Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сметалық нормалау және сметалық нормалардың жүйесі



Құрылыстағы сметалық баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

СНиП 1. 02. 01-85, кәсіпорындар, үйлер және ғимараттар салуға сметалық құжаттар әзірлеудің тәртібі және реттеу құрамы; бөлігі СНиП, құрамында 16 түрі бар сметалық нормативтер.

Ұлттық валюта – теңге енгізілуіне байланысты кәсіпорындар, үйлер, ғимараттар құрылысының сметалық құнын анықтау жөніндегі жиынтық сметалық есептеулер мен шартты бағаларды белгілеудың негізгі ережелері.

Сметалық нормативтер мен негізгі ережелер құрылыстың сметалық құнын анықтау және нарықтық қатынастарды қанағаттандыратын қосымша талаптар ескеліріліп, республиканың аумағында қолдану үшін меншік нысаны және ведомствалық бағыныстығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың құрылыс өніміне шартты баға белгілеу кезінде бірыңғай әдістемені қамтамасыз ету үшін арналған.

Сметалық нормативтер бұл құрылыстағы сметалық нормалар, баға қою және бағалардың сметалық құнды анықтау үшін жалпы атауы. Республиканың құрылыс кешені сметалық нормативтерді әзірлеу жөнінде шараларды үйлестіруді республиканың Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жүзеге асырады. Ол және мемлекеттің басқа да заң шығарушы, атқарушы органдарының, сондай-ақ бұрынғы КССР Мемқұрылыс, КССР Министрлер Кеңесі бекіткен нормалар мен нормативтердің республиканың халық шаруашылығының барлық салаларында заң күші бар.

Құрылыстағы сметалық нормалауды ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжірибелік-конструкторлық және эксперименттік ұйымдар таңдап алынған зерттеу объектісіне – құрылыс-монтаж процесінде нақты бақылау жүргізуге негізделген фотоесеп және хронометраждың көмегімен жүзеге асырады. Машиналар мен механизмдерді пайдалану уақытымен жұмыс уақытын өлшеу жеке элементтер, түрлер мен жұмыстар бойынша жүргізіледі. Алынған мәліметтер математикалық статистика әдістерінің көмегімен өңделеді. Нормативтер неғұрлым үнемді жобалардың, сондай-ақ қолданылатын прогрессивті материалдар мен техникалық-экономикалық есептеулердің негізінде әзірленеді. Сметалық нормаларға мыналар жатады:

Құрылыс нормаларымен ережелері (СЖиП), бірыңғай нормалар мен баға қою (ЕНиР), сметалық нормалар мен баға қою (СНиП), Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ), тариф жүйесі және т. б. Сонымен қатар министрліктер, холдинг компаниялар, концерндер, корпорациялар, консорциумдар, акционерлік қоғамдар, облыстар мен қалалардың әкімшіліктері әзірленген және біткен нормалар мен нормативтер осы ұйымдардың шеңберінде қолданылады, мысалы, ведомствалық нормалар және баға қою (ВТиР), жергілікті нормалармен баға қою (МНиР) және т. б. ұсыным сипатындағы бірқатар нормативтерді құрылыс ұйымдары олардың өндірістік-шаруашылық қызметіне байланыстырып пайдаланылыды. Мысалы, монолиттік құрылыстың сметалық құнын, жұмысшылардың еңбекақысы нысанын және т. б. анықтау технологиясын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар; басқа салалардың нормативтерімен өзара байланысты нормалар мен норматив, өлшем бірліктері, стандарттардың ақпарат көздерін байланыстыру, сондай-ақ әртүрлі экономикалық міндеттерді орындау үшін нормативтерді пайдалануды тіркеу.

Сметалық нормативтер үйлер мен ғимараттар құрылысының сметалық құнын айқындау, жоспарлау және реттеуге арналған. Сметалық нормативтерге сметалық нормалар, бағалардың алуан түрі, прейскуранттар һ, тарифтер, бағалар мен консультациялар жатады. Сметалы нормалардың құрамына еңбек және еңбекақы шығындары; машиналар мен механизмдерді пайдалану уақыты; құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрвастырмалардың шығындары; машиналардың құнын, машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды пайдаланудың сметалықбағалары; жабдықты монтаждау;бірыңғай бағалаулар; іріндірілген сметалық нормалар, қосымша шығындардың нормалары; негізгі шығындар мен жоспарлы қорланулардың нормалары кіреді.

Сметалық нормалар құрылыстың ауданын, табиғи-климаттық жағдайларды, құрылыс кешенінің материалдық-техникалық базасын дамытуды және басқаларды ескеріп, орташаланған және ірілендірілген болады. Бұдан басқа олар құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің, көлік шығындарының, құрылыс материалдары бағаларының, құрылыс машиаларының техникалық жай-күйінің және басқа орташа деңгейін көрсетеді. Көрініс тапқан факторлар ескеріліп, сметалық нормалар аумақтық нышан бойынша сараланады.

Нарықтық экономика жағдайында сметалық нормативтер ғылымның ең жаңа жетістіктерімен шетелдік және отандық озық тәжірибеге, қолданылып жүрген заңдар мен стандарттарға сәйкес келуі, құрылыс өндірісінің, күрделі салымның тиімділігін арттыруға және жоспарлы қорланулар тұрғысынан алғанда жұмыстарды нормативті ұйымдастыру кезінде құрылыс ұйымдарының қалайда кіріс алуына жағдай жасауы тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Сметалық іс қағаздарды жасаудың әдістемесі және сметаның түрлері мен құрамы

2. Сметаны есептеу бойынша бағдарламалық өнімді қолдану.

3. Құрылыстағы келісім бағалар

4. Құрылыс-монтаждық жұмыстық құны мен құрылыс өнімдерінің бағсынын анықтаудағы әдістемелік тәсіл

5. Жасалған жұмыс пен экспертиза үшін есептеудің тәртібі және жоба-сметаның іс-қағаздарды бекіту





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3278 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...