Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ртүрлі құрылыс кәсіпорындарының құрылу және жұмыс істеу ерекшеліктері



Құрылыс кәсіпорындары шаруашылықты жүргізудің басқа да субъектілері секілді көп жағдайда өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін өз бетінше анықтайды және қалыптастырады, даму стратегиясы мен тактикасын жасайды, ақшалай қаражаттарды іздеп табады, еңбек ұжымын қалыптастырады, еңбек құралдары мен заттарын сатып алады, басқарудың ұйымдық құрылымын құру, өз бөлімшелерінің қызметтерін реттеу, әлеуметтік шиеленісті басу бойынша көптеген ұйымдық сұрақтарды шешеді.

Құрылыс кәсіпорыны, ең алдымен, құрылу кезінде таңдаған ұйымдық-құқықтық түрмен және алдағы ұзақ кезеңде оның қызметін анықтайтын нақты мақсаттармен және міндеттермен сипатталады.

Құрылыс саласындағы кәсіпорын нарықтық экономиканың келесі қағидаларын пайдаланады: кәсіпкерлік еркіндігі, толық шаруашылық дербестік; жеке меншік басымдылығы бар меншіктің әртүрлі формалары; еркін бағалар (мемлекет және ҚР субъектілері реттейтіндерден басқа); қызметтің монополияға қарсылығы; ішкі нарықтың ашықтығы (сыртқы нарыққа шығу еркіндігі); шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы шарттық формалар.

ҚР сәйкес, барлық кәсіпорындар қызметінің негізгі мақсатына байланысты коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Коммерциялық емес кәсіпорынның коммерциялықтан айырмашылығы – пайда түсіру олардың негізгі мақсаты болып табылмайды және ол қатысушылар арасында бөлініске түспейді. Оларға әртүрлі қорлар, одақтар, қоғамдық және діни ұйымдар, тұтынушылар кооперативі жатады.

Коммерциялық кәсіпорындарды олардың ұйымдық-құқықтық түріне сәйкес бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады (1 сурет).

Тек кәсіпкер өзінің және қарызға алған қаражатын, уақытын, еңбегін, абырой-беделін тәуекелге тігеді. Менеджер қызметі өзінің адамдарды басқару бойынша кәсіптік білімін пайдалануға тоғысады.

           
 
     
 


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар

2. Құрылыстық бірлестік

3. Құрылыстағы кіші кәсіпорындар

4. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 999 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...