Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Оқытушы мен студенттің қарым-қатынасындағы шешілетін қатысымдық қарым-қатынас



Жоспары:

1. Коммуникация ұғымының мәні.

2. Оқытушы қызметіндегі сөйлеу мәдениетінің алатын орны.

3. Тілдік этикет нормалары

Лекция мазмұны:

1.1. Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді. Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара қатынасының көп қырлы даму үрдісі.

Оқытушы мен студенттің қарым-қатынасындағы шешілетін коммуникативтік және тілдік міндеттер түсіну, есте сақтау, жаттау, меңгеру, қорытынды жасау, жауап беру, теріске шығару, дәлелдеу. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің басты бір белгісі – оның сөз байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады. Сөйлеу функциялары мыналарды жүзеге асырады: оқытушы мен студент арасындағы байланысты орнатады; білім алушының санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп, оны қалыптастырады; оқу материалының студент санасында қабылданып, нығайтылуына әсер етеді.

Оқытушы cөзi aйқын aнықтылығымeн, aқылғa қoнымды, дәйекті дәлeлдiгiмeн тыңдayшылapды бaypaп aлып кeтeді. Оның cөзi oқyшылapғa өтiмдi бoлып, жaқcы әcep бepy үшiн дауыc ыpғaғының, cөйлey caзының зop мәнi бap.

Л.C.Maкapeнкo мұғaлiмнiң cөйлey қacиeтiнe былaй дeп мән бердi: "0қyшылap ciздiң cөзiңiздeн өзiңiздiң epкiңiздi, сіздің мәдeниeтiңiздi, жeкe epeкшeлiгiңiздi cезiнe aлaтындaй болу керек". Өз caбaғынa жaн-тәнiмeн бepiлгeн мұғaлiм шын жүpeктeн шыққaн жaлынды cөзi apқылы oқyшылapды еліктipe бaypaп әкeтeді. Eгep мүғaлiм өз cөзiнe нeмқұpaйлы, қaлaй бoлca coлaй қapaйтын бoлca, oқyшылap oны бірдeн бaйқaп қaлaды. 0ның бiлiмi мeн тәpтiбiнe кepi әcep етеді. Coндықтaн мұғaлiм күндeлiктi caбaққa дaйындaлғaндa, бaлaлapмeн түpлiшe қapым-қaтынacтa дұpыc cөйлeyгe дaйындaлyғa, өз cөзiнe өзi жayaпты қapay кepeк. "Mұғaлiмдiк тoнмeн cөйлe" дeгeн нaқыл ocы мiндeттepдeн тyғaн. Mұғaлiм пeдaгoгикaлық cөйлey фyнкциялapын дұpыc жүзere acыpy кepeк.

Cөйлey фyнкцияcы мынaлapды жүзeгe acыpaды:

а) Оқытушы мeн студент apacындaғы бaйлaныcты opнaтaды.

ә) Студенттің caнacынa, мoтивiнe, ceзiмiнe әcep eтiп oны қaлыптacтыpaды.

б) Оқy мaтepиaлының студент caнacындa қaбылдaнып, нығaйтылyынa әcep eтeді.

в) Студенттердің бiлiм жәнe тәжipибe жұмыcтapын дұpыc ұштacтыpып үйлecтipeді.

Пeдaгoгикaлық cөйлey мәдeниeтiн жүзeгe acыpyдa әp оқытушының өз cтилi бoлaтындығын тәжipибe дәлeлдeйді. Keйбip оқытушының caбaқ түciндipгeндeгi cөздepi ecтiлep­ecтiлмec, жaй, бip caзды бoлып ecтiлeді. 0ның өзі тыңдаушыға гипнозды түpдe әcep eтiп, oлapды жaлықтыpып, ұйқы жaғдaйын кeлтipeді. Бұл тұpғыдaн aлғaндa оқытушының cөйлey cтилiн, oның пcиxoлoгияcының бacты көpceткiшi дeceк тe бoлaды.

Оқытушының кoммyникaтивтiк мәнepiндe cипaттaлaтын cөйлey тoны, қoзғaлыcы, кeлбeт-пiшiнi, дeнe қимылы cөйлey мәнepiмeн үйлeciп тұpyы қaжeт. Coнымeн бipгe пeдaгoгикaлық cөйлey мәнepiнiң кoммyникaтивтiк фopмacы ayызшa cөйлey түpiндe мoнoлoг жәнe диaлoг бoлып бөлiнeдi: мoнoлoг фopмacындa aйтылaтын cөйлey жүйeci: әңгiмe, бaяндay, лeкция (epeжe, зaң тepминдepi, тaлқылay, бaғaлay т.б.) түpiндe кeлeді. Кейбір адамдардың дауыс тембрінде не көтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды.

Өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде өз даусын дұрыс жолға қойған ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен (грек шешені) өзінің тіл кемістігін жаттығу арқылы жоя білген деседі., ал В.Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін ағынды өзен жағасына барып, аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.

1.2. Коммуникативтік қарым-қатынас түрлері:

1) «Маска контактісі» – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады (кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге деген шын қатынасын, эмоциясын көрсетпей, жесттер, мимика қолданылады.

2) «Жабайы қарым-қатынас» – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз қылықтармен жауап береді.

3) Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны алдын-ала белгіленіп қойған және де әңгімелесуші туралы пікірі оның әлеуметтік орнына қарай анықталады.

4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала береді.

5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген тақырыпта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.

6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі.

1.3. Тілдік этикет дегеніміз не? Бұл ұғым философиялық, этикалық мағынада қарастырылады.

Этикет ережелерін сақтап сөйлеу адамзаттың ең үлкен жетістігі деуге болады. Соңғы кездері колледждерде, институтарда «этикет», «іскерлік этикет» т.б курстар ашылып, оқытылуда. Бұл қарым-қатынасты дұрыс реттеудегі адамның қажеттілігінен туып отыр, осы арқылы кәсіпте, тұрмыста, жалпы қоғамда жетістікке жетудің мүмкіндігі ашылады. Сөйлеу мәдениеті тілдік этикет арқылы реттеледі. Бұл жағдай құттықтау, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, қолпаштау. Комплимент айту, қайғысына ортақтасу т.б жағдайлармен байланысты.. Адамдардың осы қажеттілігінен «сөздік сипалау», тілдік этикетті ойлап тапқан. Амандасу кезінде өзіміз байқай бермейтін «Сәлем. Қал қалай?» деген амандасудың ешқандай жылулығы жоқ, формальды түрдегі қарым-қатынас болып саналады. Бұл жерде шын көңілімен сенің жағдайыңды білгісі келіп тұрған ешқандай жақындық байқалмайды.

Сөз адамның әлеуметтік статусын (мәртебесін) негіздейтін құрал. Мысалы, қымбатты әріптестер, ханымдар мен мырзалар, балалар, достар, жолдастар, деген сөздер әртүрлі жағдайда қолданылады. Сөйлеу кезінде стильді таңдау маңызды орын алады. Қарым-қатынаста сөйлеудің мәнін, әсерін төмендететін түрлері мынадай:

1) мен ойлаймын, мен жобалаймын деген өзін көрсеткісі келіп, сөйлеу

2) өзіне сенімдік білдіру: Э, і, яғни, жаңағы, нетіп, несі

3) сыпайы сөйлеу: «кешіріңіз», «рақым етіңіз»,

4) күн салқын сияқты ғой, ә, аяқтаймыз ғой, ия» деген сияқты екі ұшты оймен сөйлеу.

Этикетте әрбір қоғамға тән қатынас формалары көрініс табады. Мысалы, дәстүрлі қоғамда бұл салт-жоралар, әдет-ғұрыптар, рәсімдер деп аталады. Бүгінгі өмірде этикет нормаларының мазмұны қоғамдағы қатынастардың демократизациялануымен және гуманизациялануымен байланысты. Этикет мінез-құлық мәдениетінің маңызды саласы ретінде тәрбие арқылы қалыптасады. Этикет формаларында терең моральдық қасиеттер орын алады. Мысалы, «рұқсат етіңіз», «кешіріңіз», «рахмет», «өтінемін» және т.б. сөздер тұлғаның моральдық қасиеттері ауқымының көлемділігін көрсетеді. Бұл ілтипат көрсетудің немесе өткендегі іс-қылығына кешірім сұраудың бір көрінісі де болуы мүмкін. Этикет сыпайылық, ұстамдылық, сыйластық, ашықтық, әдептілік сияқты қасиеттерді пайдалануды қажет етеді. Сонымен бірге этикет ережелерін пайдалануда дөрекілік, бөспелік, арсыздық, әдепсіздік, жүгенсіздікке жол берілмейді.

Тілдік қатынасты реттеу мына ұстанымдарға негізделеді:

1. Сөзіңіз қарым-қатынас құру мақсатына сәйкес болуы тиіс. Артық мәлімет (сөйле) кейде айтып тұрған мәселеге қатысы жоқ болуы мүмкін. Тыңдаушы сіздің не айтқыңыз келгенін түсінбей қалады.

2. Сөйлеген сөзіңіз шындыққа жанасымды болуы тиіс. Өзіңіз сенбейтін, немесе күмән тудыратын, өзіңіз толық түсінбеген нәрсені айтпағаныңыз жөн.

3. Релеванттық ұстаным сақталуы тиіс, яғни тақырыптан ауытқымау қажет.

Сөйлейтін сөзіңіз анық, сенімді, түсінікті болу керек.

4. Сөйлеудің мәнін, көркемдігін бұзатын басы артық сөздер (мысалы, яғни, жаңағы, нетіп, несі) қолданбаған жөн.

5. Сөйлеу кезінде аудиториямен байланысты үзбеу қажет. (қағазға ұзақ уақыт қарау, дауыс ырғағын жоғалту т.б.)

Әдебиеттер тізімі:

1. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – Алматы: Қазақстан, 1986-118с.

2. Афанасьева Г.П. Общение как основы формирования способностей студентов к педагогической деятельности. Дис. К.п.н. М., 1985г., 98с.

3. Курбатов В. И. Культура речевого общения. – Ростов/нД, 1992.

4. Елеусізова Сәуле. Қарым-қатынас психологиясы, Алматы 1996 ж. 64бет.

5. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. 4 тақырып. Адамдар арасындағы қарым-қатынас





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2943 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...