда су буының конденсация деңгейі жоғары болады дала ж/е орманды далаға қарағанда.Шөл зонасынан өтетін фронт әдетте сейіліп кетеді,жауын шашын аз болады кейде тіпті болмайды.Найзағайдың күшейуіне жергілікті орография елеулі әсер етеді. Бұл Қазақстанның оңт-шығ және шығ сондай ақ Мұғалжар тауларында ж/е қазақ ұсақ шоқысында анық көрсетілген.Тау алды, ж/е тау аймақтарында найзағайдың жиілігі көбірек болады, жазықтарға қарағанда,бұл фронттардың күшейуімен ж/е бұлт пайда болуының конвективті процесстермен байланысты болады.

Қазақстанда жылы жарты жылдықта жауын шашын,жылдан жылға тұрақсыз ол деген оның шұғыл континентальды климатына сәйкес.Соған байланысты найзағай жеке жылдарда аз болады көп болады,әсіресе найзағай максимумының ошағында- дала ж/е орманды далада,тау алдында ж/е таулы аймақтарында.Найзағайдын жылдық мөлшерінің ауытқу ықтималдығы жеке жылдарда кестеде көрсетілген.Интенсивті найзағай жылдарында маусым б/ша найзағай болатын орт кун саны Қ-ң көптеген бөліктерінде 1,5-2,5 есе көбейеді.Республиканың оңт-де бұл жылдары олардың саны15-20 орталық зонасында 20-35 найзағай көп ошақтарын Көкшетау- Атбасар-Қарағанда 40 тан асады ал таулы аймақтарында 50-60 күн найзағай болады жылы жарты жылдықта.Ал найзағайдың аз болған жылдары керісінше олардың саны 12-18 маусым б/ша азаяды.Қазақстанда найзағай мүлдем байқалған аудандар бар.Мысалы 1909-1913 ж аралығында Қызылордада,1899-1911 Түркістанда,бірде бір найзағай байқалмаған.Найзағайдың біркелкі емес таралуы Қ-ң территориясы б/ша негізінен макроциркуляциялық процестердің ай б/ша жылы жырты жылдықта әртүрлі қайталанушылығына негізделеді.М.Х Байдал көрсету б/ша Е циркуляциясының кушеюі,суық ауа массаларының Қ-ң солт кіруі мен байланысты найзағайдың солт-шығ оңт – шығ кушеюіне әкеледі.Осы типтегі циркуляция найзағай ықтималдығының көбейуіне байланысты Қ-ң қалған бөліктерінде оңт бат ж/е бат санамағанда олар осы уақытта бірден төмендейді.С циркуляциясы керісінше оңт шығ найзағай тоқталады.Ал ендікті типтегі найзағай циркуляциясы солт аудандарда байқалады.

Теримкалық жағдайда найзағайлардың пайда болуы Қ-ң оңт аудандарында – наурыз айының орталарында ал солт – мамырдың бірінші декадасында.

Найзағайлардың тоқталуы солт Қ-да тамыздың аяғында қыркүйектің басында ал қиыр оңтүстікте қыркүйектің 2-ші жартысында.

Кейбір жылдары бірінші және соңғы найзағайдың орын ауыстыруы байқалады. Оңтүстік аудандарда кей жылдары өте сирек қыс уақытында да найзағайлар байқалады

Жазғы күндізгі найзағайды синоптикалық – статистикалық





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 568 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...