Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету – 1 сағат



Дәріс жоспары

1. Нарық жағдайында құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету

2. Материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуді ұйымдастыру

3. Материалдық-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету түрлері мен әдістері және олардың тиімділігі

Нарық жағдайында құрылысты материалдық -техникалық қамтамасыз ету жүйесі өнеркәсіптің және құрылыс индустриясының кәсіпорындарының, көлік және энергетикалық ұйымдарының, ғылыми-зерттеу, жобалау, оқу орындарының және басқа мекемелердің, шаруашылықтардың желісіне бағдарланған. Жүйе құрылыс кешенін қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге арналған.

Тауар нарығында құрылыс материалдарын жағдайын тұтас бағалай отырып, заңды түрдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінің жеткілікті еркінділігімен сипатталатын жағдайда жұмыс істейтінін белгілеуге болады: олар басқару және мемлекеттік билік құрылымдарына қатынасы бойынша қажетті шаруашылық жүргізу дербестігіне ие, барлық ресурстарға қатынауға болады, сауда-сатып алу және шаруашылық операцияларын жасау кезінде контрагенттерді таңдауда еркін, түскен табысты дербес қолданады (өздерінің мүдделеріне байланысты), өз қызметін таңдау бағыттарын таңдайды, максимум пайда алуды мақсат етеді. Қолдағы бар өндірістік қуаттар мен құрылыс материалдарын өндіру көлемі осы нарықтағы сұранысты қанағаттандырады. Құрылыс саласы үшін материалдық ресурстар тапшылығының проблемасы жаңа шаруашылық жүргізу жүйесіне ауысуға байланысты өткен кезеңде қалды.

Құрылыстың материалдық-техникалық ресурстары бөлінеді:

1. өндірістік

2. өндірістік емес

3. табиғи

Құрылыс ұйымдарын материалдық -техникалық қамтамасыз ету мақсаттары:

- құрылыс өндірісін талап етілген сападағы және сандағы қажетті ресурс түрлерімен дер кезінде қамтамасыз ету;

- ресурстарды пайдалануды жақсарту: еңбек өнімділігін арттыру, қор бөлуді арттыру, құрылыс процесінің ырғақтылығын қамтамасыз ету, айналымдағы қаражаттың айналымын қысқарту, екінші реттік ресурстарды толық пайдалану, инвестициялар мен басқа көрсеткіштер тиімділігін арттыру;

- құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін және өз ұйымындағы және бәсекелес басқа ұйымдардағы құрылыс-құрастыру жұмыстарының (көрсетілетін қызметтердің) сапасын талдау, шығарылатын өнімдердің – ғимараттар мен үймереттердің (көрсетілетін қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Құрылыс ұйымдарында аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі жұмыстарды тұрақты орындау қажет:

1.Құрылыс материалдарын, конструкцияларын, бұйымдарын, жартылай дайын өнімдерді және т.б. (көрсетілетін қызметтер) жеткізушілер нарығын маркетингтік зерттеулер жүргізу. Жеткізушілерді таңдауды келесі талаптарға байланысты жүзеге асыру ұсынылады: жеткізушілерде лицензияның болуы және осы сала бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесінің болуы, өндірісті жоғары ұйымдастыру-техникалық деңгейі, сенімділік және жұмыстан түсетін пайда, шығарылатын құрылыс материалдарының және т.б. бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;

2. Нақты материалдық-техникалық ресурстарға деген қажеттілік.

3. Материалдық-тех­никалық ресурстар шығындарының нормасы мен нормативін азайту бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу.

4. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету арналары мен түрлерін іздеу.

5. Материалдық баланстарды әзірлеу.

6. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау

7. Құрылыс материалдарымен, конструкциялармен, бұйымдармен, жартылай дайын өнімдермен және жұмыс орындарын бақса материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

8. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалануды есепке алу және бақылау.

9. Құрылыс өндірісінің қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуді ұйымдастыру.

10. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау.

11. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалануды жақсарту бойынша жұмыстарды ынталандыру.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1934 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...