Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан территориясы бойынша шаңды дауылдың таралуы, шаңды дауылдың қалыптасуына қолайлы синоптикалық жағдайлар



Шаңды немесе құмды дауылдар дегеніміз атмосфераны бұлынғырландыратын және көріну қашықтығын тез төмендеттіретін үлкен көлемді шаң мен құмның күшті желмен тасымалдануы болатын құбылыс. СССР аумағында шаңды дауылдар негізінен оңтүстік аймақтар мен шөлдерде байқалынады. Негізінен Қазақстанда, Орта Азияда, Украинада, Солтүстік Кавказда, және Алыс шығыстың кейбір аудандарында байқалынады. Шаңды дауылдар негізінен жазда байқалынатын құбылыс. Бірақ оңтүстік аймақтарда олар қыстада дамуы мүмкін, өйткені мұнда қарлы беткей өте тұрақсыз және жауын-шашын болмаған жағдайда топырақ беті тез кеуіп кетеді. Шаңды дауылдардың құрылуының негізгі себебі шаң мен құмның жер бетінен көтерілуіне көмектесетін желдің турбуленттік структурасы.

Атмосфераның вертикалды шаңдануы 1-2 м–ден 6-7 км–ге дейін өзгеруі мүмкін.

Шаңды дауылдардың тәуліктік жүрісінде максимумы түсте және түстен кейінгі сағаттарда, минимумы түннің екінші жартысында және таңертең, яғни бұл жүріс жел жылдамдығының жазғы тәуліктік жүрісіне ұқсас.

Қазақстанда сәуірден қазанға дейін шаңды дауылдар бақыланады.Ол топырақ эрозиясына және авиацияның дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Қарашадан наурызға дейін шаңды дауылдар аз болады.Тек Қызылорда және Жусалы пункттерінде бұл айларда шаңды дауылдар болуы мүмкін. Көп жылдық бақылаулардың қатарында шаңды дауылды күндердің таралу саны аз. Мысалы: Қарағанды облысында жек станцияларда шаңды дауылдар жылына 8-ден 26 жағдайға дейін байқалады.

Шаңды дауылдар максимумы 13-17сағ және минимумы ерте және кешкі түнгі сроктармен сипатталатын тез өзгеретін тәуліктік жүріспен ерекшеленеді. Орал, Ақтөбе, Астана, Семей, Атбасар, Қарағанды, Қостанай станцияларында шаңды дауылдар таңғы 10-дарда басталып және 20 сағаттарда аяқталады. Ал Жусалыда шаңды дауылдар жиі күннің екінші жартысында бақыланады. Шаңды дауылдардың ұзақтығы олардың қайталану жиілігіне тәуелді; Егер шаңды дауылдар бір станцияда жиі байқалатын болса, онда оның жалғасу ұзақтығы көп болады. Негізінен шаңды дауылдар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 15-45 минут аралығында. Қазақстанның барлық станцияларында шаңды дауылдардың ұзақтығы 6-7 сағат. Тек Алматыда ғана олар қысқа мерзімді болып келеді. Ал Орал, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Семей, Атбасар станцияларында ұзақтығы 10-12 сағаттық шаңды дауылдар бақыланған. Қазақстан, Жамбейты, Жусалы станцияларында ұзақтығы 15 сағаттық және одан жоғары шаңды дауылдар байқалған.

Осы құбылыстың болжауы күшті желдердің болжауына ұқсас. Шаңды дауылдар жиі жоғары барикалық құрылымдардың перифириясында дамиды. Сонымен қатар шаңды дауылдар солтүстік бағытқа қарай орналасқан биік циклонның құрамына кіретін аз жылжымалы фронттың өтуімен байланысты бақыланады. Мұндай фронттарда орографияның әсерінен жергілікті шаңды дауылдар мен кішігірім толқындар пайда болуы мүмкін. Шаңды дауылдар бұл жағдайда тек қана циклонның суық фронтында ғана емес, сонымен қатар суық фронттан 400-600 км арақашықтықта орналасқан жылы секторде де байқалуы мүмкін. Жергілікті шаңды дауылдардың пайда болуының физикалық жағдайы болып термикалық турбуленттілік табылады.

Шаңды дауылдар жиі биік антициклондардың перифириясында бақыланады. Шаңды дауылдардың пайда болу аймағын биік антициклондардың орналасқан орны анықтайды. Мысалы: егер антициклон Обь өзенінің орта ағысында орналасса, онда Целиноград, Семей, Аягөз, Павлодар, Қостанайда шаңды дауылдар байқалады. Антициклонның тұрақталу уақытынан бұзылуы басталатын уақыт аралығы 1-3 күн аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында сол пунктте, кейде көрші пункттерде күндізгі уақыттарда антициклонның жоғары перифириясында жиі шаңды дауылдар бақалынады. Мұндай шаңды дауылдардың пайда болуының жағдайларын қарастырсақ.

Биік антициклонның перифириясында жел өзінің бағытын жоғары биіктерге дейін өзгертпейтін немесе өте кіші бұрыштарға бұрылатын жерлерде жердегі барикалық градиенттер үлкен болмауы мүмкін. Бірақ күндізгі жылыну мен термикалық турбуленттіктің дамуынан желдің жылдамдығы градиенттікті басып озады. Және бұған антициклонның перифириясында бақыланатын атмосфераның вертикалды тұрақсыздығы әсер етеді. Негізінде температураның вертикалды градиенттері 0,5-1,0 км биіктіктерде аз немесе теріс таңбалы болып келеді. Ал биіктеген сайын ол өседі және ылғал адиабатаны басып озады. Егер антициклон биік бола бастаса, онда оның оңтүстік және шығыс перифириясында жел күшейеді деп тұжырым жасауға болады. Биік циклонның оңтүстік және оңтүстік-шығыс перифириясында пайда болатын шаңды дауылдар қысқа мерзімді болып келеді.

63. Қазақстан территориясы бойынша қарлы боранның таралуы, қарлы боранның қалыптасуына қолайлы синоптикалық жағдайлар.

Қарлы боран деп- жер бетінен күшті жел әсерінен қардың тасымалдануы. Қарлы боранның үш түрін бөліп қарастыруға болады.

Қарлы боран қауіпті құбылыс болып табылып, теміржол және автокөлік транспортында(жолдың жабылуы), авиацияда (көріну қашықтығының төмендеуі), ауылшаруашылығында (далардан қардың үрленіп кетуі) үлкен зияндарымен сипатталады. Қар жамылғысының күшті жел әсерінен тасымалдануының қолайлы жағдайлары болып, қар түсуі алдында беткей үстінде мұз жамылғысының қалыптасуы жатады.

Тәжрибеде қауіпті қарлы борандарды болжауда оның қайталанушылығы мен жел жылдамдығына тәуелділігіне негізделген. Егер қайталанушылығы 3сағат және жел жылдамдығы 10м/с жоғары болса, онда мұндай қарлы борандар қауіпті болып саналады. Ал қайталанушылығы 12 сағат жел жылдамдығы 15м/с жоғары, сонымен қатар метеорологиялық көріну қашықтығы 50м төмен болса, онда өте қауіпті қарлы боран деп есептеледі.

Қарлы борандардың дамуының негізгі себептері барикалық градиенттердің өсуі болып табылып, бұл өз кезегінде атмосфералық фронттар мен циклондармен тығыз байланысты. Айтарлықтай күштірек қарлы борандар терең жыралармен негізделеді, өйткені ол желдің күшейюіне әкеледі. Әсіресе қарлы борандық алқаптың әрекетінің үлкеюіне циклонның күшейіп келе жатқан антициклонға жақындауы үлкен әсерін тигізеді. Қарлы борандық әрекеттің қайталанушылығына жергілікті жағдай сипаты да әсерін тигізіеді. Бұл әсіресе орманды аймақтарда анық байқалады. Желден сақтандырылған далалар мен орманда алқаптарда қарла боран аз байқалады, ал ашық жерде, шатқалда тіпті кішігірім жоталарда қарлы боран үлкен қайталанушылығымен сипатталады. Таулы аймақтарда қарлы боран қайталанушылығы оның одан сақталуы мен рельеф формасына, шатқалына, теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты. Сәйкесінше шатқалдың желді беткейінде қарлы боран қайталанушылыға өсіп, ал желсіз беткейінде төмендейді.

Қазақтанның солтүстік және салтүстік-батысында қайталанушы, қатты, қарлы, сонымен қатар желдің айтарлықтай жылдамдығының болуы қарлы боранның дамуына әкеледі. Мұнда орташа алғанда 20-30 күн қауіпті қарла борандар болады. Мұғалжар таулы аймағы мен қазақтың ұсақ шоқысының солтүстігінде, Алтай тауалдында қыста қауіпті қарла боран 40 күнге дейін жетеді. Республиканаң оңт бөлігінде қауіпті қарлы боран қайталанушылығы орташа алғанда 1-10 күді құрайды, Тянь-Шань тауы солтүстік бөлігінде 10 күннен асады. Оңт Қазақстан станциялары қатарында қауіпті қарлы боран байқалмаған. Жылдық жүрісінде қауіпті қарлы борандардың көп қайталанушылығы қаңтар айына сәйкес келіп, республиканың солт 1-8 күн, оңт 1-4 күнді құраған. Жекелеген пункттерде қауіпті қарлы боран қайталанушылығы максимумы 9-10 күнді құраған(Ерементау, Муғалжар, Новосибирское, Берчогур). Желтоқсан мен ақпан айында қауіпті қарлы боранды күндер саны қаңтарға қарағанда аз, дегенмен кейбір аудандарда максимум желтоқсанға немесе ақпанға ысырылған. Мысалы солт аудандарда желтоқсан мен қаңтар, ал оңт аудандарда қаңтар мен ақпан. Наурыз айында қаңтар мен ақпанға қарағанда құбылыс аз байқалып, солт 2-4 күн, оңт 1-2 күн аралығын құрайды. Қараша айында жалпы қауіпті қарлы боран 1-3 күнді құраса, оңт 1 күн оданда кем болуы мүмкін. Қазан мен сәуірде жыл бойынша қарастырылып, солт 3-9 күн 10 жылда, 1-2 күн 10жыл аралығын қамтиды.

Азақстан территориясында штормдық аймақтардың қалыптастасу жағдайлары. Осы процесс кезінде болатын қауіпті және өте қауіпті құбылыстар.

Қазақстанның территориясы рельефтің үлкен біркелкі еместігімен ерекшеленеді, сондықтан жалпы циркуляцияға, рельефтің әртүрлілігімен (таулар, жазық далалар, ірі көлдер және т.б.) қалыптасқан жергілікті циркуляция қосылады. Жазық далада әлсіз немесе орташа жел байқалатын болса, тау алды мен тау шатқалдарында жел қатты күшеюі мүмкін. Егер жазық далада күшті желдің пайда болуына қолайлы қысым алқабы қалыптасса және рельефтің физико-географиялық ерекшеліктері оның күшеюіне ықпалын тигізсе, онда күшті желдер үлкен территорияда байқалады. Мұндай жағдайда жергілікті орографиялық желдер дауылды күшіне дейін жетеді. Әсіресе үлкен жылдамдыққа Жоңғар қақпасындағы оңтүстік-шығыс (евгей) және солтүстік-батыс (сақан) желдері жетеді.

Сайқан желі пайда болуы үшін Шығыс Қазақстан мен солтүстік-батыс Қытайдың арасында жер бетінде қысымның белгілі бір градиентінің болуы қажет жағдай болып табылады. Осы сияқты қысымның ауытқуы Шығыс Қазақстанға солтүстік, солтүстік-батыс немесе батыс суық енулер болғанда қалыптасады. Евгей желінің пайда болуы Жоңғар қақпасының үстінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытында қысымның төмендеуімен байланысты. Мұндай жағдай Жоңғар қақпасының үстінде азиаттық антициклонның оңтүстік-батыс немесе батыс перифериясы, ал Қазақстан мен Орта Азияның үстінде төмен қысымның аймағы орналасқанда қалыптасады. Осы кезде Жоңғар қақпасының оңтүстік шетінде ауаның жиналуы болады және ол жіңішке тау асуынан өте бастайды. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстігінде орографиялық желдер көп жағдайда жылдың суық жартысында пайда болады, және жиі өте төмен ауа температурасы кезінде қарлы борандармен бірге болады. Осы аудандарда желдің күшеюі әдетте келесі синоптикалық процесстермен байланысады:

1.Сібір антициклоны Монғолия, Алтай өңірінің үстінде орналасады, оның сілемі Қазақстанның оңтүстік-шығыс және орталық аудандарына бағытталады. 5 км биіктікте оған, осі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағдарланған, жота сәйкес келеді. Кавказ бен Каспий теңізінің үстінде циклондар дамиды, олар әдетте төмен қысым жүйесі болып табылады. Сібір антициклонның батыс перифериясы бұл жағдайда бұзылады, ал оның орталығы шығысқа қарай жылжиды. Осындай синоптикалық жағдайда күшті жел көбіне Шелекте пайда болып, 2 тәуліктен 4 тәулікке дейін созылады. Қысым орталықтары сәл шығысқа жылжыған кезде желдің күшеюі Шелекте, Шоқпарда, Анархайда, сирек Айдарлыда, Іледе, Куртыда және Новотроицкіде байқалады.

2.Суық ауа массалар суық фронттын артынан Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандарына

солтүстік-батыстан енеді. Биік циклонның орталығы батыс Қазақстанда немесе Оралдың оңтүстігінде орналасады. Жырада 700 гПа деңгейінде анық көрсетілген меридионалды сипаттамасы болады. Жыраның осі Орта Азияның шығыс аудандарына (70-75 °ш. б.) жеткен кезде, осы уақытта әдетте Қордайда, Шоқпарда, Шелекте, Анархайда, сирек Новотроицк пен Айдарлыда желдің күшеюі болады. Егер антициклонның шығысқа қарай жылжуы 40 ° с.е. солтүстікте болса, онда күшті жел аталған аудандардың барлығында болады. Егерде антициклон оңтүстік траекториясымен жылжыса, онда желдің күшеюі Қордай мен Шоқпарда байқалмайды. Алматыда, Жаркентте Талдықорғанда жел 1,5-2,0 км-ге дейін солтүстік-шығыс бағытта соғады, одан жоғары ол бағытын оңтүстік-батысқа өзгертіп, жылдамдығы күрт күшейеді.

3.Суық ауа массаларының солтүстік енуі, орталығы 099..детте Батыс Сібірдің шығыс аудандарында орналасатын толып келе жатқан циклонның артында болады. Бұл циклонның жырасы Қазақстанның шығыс аудандарына бағытталған және биік карталарда АТ700 бен АТ500 анық көрінеді. Вертикалды алымдылығы 1500 м жеткенде ол Жеті-Жол мен Шу-Іле тау жоталарының төмендеген жерлерімен аса бастайды жіне дауылды желдерді қалыптастырады; сирек және желдің әлсіз күшеюі Шелек пен Анархайда байқалады. Аталған синоптикалық процесстерде жоғарыда айтылып өтілген барлық станцияларда негізінен шығыс бағыттағы желдердің күшеюі болады. Тараз ауданында күшті (V ³ 15 м/с) және дауылды желдер белгілі бір синоптикалық жағдайларда (батыс, солтүстік-батыс және солтүстік енулерде) болады, яғни суық ауа Қаратау жотасынан асқанда және жылырек жеңіл ауаны ығыстырғанда пайда болады. Асу жотасында ток сызықтарының шоғырлануының арқасында және де ауырлық күшінің әсерінен таудын ық жағында (Тараз ауданы) суық ауаның жылжу жылдамдығы өседі, және неғұрлым фронт температура алқабында анық болса, соғұрлым жиі жылдамдықтың күшеюі қатты болады. Сондықтан, күшті желді (V ³ 15 м/с) және дауылды желді болжау үшін батыс, солтүстік-батыс және солтүстік енулермен байланысқан суық фронт Тараз ауданынан жылжыған кезде суық және жылы ауа массаларының арасындағы ауа температурасының күтілетін айырмашылығы (контраст) қолданылады.

Батыс ену болғанда Арал теңізінің маңында циклогенез жағдайлары және оның штормдық аймақтың қарқындылығына әсері.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1827 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...