Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мазмұны



Дәріс №6.

Тақырып. Ғалым және ғылым этикасы

Жоспары:

1. Ғылыми этиканың нормалары

2. Ғылымдағы басты адамгершілік ұстанымдар

3. Соңғы жылдардағы ғылым жетістіктері мен зардаптары.

Мазмұны.

Ғылым экономикалық, саяси, әлеуметтік, әдіснамалық, эстетикалық және этикалық жағынан зерттеледі. Біз этика мен ғылым арасындағы байланысты қысқаша қарастырамыз.

Ғылым этикасы – жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді.

Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогреспен ұштастыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен қағидаларды қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа төнген термоядорлық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы өте зор. Осы өзекті мәселені ғылым этикасы зерттейді.

Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуі тиіс. Ғалым этикасы - бұл ғылым этикасына қарағанда тар мағынадағы ұғым. Бұл екі ұғымнан басқа әдістемелік әдебиеттерде ғылыми қызметкердің этикасы деген ұғымдар да кездеседі. Ғылым этикасы өзара қарым-қатынастағы моральдың философиялық және әлеуметтік жағын қарастырады.

Ғылым этикасы қоғамдағы адамгершіліктің дамуын, ғылымның моральдық құндылықтарын, шындық пен жанашырлыққа әсерін қарастырады.

Ғылыми этиканың нормалары: біріншісі, жалпы адамзаттық адамгершілік талаптарын орындаудан тұрады. Екіншісі, этикалық нормалар ғылымға тән арнайы құндылықтарды корғауға қызмет ету. Яғни ғылымға адал қызмет ету, риясыз іздену арқылы ақиқатты дәлелдеу. Күнделі ғылыми әрекетте алған білімді бірден дәлелдеу мүмкін емес, ақиқат екенін дәлелдеу қиын. Бұл сондықтан ғалымның тактикасына, адамгершілігіне жүктеледі.

Әдетте ғылым мен адамгершілік мәселелері бір-біріне қарама-карсы ұғым деп қарайды. Ал шындығында ғылым адамгершілік, мораль талаптарының дамуымен тығыз байланысты. Ғылым әрбір дәуірдің адамгершілік құндылықтарын реттеп отырады. Белгілі бір этикалық талаптар, ережелер анықталып отырады.

Шын мәнінде табиғат сияқты ғылым адамгершілік категориясына бағынбайды, ғылымның басты мақсаты-объективті шындық.. Ғылым шындығында шынайы емес, оны адамдар жасайды. Ал адамға тән нәрсе адасуы; жолдан таяуы; пиғылының азғыруы, қатты ынтығуы, яғни сезімге берілуі сияқты көріністер ғалымның бойына болатындықтан оның қорытындысы әрқашан да шынайы болады деп айта алмаймыз.

Ғылыми ортада көп уақыттан бері өздерінің адамгершілік нормалары тыйым салу, ғылыми қызметін реттеу сияқты ғалымдар әлемінің өзіндік этикалық ережелері бар. Олар: 1) Объективті шындықты талап ету

Мұның мәнісі қатып қалған көзқарас немесе пікірде шыншылдық болмайды, оған факті мен дәлел керек.

2) Ғылымдағы адамгершілік ұстанымның бірі – субъективизмді қаралау.

Мұның мәнісі әр адамның өзіндік көзқарасы болады. Өзіндік пікірі болады. Оған дәлел керек.

Ғылым этикасының қағидаларының бірі – білімді дәлелдеу.

XVI-ғасырда атақты ғалым, астролог Никалай Коперник астрономия әлемінде төңкеріс жасайды. Оның «Күнді жер айналады» деген тұжырымы дау туғызған еді, бірақ та, дауға араласа алмай өзінің ауыруынан қаза тапты. Оның кітаптарының таралуына қатаң тыйым салынды. Көпшілік күннің жерді айналып жүргенін көріп жүргендіктен, Коперник айтты екен деп жердің күнді айналатынына сенбеді.

Церковтің тыйым салған Коперниктің кітабын оқып, оның ойын ары дамытқан италяндық ойшыл, атеист Джордано Бруно «аспанда көптеген жұлдыздар бар, күн – солардың біреуі ғана» дегені үшін, инквизиция оны отқа жағып жіберген.

Коперниктің айтқандары дұрыс деген Галилей, ақырында “мен қателестім” деп инквизиция алдында мәлімдеме жасағандықтан аман қалған.

3) Келесі ғылыми этиканың қағидасы ол ғылыми еңбектегі этикалық талаптар.

Мысалы: ол авторлық мәселе және ғылыми зерттеулерді жариялау. Басқа еңбектерден алған цитаталарға дәл, нақты сілтеме (ссылк)жазу.

- авторлық мәселесі;

- пікір беру;

- плагиат мәселелері,

Қазіргі заманда экологиялық проблемаларының шиеленісу, адамзат пен табиғаттың өзара әрекеттесуінің құндылығы арта түсуде, қазіргі заманғы ғылым өзінің экологизациялық дәуіріне аяқ басып отыр. Ғылым алдында жаңа мақсат тұр ол мақсат табиғатпен соғыс емес, керісінше адам мен табиғат біріктіре отырып дамыту.

Мәдениет тарихында ғылым мен адамдардың тығыз өзара әсерлесуіне қарамастан ғылым міндетін орындауда ізгілікке жат, адамдық қасиетке жатпайтын әрекеттері кездеседі, сондықтан да ғалымның адамгершілік жауапкершілігі деген сұрақ тұрады. Зерттеуші қазіргі кезде өзінің зерттеу нәтижесінің сапасы алдында ғана жауап бермейді. Ол сол зерттеудің салдарын да ойлануы керек, оның зерттеуінің салдарынан қандай зардабы бар екенін де ойлануы қажет. Бұрыннан белгілі ғылыми жетістіктер тек қоғамның дамуына әсер етпеуі керек.

Дәл қазіргі жағдайда ғылым адамзатты бақытсыздыққа немесе жер бетіндегі өмірдің жоғалып кетуіне себепкер болуы мүмкін деген мәселе өткір қойылып отыр.

Мысалы: бірқатар ғалым саласында биологияда қатерлі зерттеулер жүргізілуде микро организмдерді ойлап табу, ауруды қоздыратын, бұрыннан бар имунитетті құртатын микроорганизмдерді ойлап табу, гендік инженериядағы жаңалықтар, антибиокке қарсы тұратын микробтарды тауып отыр. Бұл келтірілген мысалдардан ғылымның міндеті, әрқашан да адамгершілікке жатады деп айту қиын, моральдік жағынан допустимо. Дәл қазіргідей ғалым бұрын ешқашан өзінің жаңалығы үшін моральдық жауапкершілікті сезінбеген еді.

Фашистік Германияның концлагерлерінде, тұтқындарға адам шошырлық эксперименттер мен түрлі биомедициналық технологияларды қолданып, ғылыми ізденістер жасалған. Неміс ғалымдарын әсіресе соғыс жүріп жатқан кезде қажетті, қолданбалы ғылыми теориялар қызықтырды. Әр түрлі группадағы донор қандарын, группасы тура келметін экспременттегі тұтқынға құю; адамдардың жұмыс қабілетін шамадан тыс ауыртпалықпен қинап, организмдегі өзгерістерді зерттеген; түрлі дәрі-дәрмектерді беріп, тәжрбиеден өткізген.

Зигмунд Рашер, зерттеу институтындағы дәрігер 1942 жылдың қазан айынан 1943 жылғы сәуірге дейін 400 адамға эксперимент жасаған дәрігер. Ұшқыштарға қажетті дерек жинау үшін экспрементке қатысқан 80 адам қатысқан. Оларды ауа қысымы азайған кезде адам организмінде болатын өзгерістерді бақылаған. Биокамераға адамды кіргізіп, одан кислородты аз-аздан сорып алған, сол кездегі адамдардың әрекеттерін қарап, қанша минутта, қалай өлетіндерін зерттеген. Адамдар шаштарын жұлып, көздерін шығарып қатты азаппен жан тапсырған.

Адамның төзімділігін, суыққа шыдамдылығын тексеру үшін жасалған экспериментте 300 адамннан бірде бірі тірі қалмаған. Эксперимент шынайы болу үшін, кейбіреуіне тамақ бергіп, алдын-ала дайындаған. Сосын адамды әр түрлі киіммен шығарып, кейбіреуінің үстне су құйып, суыққа қаншылықты шыдайтындығын анықтаған. Даладағы суыққа адам денесінің температурасы қаншалықты және қай уақытқа дейін шыдайтынын белгілеп отырған. Өлгеннен кейін денесін сойып денедегі өзгерістерді анықтаған.

«Мақсат құралды ақтайды»(цель оправдает средства) деп айтылатын сөз, ғылыми этикаға жат. Зигмунд Рашердің тәжирбиелерінен көргендей, өз мақсатына жету үшін қаншамаадам шошырлық эксперименттерді қолданған. Мақсаты дұрыс болғанымен, сол мақсатқа жетудегі құралының дұрыс емес екенін көреміз.

Достоевскиий сөзі бар: «Бүкіл әлемнің бақыты бір күнәсіз баланың көз жасына тұрмайды» деген. « Мақсат құралды ақтамайды (“цель не отравдивает средства») қазіргі ғалымдардың қызметінің негізгі басшылыққа алатын адамгершілік ұраны болуы керек. Осылайша ғалым өзінің мақсаты мен құралына, сонымен бірге өзің әрекетіне, ар алдында, адамдар алдында үлкен жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Қазіргі зерттеу жұмыстарының алдында ғылым адам танымын дамыту міндетін ғана койып отырған жоқ, сонымен бірге адам мен табиғат өмірін жақсарту (табиғатқа да, адамға да зиян келтірмей) міндетін қойып отыр.

Білім бұл билік деген сөз. Ертеде мұны жақсы түсінген.

Ғылым-моральға қарсы деген көзқарас бар (аморальна) Неге? Жаратылыста мінез құлықты ғылыми салыстыру, өлшеуге құрылған өзіңіздің махаббат, ар-ұятыңызды, намысыңызды өлшеп көре аламыз ба? Бұлар адамның сезіміне негізделген. Кейбір биологтар өздеріне тәжірибе жасайды. Ғылымда да моральдық критерийлер (талаптау) азғындап кеткен, бұзылған. Ертедегі грек құлды сөйлейтін құрал, ол адам емес деп санаған. Қазіргі биологтар жануарларға тәжірибе жасай отырып, адалдық пен парыз туралы ойланбайды. Мүмкін біздің ұрпағымыз Павловтың тәжірибесіне жиіркенішпен қарауы мүмкін. (иттерге жасаған тәірибесі). Бірақ этикалық мәселелер бәрібір ғалымның жұмысының нәтижесінің алдында тұрады. Бұл жерде әркім өзі шешеді.

Ф.Габер адамзатты азоттың жетіспеушілігінен құтқарған ғалым (аммиак алу жолын ашқан) бір кездері уланғыш заттарды әскери соғыста пайдалануды ұсынған. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Германиядағы әскери-химиялық өнеркәсіпті құруды ұйымдастыру болды. Соғыстан кейін ғалым соғыс өнеркәсібін дамытуға қатысты. Бұны азаматтық. патриоттық борышым деп түсінген.

Р.Оппенгейлеер екінші дүние жүзілік соғыс келінде атом бомбасын шығаруды басқарған. 1947-1953 жылдары АҚШ атом энергиясы жөнінде комиссияның төрағасы болады. 1954 жылы барлық постан алып тастайды. Оның кінәсі су астындағы бомбаларды шығару және атом қуатын тек бейбіт мақсатта қолдану қажет деп баяндағаны еді.

Академик П.Л.Капица кеңес үкіметі кезінде атом бомбасын шығаруға қатысты, 1945 жылы оны АНСССР физика проблемалармен айналысатын директорлықтан алып тастайды. Ол 8 жыл үйден шықпайтын тұтқынға алынады. Ол саяжайда өзінің баласы С.П.Капицамен бірге физикамен айналысады.

Академик А.Д.Сахаров- су астында бомбаның құрастырушы. СССР-дегі 50 жылдан бастап ядролық қаруды қабылдау жөнінде баяндама жасайды.Сахаров “размышление о прогресс, мирном существовании и интеллекуальной свободе” деген еңбегінде адамзат алдындағы қауіпті көре білді.демографиялық ашарлық, экологиялық апат, ұлтшылдық, диктаторлық режим. Бұл еңбегінің жарық көруі Сахаровты құпия жұмыстан шығарып жіберуге сылтау болды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 6450 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...