Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рылыс кешенінде логистикалық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігі



Құрылыс өнімдерінің өзіндік құнының артуымен, табыстың өсуімен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен салыстырғанда жалпы шығындардың ұлғаймалы өсуі құрылыс кешеніне логистикалық жүйені енгізу бойынша жұмыстар өзектілігін растайды.

Құрылыс кешені мердігер және мамандандырылған құрылыс кәсіпорындарының, құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өнеркәсібі, механизация және көлік кәсіпорындарының, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, құрылыс саласында маманданатын оқу орындарының, құрылыс биржаларының, инжинирингтік, консалтингтік, басқарушылық фирмаларының(меншік нысаны мен ведомствалық тиесілігіне қарамастан), салалық басқару органдарының, (федералдық, республикалық және муниципалдық), сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың (одақтар, қауымдастықтар және т.б.) жиынтығы болып табылады.

Бұл ұйымдарда құрылыс кешені кәсіпорындарының тұтынушылардың (тапсырысшылардың) тапсырыстарын орындау жөніндегі өздерінің функцияларын жүзеге асырумен байланысты еңбек, материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстарының шығындарынан тұратын өздерінің логистикалық шығындары болады.

Логистикалық шығындарды талдау мен жоспарлау кезінде құрылыс кешенінің кәсіпорындары логистикалық жүйелердің жұмыс істеуі тиімділігінің келесі негізгі көрсеткіштерін пайдалануы мүмкін:

- логистикалық шығындарды бағалау кезінде қолданылатын шығындардың абсолютті сомасы және шығындардың жекелеген баптары мен элементтері бойынша олардың шамалары;

-логистикалық шығындар сомасының сату көлеміне қатынасы ретінде процентпен алғанда есептелген жалпы көлемі мен жекелеген баптары бойынша логистикалық шығындардың деңгейі;

- үнемділігі – ең аз шығындар кезінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу (минимизация қағидаты) немесе шығындардың берілген көлемі кезінде нәтижені қамтамасыз ету (максимизация қағидаты);

- есептік (жоспарлы) кезеңнің сату көлемінің немесе пайдасының осы кезеңдегі логистикалық шығындарға қатынасы ретінде есептелген тұтынылған ресурстарды пайдалану тиімділігі;

- функционалдық салалар бойынша логистикалық шығындар деңгейін сипаттайтын шығын сыйымдылығы.

Логистикалық шығындар құрылыс кешені кәсіпорындарын басқару құралы ретінде танылады. Логистикалық шығын.дар құрамын анықтау экономикалық негізделген басқарушылық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік туғызады. Қарастырылатын шығындар деңгейі кәсіпорынның экономикалық жағдайын, оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайды.

Жалпы шығындарға бақылау жасаудың тиімді құралдарының бірі болып барлық ресурстарды нәтижеге қол жеткізуге толық шоғырландыру табылады. Бұл ретте жалпы шығындардың абсолютті деңгейі маңызды емес, маңыздысы жұмсалған күш пен алынған нәтижелер арасындағы қатынас маңызды. Тіпті күшті жүйелі бағыттау мен нәтижелерге қол жеткізу кезінде де шығындарды талдау мен оларды бақылау қажет.

Логистикалық жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін бағалаудың маңызды көрсеткіші болып онда барлық логистикалық қызметтің нәтижелері көрінетін табыс табылады.

Логистикалық шығындар логистикалық жүйенің жұмыс істеу тиімділігінің сапалық көрсеткіші болып табылады. Логистикалық қызмет көрсету сапасының деңгейі тұтынушылардың тапсырыстарына қызмет көрсету кезінде шығындарды минимизациялаумен тікелей байланысты.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1 Құрылыстағы матениалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесіндегі логистика

Құрылыс кешендегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімділігі





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1115 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...