Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістің жоспары. 1 Еңбек қорларды мен еңбек өнімділік мәні



1 Еңбек қорларды мен еңбек өнімділік мәні

2 Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі

Еңбек өнімділігі деп оның жемістілігі немесе тиімділігін, яғни нақты еңбектің жұмыс бірлігі уақытында халық шаруашылығында өнімнің белгілі бір санын жасау қабілеті ұғынылады, ал ол құрылыс саласында уақыт бірлігінде орындалған(өндірілген) құрылыс-монтаж жұмыстарының санымен немесе құрылыс-монтаж жұмыстары бірлігіндегі уақыт шығынымен(еңбекті көп қажет етуімен)өлшенеді.

Еңбек өнімділігінің деңгейі мына формулалар бойынша айқындалады:

В= немесе Тр=

мұндағы В-өнім;

Тр- еңбекті қажет ету;

Т-құрылыс монтаж жұмыстарының көлемін орындауға жұмсалған жұмыс уақыты;

Q-құрылыс –монтаж жұмыстарының орындалған көлемі.

Құрылыста еңбек өнімділігін өлшеудің құндық, натуралдық және нормативтік әдістері қолданылады.

Құндық әдңс құрылыс балансындағы құрылыс – монтаж жұмыстары мен қосалқы өндірістегі бір жұмыс істеушіге уақыт бірлігі үшін сметалық құн бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы көлемін өндіруді айқындайды. Бұл әдіс барлық құрылыс ұйымдарында еңбек өнімділігінің деңгейін жоспарлауға, есеп жүргізуге және талдауға қолданылады. Құндық әдіспен есептелген өнім қазіргі уақытта құрылыстағы еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Алайда бұл көрсеткіштің көп кемшіліктері бар, оның көмегімен құрылыс ұйымының, учаскенің және әсіресе, бригаданың, өйткені құрылыс- монтаж жұмыстарының материалды көп қажет ететіндігі әсер етеді, қызметтің нәтижесін әрқашанда объективті бағалауға бола бермейді.

Еңбек өнімділігін өлшеудің натуралдық әдісі өнімді (өнімнің санын немес жұмыстарды) жұмыс уақытының бірлігіне немесе өнімнің жұмыстардың бірлігіне шаққандағы жұмыс уақыты шығындарының санына (тұрғы үйдің 1 м3, труба құбырының 1 км және т.б.)натуралдық түрінде айқындалады.

Бір жылға арналған бір жұмысшының өнімі (Вг) мына формула бойынша есептеледі:

Вг =

Мұндағы Т-жылдағы жұмыс күшінің саны;

К- жұмыс уақытының жылдық балансын пайдалану коэффициенті(немесе өндіргіш шығындардың коэффициенті);

t-жүмыс күшінің орташа жылдық ұзақтығы, сағат;

К1- өнімді орындаудың орташа процентін білдіретін коэффициент;

TH- шартты көрсетілген жұмысты орындауға кеткен нормативтік уақыт(1 м3 қалау, 1 орын мектепте т.с.с.).

Жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген натуралдық өнім, яғни өнімнің саны еңбек өнімділігінің объективті әрі дәлелді көрсеткіші болып табылады. Натуралдық өлшемдерде өнімді өндіру көрсеткіштері орындалған жұмстардың көлемі мен оған жұмсалған жұмыс уақытын тікелей салыстыра өлшемдеуге береді, жұмыстардың түрлері бойынша өнімнің бірлігіне арналған еңбек шығындарын талдауға, өндірісті ұйымдастырудағы әлсіз жерлерді айқындауға, еңбек өнімділігінің өсу резерві ерекшелеп көрсетуге мүмкіншілік береді.

Нормативтік әдіс нормамен салыстырғанда бригадалардың, буындардың немесе жекеленген жұмысшылардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану дәрежесін айқындау кезінде қолданылады.

Мұнда проценттермен белгіленген нормалардың орындалу көрсеткіштері пайдаланылады, ол құрылыс- монтаж жұмыстары өндірісіндегі жұмыс уақыты нормативтік шығындарынң іс жүзіндегі еңбек шығындарына қатынасын білдіріп, мына формуламен айқындалы:

ВН =

Мұндағы ВН – норманы орындау көрсеткіші, %;

– жұмыстарды орындаудың нормативтік уақыты, адам/ сағат;

– осы жұмысты орындауға іс жүзінде жұмсалған уақыт, адам/ сағат;

Нормативтік әдіс есептеудің күрделілігіне байланысты шектеулітүрде қолданылады және осығанорай еңбек өнімділігінің абсолюттік деңгейі туралы ұғым бермейді. Бұдан басқа осы ңдісбойынша есептелген көрсеткіш еңбек өнімділігінің өсуіне өндірістімеханикаландыру факторының әсерін ескермейді, өйткені қол еңбегі мен механикаландырылған жұмыстарға өнім өндірудің әртүрлінормалары белгіленеді,сол себептіол белгілі бір уақытішіндеорындалған жұмытардың саны туралы толық мәлімет бермейді.

Өнеркәсіппен құрылыстағы еңбек өнімділігінің деңгейі өнімнің еңбекті көп қажет ететіндігімен немесе жұмыстармен сипатталады. Есептеу әдісіне байланысты нормативтік, жоспарлы және іс жүзінде еңбек қажеттілігінажыратады.

Нормативтік еңбекті қажет етушілік тиісті өнімді өндіруге және еңбек шығындарын калькуляциялауға қажетті құрылыс процестерінің бүкіл кешенінеарналған уақыттың қолданыстағы өндірістікнормаларының негізінде есептеледі.

Жоспарланған ұымдық– техникалық жоспарлы еңбектің көп жұмсалуы өнім өндіруге немесе жұмыстарға арналған еңбек шығындарыназайту жөніндегі басқа да шараларды жүзеге асыра орындалудыескерген нормативтікеңбектің көп жұмсалуы көрсеткіштерінің негізінде (әдетте калькуляциялар бойынша) айқындалады.

Іс жүзіндегі еңбектің көп жұмсалымы жұмыс уақытыныңіс жүзіндегішығындарын өнімнің немесе жұмыстардың орындалған көлеміне бөлумен айқындалады.

Еңбектің көп жұмсалымының көрсеткіштері еңбек өнімділігінің деңгейлерін есепке алу, жаңа құрастырмаларды, материалдар мен технологиялық процестерді қолданудың тиімділігін, сондай–ақ механизмдердің көмегімен орындалған жұмыстардың бірлігіне немесе бүкілкомплекскеарналғанеңбек шығындары айқындалатын құрылыс– монтаж жұмыстарын механикаландырудыңтиімділігінбағалау үшін қажет.Оларды объектілердің құрылысындағы еңбек ресурстарын тұтыну есебін алу үшін қолданады.

Құрылыста еңбек өнімділігін ғылыми– техникалық прогрестің жетістіктерін ендіру,іірілендірілген жинамалы құрастырмаларды, тиңмдң материалдарды, құрылыс – монтаж жұмыстарын жан – жақты механикаландыруды қолдану, сондай – ақ өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту нәтижесінде құрылыстың техникалық деңгейін өсіруесебінен арттыруға болады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1224 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...