Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Құрылыс нарығы – 2 сағат



Дәрістін жоспары

1. Құрылыс нарығының ерекшеліктері

2. Құрылыс нарығының ақпараттық жүйесінің міндеттері

3. Құрылыс нарығын ұйымдастыру құрылымы

1 Құрылыс нарығының ерекшеліктері

Құрылыс кешенінде нарықтық қатынастарды іске асыру күрделі құрылыстың барлық саласы үшін жалпы ерекшеліктері болады: біріншіден, жерге байластыру, құрудың ұзақ мерзімдік мерзімі, күрделі салымдардың бір уақыттық шығындары, ал екінші жағынан – құрылыс қызметінің түрлерінің (салаларының) өзіндік ерекшелігімен байланысты ерекшеліктер. Тұрғын үй-азаматтық құрылыспен айналысатын құрылыс-құрастыру ұйымдары негізінен, аймақтық (жергілікті) нарықта жұмыс істейді, сол кезде өндірістік құрылыста жұмыс істейтіндер (әсересе, мұнай-газ өндіруші өнеркәсіпте, көлікте, энергетикада және т.б.) өңірлерде, сондай-ақ ҚР субъектілерінің аумағында жұмыс істейді. Осындай режим тар мамандықтағы құрылыс-құрастыру ұйымдарына да тән. Құрылыс материалдарының өнеркәсібіне (жергілікті емес) байланысты құрылыс машиналары мен механизмдердің өндірісі, технологиялық жабдықтар бойынша бұл жерде нарық өз қызметінің аймақтық аралы ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар құрылыс нарығына ауысу халық шаруашылығы экономикасының жалпы дағдарыстық жағдайына байланысты бірқатар күрделі қиыншылықтарды білдіреді (инвестициялық құлдырау, инфляция, кадрлар санын қысқарту және т.б.).

Құрылыс нарығы ашық ұйымдастырушылық-шаруашылық жүйені білдіреді: нарық субъектілерінің тауарлық-ақша қатынастарының әрекет ету жағдайында (инвесторлар, тапсырысшылар, мердігерлер, жобалау ұйымдары, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары және т.б.) өзінің өзара экономикалық мүдделерін іске асырады.

Құрылыс нарығы жүйе ретінде енгізеді:

а) құрылыс нарығының субъектілері (элементтері);

б) нарықтық қатынастардың объектілері (заттары);

в) құрылыс кешені нарығының инфрақұрылымы;

г) нарықтық механизм;

д) мемлекеттік бақылау, нарықты реттеу мен өздігінен реттеу.

Құрылыс нарығының субъектілері (элементтері) болып саналады: инвесторлар, тапсырысшылар, мердігерлер, жобалау-іздестіру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өнеркәсібінің кәсіпорындары, құрылыс және жол машина жасау кәсіпорындары, кәсіпорындар (зауыттар) - технологиялық, энергетикалық және басқа жабдықтарды дайындаушылар.

Нарықтық қатынас объектілері (заттар) болып табылады: құрылыс өнімдері (ғимараттар, үймереттер, объектілері, олардың кешені және т.б.); құрылыс машиналары, көліктік құралдар, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтар; материалдар, бұйымдар, конструкциялар; капитал; жұмыс күші; ақпарат және т.б..

Нарықтық механизмнің қозғаушы күші - сұраныс пен ұсыныстың болуы. Мемлекет құрылыс нарығы субъектілерінің және оның салық міндеттемелері, субвенциялар, антимонополиялық шаралар, амортизациялық аударымдар және т.б. негізінде институционалдық тәуелдіктерді реттейді.

Құрылыс нарығы саласында мемлекетік бақылау шаруашылық заңнамалар және әкімшілік қадағалаудың арнайы аймағында инвестициялық (құрылыс) бизнесін бөлуді ұсынады.

Нарықтық қатынастардың процестерін өздігінен реттеу құрылыс өнімдері, құнды қағаздары, биржа жұмысы, инвес­тициялық ресурстарды сату-сатып алу бойынша аукциондар, тендерлік сауда жұмысы арқылы жүзеге асырылады, онда бағалар сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша қалыптасады. Бұл ретте тараптардың экономикалық жауапкершілігі шаруашылық және мердігерлік шарттарда, келісім-шарттарда, келісімдерде және т.б. көрініс табады.

Нарық құрылымы жоспарлы жүйеде күрделі және сан қырлы. Құрылыс нарығының барлық субъектілері мен оның инфрақұрылымының элементтері өзара байланыста және өзара қатынастарда болады.

Құрылыс кешенінің нарығы осы нарықты қамтамасыз ететін дамыған ақпараттық жүйе болған кезде тиімді жұмыс істей алады. Ұқсас жүйені әзірлеуге деген қажеттілік құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету секторында өткір байқалады. Материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ескі базасын жойғаннан кейін және осы тағайындаудағы жаңа коммерциялық құрылымдарды құру, толық көлемдегі құрылыс кешенінің өнімдері мен ресурстары туралы жедел деректер (яғни саны, номенклату­расы, бағасы, тұтынушылық және технологиялық қасиеттері және т.б.) ҚР басқару органдарына, оның субъектілеріне, өңірлерге, кәсіпорындарға дер кезінде жетпейді. Осы жерден құрылыс нарығының ақпараттық жүйесін құру өзектілігі, өндірілетін және тұтынатын құрылыс мате­риалдары, бұйымдары, конструкциялары, құрылыс машиналары мен меха­низмдердің кең номенклатурасы, ескеретін жобалау мен құрылыс өнімдеріне ұсыныс пен сұранысты ескереді.

Құрылыс нарығының ақпараттық жүйесінің негізгі міндеттері келесі болып табылады:

- мүмкін тапсырысшылар (инвесторлар);

- деректердің тиісті банкін құру;

- құрылыс-құрастыру ұйымдарының ағымдық өндірістік мүмкіндіктері, олар орындайтын жұмыстардың сипаттізімі, жүктемесі, олар орындайтын жұмыстардың құны (бағасы) құрылыс-құрастыру ұйымдары бойынша деректер банкі) туралы ақпараттарды иелену;

- жобалау және іздестіру ұйымдарының ағымдық мүмкіндіктері, жобалау жұмыстарының (жобалау-іздестіру ұйымдарының банк) жобалау жұмыстаының құны (бағасы) туралы ақпараттарды иелену;

- шығарылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының көлемі, номенклатурасы, сапасы, бағасы туралы ақпараттарды иелену (құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары банкі);

- құрылыс машиналары мен механизмдер нарығы бойынша ақпараттарды иелену;

-құрылыстағы еңбек нарығы бойынша ақпараттарды иелену;

-коммерциялық дербестікке ие инвестициялық жобалар бойынша ақпараттарды иелену;

-жылжымайтын нарықпен өзара байланыс;

-жобалар, қаржылық (инвестициялық) ресурстар, құрылыс материалдары, машиналары, меха­низмдер, құрылыс өнімдері бойынша тендер өткізу үшін жағдай жасау;

Осылайша, құрылыс нарығының ұйымдастыру құрылымы, ең алдымен, өндірістік құрылым емес, яғни құрылыс қызметінің аймағында ақпараттық қызметтерді ұсынатын орган ретінде көрінеді. Бұл жаңа ұйымдастыру құрылымы жергілікті және орталық әкімшілік органдармен, коммерциялық құрылымдармен және банктермен экономикалық ынтымақтастық нысандарын табу міндетін қояды, ҚР субъектілерде мақсатқа сай және тиімді инвестициялық саясатты өңдеуге, жергілікті жерлерде ипотекалық істі дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс нарығының ақпараттық жүйесінің республикада, сондай-ақ ҚР облыстарында, әрбір өңірде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, құрылыс жұмыстарын қандай да бір секторға шоғырландыру: тұрғылықты және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық құрылыста, өндірістік құрылыс саласында және т.б. шоғырландыру. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысы мен соған байланысты жобалау жұмыстарының нарығы бойынша ақпарат болатынын атап өту ұсынылады.

Мердігерлік жұмыстар нарығын жандандыру үшін қажет: мемлекеттік инвестициялардың шығындалуына бақылауды күшейту. Бұл жұмыс келесі негізгі принциптерге негізделуі тиіс:

а) инновациялар мен бюджеттік инвестициялар;

б) басым объектілерді инвестициялау;

в) инвестициялардың жылдам сатып алуын қамтамасыз ету;

г) мемлекеттік объектілерді салу мен пайдалануға беру мерзімін бұзғаны үшін дербес жауапкершілік мен экономикалық мүдделілік; құрылыс қызметі саласында салықтық жүйені қайта өңдеу; кәсіпорындар мүлкі құрамында аяқталмаған құрылысқа деген салық мөлшерлемесін ұлғайту; кәсіпорындар мен ұйымдарда амортизациялық аударымдарды неғұрлым кең масштабта тарту, сондай-ақ күрделі салымдарды, әсіресе халық қаражатын қаржыландырудың басқа көздерін тарту;

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты келесі негізгі іс-шараларды тұжырымдауға болады, оларды іске асыру құрылыс кешенін дағдарыс жағдайынан шығаруға мүмкіндік береді. Осындай іс-шараларға жатады: ұлттық экономикаға нақты құрылымдық реформаға ауысу, қолданыстағы келеңсіз құрылымдық өзгерістерді жеңуге бағытталған селективті инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

Құрылыс бөлімшелерін енгізетін қаржылық-өнеркәсіптік топты (ҚӨТ) құрудың маңызы зор. ҚӨТ, бір жағынан, монополист атанған қазіргі акционерлік қоғамдар, ал екінші жағынан кейбір АҚ және кон­церндер қатарын ірілендіруге мүмкіндік береді. ҚӨТ құрамындағы құрылыс ұйымдары тапсырысшылар алдында өзінің өнімдеріне деген жауапкершілікті сезіне отырып, үлкен қаржылық төзімділікке ие.

Бұл банк өз құрамына енгізетін қаржылық-өнеркәсіптік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сақтандыру компаниялары экономикада басқа институционалдық өзгерістерімен бірге елімізде инвестициялық ахуалды жетілдіруге, шаруашылық байланыстарын тұрақтандыруға, төленбеген қаражат толқынын бәсеңдетуге, ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, мердігерлік жұмыстар нарығын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрылыс қызметін қалыптандыру бойынша мемлекеттің ағымдық шаралары құрылыс ұйымдарының, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, сондай-ақ жобалау-іздестіру ұйымдарының шоғырландыру жақсарту мен қолдауды енгізуі тиіс. Олар келешекте құрылыс кешенінің жаңа сапалы бейнесінің негізін, ірі мемлекеттік жобалау-іздестіру және құрылыс-құрастыру ұйымдарының жеткілікті жоғары потенциалын сақтауы тиіс.

Осылайша, құрылыс кешенінде нарықтық жағдайда тиімді жұмыс үшін объективті алғышарттар салынған, олар құрылыс өнімдеріне деген тұрақты қажеттілікке байланысты, әсіресе, әлеуметтік салада (тіпті инвестициялық белсенділіктің құлдыраған жағдайында). Нарықтық экономика, шетел тәжірибесі көрсеткендей құрылысты ұлттық экономиканың барынша рентабельді секторларының бірін түрлендіруге мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет

2. Құрылыстағы мердігелік сауда

3. Құрылыстағы лизинг

4. Құрылыстың инфроқұрылымы

5. Құрылыстағы бәсекелестік, бәсекені тудырушы факторлар

6. Құрылыстағы жалға алу және оның қажеттілігі

7. Құрылыстағы келісімдік қатынастар





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1733 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...