Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Термикалық депрессияның тәүліктік жүрісі



Ортаазиаттық термикалық депрессия дегеніміз Орта Азияның оңтүстік-шығысында ашық құрғақ ыстық және сағымды ауа райы кезінде төменгі тропосферада циклондық циркуляциясы анық болатын фронтсыз төмен қысымның аумағымен сипатталатын синоптикалық процесс. Кәдімгі циклондардан термикалық депрессия атмосфералық фронттың жоқ болуымен, азжылжымалдылығымен және өзінің даму процессінде циклонның кәдімгі даму кезеңдерін өтпейтіндігімен ажыратылады. Оның тәуліктік жүрісі байқалады - күндіз тереңдеп, аумақ бойынша кеңейеді және түнде толады. Күндізгі қысым градиенттерінің өсуі желдің күшеюімен және шаңды борандармен өтеді.

Термикалық депрессияны қалыптастыратын негізгі факторлары болып шөлдерде ауаның қызуы және орографиялық әсерлер табылады. Ол белгілі бір синоптикалық жағдайда пайда болады. Субтропикалық антициклонның біреуі батыста (Жерорта теңізінің шығысында, Месопотам мен Иранның батысында) орналасады, екіншісі шығыста Тибет тауында байқалады. Екі антициклонда, алдыңғы азиаттық термикалық депрессияның қалыптасуында маңызды рөлді атқаратын биік жырамен бөлінеді. Батыс антициклон, шығыс антициклонға қарағанда, әдетте қарқындырек және одан солтүстік-шығыста Орта Азияның батыс және орталық бөлігіне жылы биік жота дамиды. Сонымен қатар жотаның оң жағында Батыс Сібірден Памирге қарай созылып жатқан ультраполярлы биік жыра дамиды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде тропикалық ауаны қоңыржай ендіктің ауасынан бөлетін ЖФА орналасады және ол Орта Азияға суық ауа массаларының енуіне кедергі болады.

Суық енулерден шектелу 2 – 3 тәулік жалғасады, сол арада термикалық депресияның дамуы болады. Депрессияның толуы суық енудің нәтижесінде болады. Термикалық депрессияның пайда болуының болжауы Орта Азияның батыс немесе орталық бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағдарланған жылы биік жотаның дамуының болжамына келеді. Термикалық депрессия жоғары температура кезінде (35 - 40°) дамиды. Максималды температура оазистерде 40 - 45° және шөлдерде 48 – 50 °С жетуі мүмкін. Термикалық депрессия болған кездер атмосфераның қатты ластануымен және мгланың пайда болуымен сипатталады. Горизонталды көріну қашықтық 4 - 10 км-ге дейін, кейде 2 - 4 км-ге дйін төмендейді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 707 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...