Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Болашақ оқытушының кәсіби тұлғасы және оның құзыреттілігіне қойылатын қазіргі талаптар



Дәріс жоспары:

1. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби маңызды қасиеті: кәсіби, жеке моральдық.

2. Педагогикалық құзыреттілік: мәні және ерекшеліктері.

3. ЖОО оқытушының ақпараттық коммуникативтілік құзыреттілігі.

Дәріс мазмұны:

Жоғары мектеп оқытушысы — бұл арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіби маман.

Оқытушы жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздын алдынғы қатарлы адамы.

Оқытушының негізгі міндеттері:

1. Білім өндірісі, яғни ғылыми зерттеулердің өткізілуі, сараптаманың жүргізілуі,өндіріске енгізу және т.б.

2. Білімнің берілуі немесе оқу үрдісін барлық деңгейлерде өткізілуі,оның ішіне біліктілікті арттыру, кеңес беруді қоса отырып.

3.Білімнің таралуы, басқаша айтқанда, оқу және әдістемелік материалдардың, ғылыми және педагогикалық мақалалардың, монографиялар мен т.б. дайындалуы; мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға қызмет көрсетілуі және т.б.Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci.

Оқытушының маңызды қызметі - оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру.

Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.

2.Педагогикалық шеберлік компоненттері:

- Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;

- Мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;

- Кәсіптік көрегендігі;

- Педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;

- Ұйымдастырушылық шеберлігі;

- Оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс әpi уақытылы қабылдай алу.

- Ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;

- Педагогикалық техника.

Педагогтың қабілеттері мынадай түрде кездеседі:

-Ұйымдастырушылық қабілеті (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу).

-Дидактикалық қабілеті (оқу материалын ipiктей білу).

-Перспективтік қабілет (байқағыштық) (тәрбиеленушінің психикалық жан-дүниесін анықтау).

-Коммуникативтік қабілет (байланыс) (студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау).

-Зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу).

-Сөйлеу қабілеті (дауыс тонының дұрыс болуы).

-Елестете білу қабілеті (сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау).

Ғылыми еңбек белгілі қабілеттілікті қажет етеді, ал оның өзі кез - келген студентте болады. Әрине оны белгілі бір бағытта әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет - бұл ақыл - ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте проблеманы көрушілік. Резерфорд былай деген екен егер оның қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істеймін деп сұраса ұстазы оған ғылыми жұмысынды таста деп кеңес береді. Творчестволық ақыл - ой қарапайым нәрседен кереметті, өзгелер байқамаған сұрақты көре білуі тиіс. Венгер ғалымы А. Сент –Дьерд былай деп жазды. Жаңалық ашу - демек бәріміз көріп жүргенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу. Ал Д. Бернал былай деп түсіндіреді. Проблеманың шешімін тапқаннан гөрі оны көре білу әлдеқайда қиын. Оның алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне қиял қажет.

Мәңгі өлмейтін және сарқылмайтын таным көзі -педагогикалық тәжірибе, мектеп пен мұғалімнің ойдағыдай жұмыс істеуі де болып саналады. Педагогикалық қызметті бақылау, ондағы жаңа мен қызғылықты нәрсені аңғарту сөйтіп жетістікке жететін жағдайларды ойластыру қажет.

Алайда нақты мәселе бойынша ғылымда не істелгенін білмей тұрып, зерттеуді бастауға болмайды. Жарияланған материалдар тасқынына батып кетпес үшін түпнұсқаларды мұқият таңдай білу қажет. Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып қоймай оның текстеріне терең үңілу қажет. Ортағасыр ойшылы Абдуль-Фарадж мынадай кеңес береді: Кітаптарда тұжырымдалған ойлар біздің негізгі байлығымыз, ал өзімізде пайда болған ойлар - сол кітаптардың жемісі болуы тиіс.

Қазіргі нарық экономикасы тұсындағы басымдықтар мен құндылықтардың аусуы қоғамның жаппай ақпараттануы, мәдениеттің постиндустриалдық парадигмаға көшуін, білім философиясының жаңаруы, білімді адамның әрекетшіл, бейімді адам парадигмасына бетбұрыс жасалуы, білім мен мәдениеттің жуықтасуы, білім-мәдениет-менталитет мәселелерін еуразиялық идея түрғысынан қарастыруды да қажет етеді.

Қазірдің өзінде қоғамдық қатынастардағы парадигмалық өзгерістер үздіксіз білім беру жүйесіне ықпал ете бастады. Ғылыми айналымға түскен еуразиялық ұғымдарға педагогикалық тұрғыдан түсініктемелер, анықтамалар мен сипаттамалар да қажет дер едік. Еуразиялықтарға ортақ философия, ортақ тәрбие мақсаттары, еуразиялық басымдықтар мен құндылықтардың тағылымы, тұлғаның дамуындағы рационалдық пен ирроционалдықтың теңесуі, қазақ және қазақстандық мәдениетімізді еуразиямәдениетіне көтеру, еуразиялық мәдениет үлгілерін игеру студент жастардың еуразиялық мәдениетін қалыптастыру еуразиялық мәдени-ақпараттық дамытушы ортамен түлғаның өзара ықпалдастығы, болашақ мамандарды еуразиялық кеңістіктегі әлеуметтік серіктестік пен кәсіби бәсекелестікке дайындау т.б мәселелер зиялы қауымды толғандырып, арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай.

Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет:

1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;

2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;

3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа
білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;

4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;

5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.-Алматы,Ғылым,1998.

2. Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. М., 1995.

3. В.Н. Куницына., Н.В.Казаринова., В.М. Погольша. «Межличностное отношение». Учебник для вузов., Питер, 2001 -544 стр.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...