Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету түрлері мен әдістері және олардың тиімділігі



Құрылыс өндірісінің қызмет көрсетуінің барлық ұйымдастыру мәселелерін жүйелі және кешенді түрде қарастыру ұсынылады, өйткені құрылыс алаңына келіп түскен конструкциялардың, бұйымдардың және басқа материалдардың, энер­гетикалық ресурстардың, технологиялық жабдықтардың және т.б. сапасы шығарылатын өнімдер – ғимараттар мен үймереттердің (қызметтердің) бәсекеге қабілеттігіне байланысты.

Құрылыс өндірісіне қызмет көрсету ұйымдары енгізеді: материалдық-техникалық қамтамасыз ету, энергетикалық, жөндеу, көлік және қойма шаруашылығы, сапаны бақылау.

Осы процестің негізгі міндеттеріне жатқызуға болады: S осы құрылыс жүйесін материалдық-техникалық ресурстармен мен менеджмент жүйесінде қамтамасыз етуді анықтау;

- қарастырылатын құрылыс өндірісі қызметінің мақсаттарын анықтау;

- мақсаттарды орындау бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды қалыптастыру; S материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету қызметінің құрылымын және оның функцияларын әзірлеу;

- құрылған қызметтің қызмет көрсеткіштері мен факторларын анықтау;

- менеджменттің прогресшіл тәсілдерін қолдана отырып, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету қызметінің стратегиялық тактикалық және жедел жұмыс жоспарын әзірлеу мен іске асыру;

- жоспарды орындауды бақылау мен уәждендіруді қамтамасыз ету; -осы қызметтің жұмыс тиімділігін талдау. Құрылыс кешенінде қазіргі заманғы жағдайда ресур­стармен қамтамасыз етудің келесі түрлері (әдістері) таралған:

- тауар-шикізат биржасы арқылы; -тікелей байланыстар; -аукциондар, конкурстар; -демеушілік;

- меншікті өндіріс және т.б.

Құрылыс ұйымдарын (фирмаларын) материалдық-тех­никалық ресурстармен қамтамасыз етудің нақты түрін (әдісін) олардың ерекшеліктеріне, оларды алу ұзақтығына, ұсыныстар санына, сондай-ақ сапасына, бағасына және басқа факторларға байланысты таңдайды. Құрылыс өндірісін ресурстармен қамтамасыз ету түрлерін анықтау кезінде жеткізушіге деген сенімділік пен шығарылатын құрылыс конструкцияларының, бұйымдардың және басқа материа­лдардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін белгілеу керек. Жеткізушілермен келісім-шарт жасасқан соң ондағы сандық және сапалы көрсеткіштерді, жеткізудің нақты түрлерін, мерзімін, санкцияларды және басқа талаптарды көрсету қажеттілігі туралы есте сақтау керек.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тікелей немесе делдал арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында келісім-шарттар мен ұйымдастырушылық байланыстар негізінде өндіріс құралдарын тарату түрі болып табылады. Ол маңызды шамада құрылыс өндірісінің нәтижелігін қайта анықтайды, өндірістік қорларды пайдалануға, құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің ырғақтылығына, өзіндік құнына, еңбек өнімділігіне, құрылыстың ұзақтығына және басқа көрсеткіштерге тікелей әсер етеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1197 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...