Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инвестициялық-құрылыстық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері



Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік басқару мен инвестициялық-құрылыстық қызметті реттеудің өзіндік реттеушілері мен әдістері бірігіп қызмет атқарады. Инвестициялық-құрылыстық қызмет жоба жұмыстары, инжирингтік қызмет көрсетулер, құрылыс материалдары, конструкциялары, бұйымдары, технологиялық құрал-жабдықтарының секторлары құрайтын күрделі салымдар мен мердігерлік жұмыс нарығында жүзеге асады. Күрделі салымдар мен мердігерлік жұмыс нарықтарының әрбір сегментінде сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік заңдары мен инвестициялық-құрылыстық саланың негізгі объектілері (инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлік құрылыстық-өндеу мекемелері) қызметін мемлекеттік реттеу шаралары тұрақты қызмет атқарып тұрады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар «шежіресі» жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер.Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік-экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Қазіргі нарықтық экономика – бұл аралас экономика. Бұл экономикада нарық берекетсіздігі, мемлекеттік реттеу, басқару органдары арқылы шектелініп, реттеленіп экономикалық қатынастарының мақсатты ұйымдастырылған сипат алады. Аралас экономикада реттеу әдістері әкімшілік, құқықтық, экономикалық реттеу құралдарынан тұрады. Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді. Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары мен ережелерінің жүйесінен тұрады. Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады.

Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында болады. Осы тұрғыдан инвестиция түсінігі нарықтық тәсілдерге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым үрдісінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторларымен айырықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялық-құрылыс саласын мемлекеттік реттеу - инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу инновациялық сала институттарының экономикалық қызығушылықтарына мемлекеттік басқару органдарының мақсатты ықпал етуі. Осыған байланысты мемлекеттік басқару органы реттеу субъектісі ретінде, басқару объектісінің керекті жағдайы түрінде немесе оның қызметінің күтілетін нәтижелері түрінде өзінің нақты мақсаттарын айқындауы тиіс.

Айқындалған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару органы ықпал етудің нақты шараларын таңдауы қажет.

Ұлттық экономикадағы инновациялық белсенділікті жоғарылату мақсатында нарықтық экономикасы бар мемлекеттердің ғылыми-техникалық, инновациялық және экономикалық саласына мемлекеттің ықпалын басқарушылық емес, реттеушілік ықпалына жатқызу керек.

Мемлекеттік реттеу экономикалық құбылыстардың өзгерісімен анықталған процестерді қолдау мақсатындағы, экономикалық жүйеге мемлекеттің мақсатты ықпал ету формасы.

Инновациялық саладағы мемлекеттік органдардың негізгі қызметтері:

- инновациялық қызметтің координациясы

- инновациялық тәуекелдерді сақтандыру, ескірген өнімді шығарғаны үшін мемлекеттік санкцияларды еңгізу, осы саладағы бәсекелестікті қадағалау

- инновациялық процесстердің құқықтық базасын құру, сонымен қатар инноваторлардың авторлық құқықтары мен интеллектуалды меншікті қорғау жүйесін қалыптастыру

- инновациялық қызметті кадрлық қамсыздандыру

- инновациялық инфрақұрылымды құру

- мемлекеттік сектордағы инновациялық процесстерді институционалды қамсыздандыру

- инновацияның әлеуметтік және экологиялық бағытын қамсыздандыру

- инновациялық қызметтің қоғамдық лауазымын жоғарлату

- инновациялық процессті аймақтық реттеу

- инновациялық процесстің халықаралық аспектісін реттеу

Мемлекеттік реттеу стратегиялық бағыттар мен ғылыми-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімді дамудың жолдарын таңдауға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің міндеттерінің бірі шаруашылық субъектілерінің инновациялық белсенділігін ұйымдық-нормативтік және мемлекеттік қаржы-ресурстық қолдау шараларын жүргізу.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат – бұл ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін мақсатты іс-шаралар кешені. Мемлекеттік инновациялық саясат шаруашылық субъектілерінің инновациялық қызметті интенсивті жүзеге асыруын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі.

Мемлекеттік инновациялық саясатты жасаудың ұйымдық формасы ретінде өзара байланысты министрліктер мен ведомстволар, ғылыми қызмет субъектілерінің қоғамдық ұйымдары, өндіріс саласының субъектілері болуы мүмкін.

Инновациялық саланың нақты жағдайын мемлекеттік инновациялық саясат мақсаттарымен сәйкестендіруді мемлекеттік басқару органдары, инновациялық қызмет субъектілері, зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Келеңсіз жағдайларды шешуге арналған инновациялық саясаттың мақсаттарын нақтылаумен мемлекеттік инновациялық саясаттың субъектілері немесе олардың тапсырысы бойынша мамандандырылған зерттеу ұйымдары айналысады. Келеңсіз жағдайлар нұсқаларын жасау заңдармен есепке алынған стратегиялар негізінде жүргізілуі тиіс.

Шешімнің оптималды нұсқасын таңдау шешім қабылдайтын субъектінің типіне сай процедуралар негізінде жүзеге асырылады: жоспарлар, келісімшарттар, қызметтің ішкі нормалары және т.б..

Мемлекеттік инновациялық саясат нәтижелерін анықтау инновациялық қызмет субъектілерінің іс-әрекеттері туралы мәліметтер негізінде деректерді саясат мақсаттарымен сәйкестендіргенде іске асырылады. Бірақ осының нәтижесінде нақты және болжанған нәтижелер арасында ауытқулар пайда болады. Ауытқудың, яғни жаңа келеңсіз жағдайдың пайда болуы инновациялық сала қызметі шарттарының өзгерісі мен жаңа нұсқалардың жасалуына негіз болады.

Мемлекеттік инновациялық саясат объектілері болып инновациялық қызмет субъектілері табылады.

Әлемдік бизнестік мемлекеттерде ғылыми­-техникалық және инновациялық саясаттың жүзеге асырылу және құрылу механизмі әртүрлі, өйткені мемлекеттерде нарық пен мемлекет функциялары сәйкестігі, шаруашылық қызметтегі орталықтандыру және еркін кәсіпкерлік принциптерін қолдану бірдей емес, сонымен қатар ғылымды басқарудың ұйымдық құрылымы да әртүрлі. Бірақ нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде өндірістің даму заңдылықтары мен инновациялық қызметтің бағыттары бірдей.

Әлемдік тәжірибеде қолдаудың формалары мен деңгейі бойынша келесі мемлекеттік стратегияларды бөліп көрсетуге болады: ұдайы араласу, орталықтандырылмаған реттеу және аралас.

Ұдайы араласу стратегиясында мемлекет ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті ұлттық экономиканың экономикалық өсуінің негізгі факторлары деп санайды. Осындай стратегияны таңдау заңнама мен мемлекеттің сыртықы саясатына елеулі өзгерістер енгізеді. Мемлекет ұлттық экономиканың дамуына ықпалды үлес қосатын көптеген маңызды бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастыру мен қаржыландыруда ерекше роль атқарады.

Орталықтандырылмаған реттеу стратегиясы аса күрделі механизм. Осы стратегияны таңдаған мемлекет маңызды рольді сақтайды, бірақ ұдайы араласу стратегиясына сай сипаттамалар болмайды.

Инновациялық кәсіпкерлікте мемлекет ролінің өсуі объективті процесс. Себебі нарық кәсіпорынға инновациялық қызметті үздіксіз жалғастыруға жағдайлар жасай алмайды.

Инновациялық кәсіпкерлік саласындағы мемлекет ролі өсуінің тағы бір себебі: оны жүзеге асыруға кеткен шығындар өсімі. Инновациялық қызметті

Инновациялық саясат жүйесі келесі элементтерді қамтиды. Бақылау объетісі болып негізгі субъектінің инновациялық қызметі формасындағы инновациялық процесс яғни ғылым мен техника жетістіктерін тәжірибеде қолдану облысындағы мемлекеттік, академиялық және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өнеркәсіптік фирмалар қызметі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2191 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...