Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азжылжымалы циклонның ауа райы



Шығыс жырада қалыптасқан Аз жылжымалы циклонда бұлыңғыр және жиі болатын, бірақ қысқа мерзімді жауын шашын байқалады. Азияның шығысында және таулы аймақтарда жылы тропикалық ауа қалыптасады. Циклонның толу фазасында ғана ауа райы суытады. Батыс жырада қалыптасатын биік аз жылжымалы циклонда салыстырмалы түрде жылы және ылғалды ауа райы байқалады. циклон аз жылжымалы болғанда суық ауа бөлек пропорциямен енеді және екінші суық фронтпен пайда болады және олар таулы аймақтарға қарай оңтүстік шығыс бағытымен жылжиды. Оладың өтуі ауа райының бұзылуымен бірге болады. Ауыспалы мерзімдерде конвективті құбылыстар пайда болады. Суық ауа төмен жағында ғана жылжиды. Нәтижесінде үлкен вертикалды температуралық градиент пайба болады. Таулы аймақтарда нөсер мен найзағай қалыптасады. Аз жылжымалы циклонның алдынғы бөлігінде конвективтік тұрақсыздық суық мерзімде де болады. Суық мерзімде екінші суық фронттың өтуі ауа райының салқындауына алып келеді. Жазда температураның күрт төмендеуі биік аз жылжымалы циклон пайда болмай тұрып байқалады. жазық жерлерде жауын шашын әлсіз болады. Ал таулы аймақтарда қарқындылығы өседі. Қыста және ауыспалы мерзімдерде аралас жауын шашын жауады. Жер бетінде аз жылжымалы циклон аймағында желдің күшеюі екінші суық фронт өткеннен кейін байқалады. Биік деңгейде (700 гПа деңгейінен жоғары) күшті желдер жиі байқалады. аз жылжымалы циклонды атмосфераның төмен қабатында St және Sc бұлттарының тегіс жамылғысы байқалады. циклонның орталығында бұлттың төменгі шекарасы 5-6км аспайды.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 510 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...