Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Жоғары білікті мамандарды даярлау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және өлшемдік жүйесі



Негізі ұғымдар: кәсіби білім, жоғары білікті маман, оқытушыларды аттестациялау, өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби құзыреттілік, оқытушының жеке басына және мамандығына қойылатын талаптар, т.б.

Мазмұны: Кәсіби білім беру жоғары квалификациялы педагог кадрларын даярлау жүйесі ретінде. Оның ерекшеліктері. Кәсіптік адам және қоғам өміріндегі орны жастарды оны таңдауына бағыт беру. Мұғалімдердің кәсіптік даярлығының құралы– өзін-өзі тәрбиелеу. Білім беру мекемелерінің педагогтарының кәсіби құзыреттілігі (компетенциясы). Ұстаздың жеке басына және оның мамандығына қойылатын талаптар.

Оқытушының кәсіби біліктіліктері:

теориялық білім;

практикалық білім;

психологиялық-педагогикалық білім;

арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім;

тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;

оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажетті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі болмыс тәсілі, әр түрлі білім процесі мен жүйелерінің мазмұны, түрі және әдістері деңгейінде жаңа педагогикалық шындықты туғызу білігі;

кәсіби білікті мұғалім рефлексияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Кадр мәселесінің бүгінгі жағдайларына көңіл аударыңыз. Бүгінгі күнгі орнын анықтауға талпыныңыз.

2. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы неге байланысты?

3. Кәсіби біліктілік құрамына жататындарды атаңыз.

4. Мұғалімнің теориялық даярлығының мазмұндарының – аналитикалық, прогностикалық, жобалау және рефлексивті біліктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.: Педагогика. 1990.

2. Загвязинский В.И. Методология и методы диалектического исследования. – М., 1982.

3. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования. Учебное пособие для студентов высшего пед.учеб.завед. – М.:Академия, 2001. – С.200.

4. Ильенков Э.В. Диалектическая логика. – М.: Политиздат, 1974.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1276 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...