Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мазмұны. 1. 1. Қарым-қатынастағы қиындықтар ( іс-әрекеттегі) – адамның болжаған (жоспарлаған)



1.1. Қарым-қатынастағы қиындықтар (іс-әрекеттегі) – адамның болжаған (жоспарлаған) қарым-қатынасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субъективті бастан кешіру күйі, яғни қарым-қатынас серігінің оның әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу (хабарды), серігінің түсінбеуі, коммуникативтік ситуацияның, өзінің психикалық күйінің өзгеруі, т.б. салдарынан болатын «іркілістер». Қарым-қатынасты этно-әлеуметтік, мәртебелік-позициялық, жас ерекшелік арасындағы қиындықтар кездеседі.. Әтно-әлеуметтік қиындықтар этникалық сана ерекшеліктерімен, оның әлеуметтік және мәдени дамуының нақты жағдайларындағы қарым-қатынасында көрінетін құндылықтарымен, ұстанымдарымен байланысты. Қиындықтық мәртебелік- позициялық саласы бірқатар терең себептермен шартталған: отбасылық тәрбие, қарым-қатынас позициясы, білім беру жүйесінің саласы, қала мәртебесі және т.б.

Тұлғааралық қақтығыс бұл жеке индивидтердің арасындағы психологиялық және әлеуметтік байланыс кезінде туындаған қақтығыс. Мұндай қақтығыстар қоғамдық өмірдің әр саласында тұрмыстық, экономикалық, саяси, өндірістік және т.б. туындайды.

1.2. Оқиға – қақтығыстың туындауына себеп болған жағдай.

Оқиғаны сылтаудан ажырата білу қажет Сылтау дегеніміз –қақтығыстың басталып кетуіне түрткі болған жағдай. Ол кездейсоқ және әдейілеп ойластырылуы мүмкін. Дегенмен сылтау қақтығыс емес. Бұл қақтығыстың басталуы болып табылады. Тұлғаралық қақтығыстардың туындау себептері әртүрлі.

Объективті, яғни адамның қалауынан тыс;

Материалдық және идеалды;

Уақытша және тұрақты т.б. болады.

Қақтығыстың формалары: көңілі толмау, келіспеушілік, қарсы әсер ететін, айтқанында тұрып алатын, бөліну, қарсы күресу;

Кез келген тұлғааралық қақтығыстарда тұлғаның психикалық және әлеуметтік психикалық және адамгершілік мінездері, адамдардың жеке қасиеттерінің маңызы зор.

Тұлға мен топ арасындағы қақтығыс көп қырлы, оған топтық ұйымның себептері де қосылады. Ол деструктивті және конструктивті болуы мүмкін. Топ аралық қақтығыс кіші, орта, үлкен топтар мүдделерінің қақтығысуынан пайда болады. Топаралық қақтығыстардың себептері әр алуан, экономикалық, діни, саяси, мәдени, ұлттық-этникалық т.б.

ХХ ғ. ортасында қақтығыс теориясының әлеуметтануда дербес сала ретінде көрінуіне жоғарыдағы жағдайлар себеп болды. Бұл ең алдымен атақты екі ғалым неміс әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф пен американ социологы Льус Козердің еңбектерінің арқасында жүзеге асты. Қақтығысты зерттей келе, ғалымдар қақтығыс қоғам өмірінде позитивті рөл ойнайды деген тоқтамға келді. ХХғ. 60 жылдарында Дарендорф «Қоғамның қақтығыстық моделі» деп аталып кеткен әлеуметтік қақтығыс теориясын жасап шығарды. Өзінің «Индустриальды қоғамдағы таптар және әлеуметтік қақтығыс» (1957) «Қазіргі әлеуметтік қақтығыс» (1988) еңбектерінде қақтығыстың болуы қоғамның табиғи күйі деп қарастырды. Қақтығыстың мүлдем болмауы бұл қалыпты жағдай емес, яғни нормадан ауытқу. Қоғам мен ұйымда қақтығыстың болмауы күдік туғызады. Қақтығыс белгілі бір қоғамдық жүйеге әрдайым қауіпті бола бермейді. Керісінше, олар қақтығыстардан туындайтын позитивті өзгерістер негізінде оның өзгеруі мен сақталуының бастауы болып табылады. Жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы экономикалық негіздегі қақтығыстар ХХ ғ. тән өзінің алдыңғы жарылыс күшінен айырылды, қазіргі кезде революциялық әдістерді қолданбай-ақ шешіледі.

1.3. Психологтардың әлеуметтік қақтығыс теориясы мынадай:

- кез келген қоғамның ерекшелік сипаты –үстемдік пен бағыныштылық қатынастары болғандықтан, оның атребуты – қақтығыс болып табылады.

- әлеуметтік өмірдің қақтығысының негізі билеуші топтың бір топқа деген билік қарым-қатынасы болып табылады, қожайындардың - жұмысшыларға; офицердің - солдаттарға; оқытушылардың -студенттерге; мемлекеттік шенеуліктердің - барлық қоғамға;

- қоғам қақтығысқа түсушы топтар жүйесін білдіреді. Қақтығыстарды жою мүмкін емес және олардың түрлері өте көп. Сондықтан қақтығыстарды шешу туралы емес, оларды реттеу туралы айту қажет, себебі, қақтығыстар ешқашан толығымен жойылмайды.

Психология докторы Даниель Дена қарым-қатынастарды ретету әдістерінен қақтығыстың дамуының үш деңгейін бөледі:

1. Қақтығыстар (қарым-қатынсақа кедергі келтірмейтін, кішігірім жағымсыз жағдайлар)

2. Қарама- қайшылық (ұрысты тудыратын себептердің кеңеюі, басқалармен әрекеттесу деген талпыныстың төмендеуі және ізгі ниеттеріне деген сенімнің азаюы)

3. Дағдарыс (қарым-қатынасты аяқтау туралы шешім қабылдау, эмоцианальды тұрақсыздықдың өсуінің жоғарылығы сондай, физикалық зомбылықтың пайда болу қаупі туындайды)

1.3. Тұлғарарлық қақтығысты шешу.Әрбір тұлғааралық қақтығыс ерте ме, кеш пе шешіледі, оны шешудің формалары қақтығыстың даму жағдайындағы субъективтердің мінез-құлықтарына байланысты. Қақтығыстың бұл бөлігін эмоциональды деп есептейді және ең маңыздысы деп саналады. Зерттеушілер тұлғараралық ақақтығыста төмендегідей мінез –құлықтың үлгілерін анықтайды.

1. Өзара күрес–ымыраға келмеушілік, бірлестікті қабылдамайтын, өз мүдделерін қорғау үшін барлық әдістерді қолданатын салыстырмалы тұрақты, сипаттамалы.

2. Ауытқу – қақтығыстан қашу мүмкіншіліктері, қақтығысты шешу шарттарының жеткіліксіздігінен оған назар аудармау.

3. Бейімделу – субъектің өз мүдделерін қарама-қайшылықтың пәні мен объектісінен жоғары тұратын қарым-қатынастарды сақтап қалу мақсатымен қоя тұру.

4. Компромисс – екі жақтың да келісім арқылы екі жақты да қанағаттандыратын ортақ шешімге келу.

5. Бірлестік – қиыншылықты шешу үшін екі жақтың да өз көзқарасын айтуы.

Қақтығысты, кикілжіңді шешу әдістері: эмпатияның көрінуі, байланыстың уақытша ажырауы, өзін-өзі төмендету, әзіл-қалжың, кешірім сұрау, тапсыру, тәрбиеленушінің іс-әрекетіндегі жетістікті ұйымдастыру, моральдық қолдау, ұжымдағы тәрбиеленушінің статуысының жоғарлауы, зейін аудару, уақыт ұзарту;

Жеке адамдар арасындағы қақтығысулар. Жеке адамдар арасындағы қақтығысулар мен дау-дамай стихиялы түрде болып отыратын болжаусыз да жоспарсыз құбылыс. Адамдар арасындағы кикілжің мен реніш, талас-тартыс пен дау-дамайдың туындауына адамдардың тіршілік бейнесі мен өмір жолы, алға ұмтылып өрлеу талабы себеп болады. Дау-дамай шиеленісіп, адамдар арасындағы жеккөрушілік, бітіспейтін жаулық көзқарастарға ұласып кетуі де ғажап емес. Дау-дамайдағы қайырымдылық, өмір, балалардың қамы сияқты ізгі қасиеттермен бірге бақталастық, күңшілдік, көре алмаушылық сияқты жаман қасиеттерден туындап отырады.

Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста бірінің кемшілігін, мінезіндегі жағымсыз қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен адамадар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен реніш сезімін шиеленістіре түсетін қате тәсіл болып саналады.

Адамдардың теке тірестік әрекеттері, бірін-бірі кемсіту дау-дамайды одын әрі өршітіп, олардың өзара түсіністігін қиындатады.

Өз пікірін ашық айтатын адам қарсыласын «қу, залым», «менмен, өркөкірек» деп санап, оған қалай да өзінің артықшылығы мен өктемдігін көрсеткісі келеді. Ал «тұйық» адам өзінің ашық жарқын сөйлейтін қарсыласын «бөспе, ұшқалақ» деп кемсітеді. Талас-тартысты мәселе тек екі адамға ғана теріс әсерін тигізіп қоймайды, еңбек ұжымына теріс ықпал етіп, бірлесіп атқаратын іске кедергі жасайды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ауталипова У.И. Дау-дамай психологиясы.

2. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы

3. Дмитриев А.В., Кудрявцев В.Н. «Введение в общую теорию конфликтов», М., 1993

4. Самыгин С. И. «Психология управления» Ростов на Дону: Изд. «Феникс» 1997





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2818 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...