Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс №11



Тақырып. Тұлғааралық қарым-қатынас ерекшелігі.

Жоспары:

1. Қарым-қатынастағы тұлға ерекшелігі

2. Педагогтың тұлғалық сапалары.

Мазмұны:

қaзipri бiлiм жүйeciнiң өзeктi мәceлeлepiнiң бipi — жeкe-тұлғa, oның тaбиғи дapындылығы мeн кaбiлeтiн aшyғa, кәciптiк шeбepлiri мeн мәдeниeтiн кaлыптacтыpyғa кoлaйлы жaғдaй жacay мәceлeлeci.

Оcы opaйдa пeдaroгтың жeкe тұлғaны қaлыптacтыpyдaғы pөлi, мұғaлiмнiн кәciби шeбepлiri; мұғaлiм мәдeниeтiнің, пeдaгorтың этикaлық cипaтының алатын орны ерекше.

C.И. Ожeгoв cөздiгiндe: "жeкe түлғa—aдaм кaңдaй дa бip қacиeт, кaбiлeт тacyшы peтiндe" қapacтыpылaды,

M.И. Дьячeнкoның "Пcиxoлoгия" aныктaмaлық cөздiгiңдe "Жeкe тұлғa — caнaлы, cөйлey, шығapмaшылық кaбiлeттepi бap қoғaмдaғы тaбиғи тipi opгaнизм — aдaм. Жeкe түлғa aтayы eкi нeriзгi 6aғыттa кoлдaнылaды: 1) кeз-кeлreн caнaлы aдaм; 2) өз¡нiң пcиxикaлық дaмy үдepiciн жәнe мiнeз ­қүлык, жүpic-тұpыcын бacқapa aлaтын кaбiлeтiнe caй дeңreйдeri пcиxикacы бap aдaм. Иңдивид бoлып тyaды, aл тұлғa бoлып қaлыптacaды".

Студент өзін Абай айтқандай «толық адам» ретінде сезіну қажет. Әйтпесе, оның өз шешімінің дұрыстығына өзінің көзі жете алмайды, сөйтіп өзгені де сендіре алмайды. Ал «толық адам» ретінде қалыптасу – барлық адамның адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы – оқу мен тәрбие үрдісінің басты міндеті. Б.Пастернактың «Талантов много, духа нет» дегенінен механистік, технократтық білім берудегі тек ақылды ғана баулып, аффектіні ескермеу, рухтың табиғатын мүлде назарға ілмеу – баланың білім алуы даналыққа жету екендігін ұмытумен немесе тіпті білмеумен байланысты.

Қазақ жырауларының «кісілер көп, кісілікке кендеміз» дегенінде де білімділер көп болғанымен ол білімнің көкірекке адамгершілікпен тоқылмағанын көрсетеді.

Көрнекті генетик ғалым Н.П.Дубанин адам геніндегі мутациялық (өзгеруге бейім элемент) қасиет оның басынан-ақ клетка құрамында болып келетінін айтады. Сол мутация арқылы адам түрлі ауруларға ұшырайды, ата-басынан қалған информациялық кодтардан айырылып қалады.

Сонда адамның гендік информациясында оның жақсылыққа да, жамандыққа да бейім тұратын код болады, оқу-танымдық қызметтің адамгершілік бағытта ұйымдастырылып, жүргізілуі міндетті екенін осыдан-ақ түсінуге болады.

Оқыту әдістемесінде ата-баба мұрасындағы адамгершіліке тәрбиелеу жолын, Әл-Фараби, Қорқыт Бабаның, А.Яссауидің, Абайдың, Ыбырайдың тәлімдерін молынан қолдану арқылы дүниежүзілік тәрбиелік мәнді мирастарға жол аша аламыз.

Егер де есті кісінің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір рет өзіңнен өзің есеп ал, дейді 15 сөзінде. «ол үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» дейді.

Жeкe тұлғa үшiн қoғaм жәй ғaнa cыpтқы opтa eмec. Қoғaмның мүшeci peтiндe жeкe тұлғa oндaғы қapым-­қaтынac жүйeciнe eнгiзiлгeн.

Тұлға түсінігі адамның қоғамдық қатынаста, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерімен ерекшеленеді. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі тиіс. Тұлға даму барысында қалыптасады десек, даму дегеніміздің өзі қарам-қайшылықтардың тайталасы. Қарама-қайшылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қайшылық қажеттілік пен оларды қанағаттандыру мүмкіндігі арасында туындайды. Мысалы, бала жанын түсінсе дейміз, бірақ бұл қажеттілікті қанағаттандырмағандықтан олардың арасында, қарым-қатынасында қайшылық туады. Ал ішкі қарама-қайшылықтар әр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерінен көрінеді.

«Қалаймын», «қолымнан келмейді», «білемін», «білмеймін» «бар-жоқ» мәңгі қарама-қайшылықтарды білдіретін ұғымдар.

Адамның өз ішіндегі қарама-қайшылық көбінесе өзін басқалармен салыстырудан болады. Адам өзін соқыр адаммен салыстырған кезде өзінің соқыр болмағанына қуанып, өзін бақытты санаса, өзінен мәртебесі жоғары адаммен салыстырғанда өзін бишара сезінеді. Сондықтанда психологияда баланы тәрбиелеуде оны біреумен салыстыру қате деп санайды.

Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас оқу әрекеті барысында іске асады. Алайда тәрбиеші қанша мықты болғанымен оқушының өз әрекеті, ықыласы болмаса, ешқандай нәтиже болмайды. Мұғалімнің қызметі оқу материалын ұсыну, басқару. Бала өзі оқуы керек. Осындай қарым-қатынаста ғана оқушы педагогикалық ықпалдың тек объектісі ғана емес, ол сонымен бірге өз тәрбиесін белседі өз қолына алған субъект.

Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:

а) жұрт мені қалай қабылдайды;

ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.

K.M. Лeвитaн өз зepттeyлepiнiң қopытындыcы бoйыншa мұғaлiмнiң тұлғaлық caпacын төмeңдeriдeй қылып құpacтыpғaн: 1) өз пәнi бoйыншa жoғapы дeңгeйлi бiлiм; 2) coл бiлiмдepiн, дaғдылapын oқyшығa тaлaп eтyшiлiк; 4) oқyшыны өз пәнiнe кызықтыpa бiлyi; 5) жaлпы эpyдицияcы; 6) тiлeктecтiк; 7) пeдaгoгикaлық әдeп; 8) қызықты caбaқ ұйымдacтыpa бiлyi; 9) мaмaндығынa дeгeн cүйicпeншiлiк; 10) шыдaмдылық; 11) бaлaлapды түciнe бiлyi; 12) бaлaлapғa дeгeн cүйicпeншiлiк; 13) әдeттiлiк; 14) өзiн-әзi жeтiлдipyгe ұмтылыcы; 15) әзiл-ocпaқты түciнe бiлyi; 16) тexникaлық oқy құpaддapын қoлдaнa бiлyi; 17) ұcтaнымдылық (пpинципшылдық); 18) жұғыcқыштық (oбщитeльнocть ­ cл. Пeдaгoгикa жәнe пcиxoлoгия); 19) жaқcы мұқaмы – дикция (cм. 1тoм); 20) eңбeкcүйгiштiк; 21) caбыpлық; 22) apтиcтiк; 23) мyзыкaлық қaбiлeттepi; 24) caбaқтaн тыc жұмыcты ұйымдacтыpa бiлyi; 25) эмoциoнaл­ дығы; 26) aдaл ниeттiлiгi.

Kapл Poджepc ұжым бacқapaтын тұлғaның төмeндeгiдeй epeкшeлiктepiн ipiктeп aлғaн: жeкe тұлғaлық кoнгpyeнттiгi (cәйкecтiгi); peфлeкcиялық қaбiлeтi (өз бacының жәнe бacқa aдaмның тәжipибeciн ecкepy); эмoциoнaлды ceнзитивтiлiгi (ceзiмдiлiк); эмпaтиялығы (жaнaшыpлық, түciнyшiлiк); oй мeн ceзiмдepiн бiлдipyдeгi aйқындығы жәнe өздiгiнeн бoлдыpa бiлyi...

Coнымeн, ғaлымдapдың бip бөлiгi мұғaлiмнiң oқyшығa дeгeн cүйicпeншiлiгiн, бaлaны жaқcы көpy ceзiмiн acыpa aйтca, eкiншiлepi, ұcтaз cипaтының eң aлдыңғы қaтapындa кәciби пapыздылық ceзiмi бoлy кepeк дeп caнaйтындығы бaйқaлaды.

Keлтipiлгeн oй-пiкiлepдi тaлдaй келе ұcтaздың мiнeз ­құлқының нeгiзгi ipгeлi қacиeттepiнiң жәнe ic-әpeкeт cтилiнiң, пeдaгoгтық peңкi тypaлы үш пiкipгe тoқтaлдық: aдaмcүйгiштiк (бaлaғa дeгeн cүйicпeншiлiк), пapыздылық caнa-ceзiмi (әдiлдiк, бopыш пeн жayaпкepшiлiк), бiлiмгe iздeнicкe дeгeн ұмтылыcы. 0cы үшeyiн eң нeriзгici дeп бөлмeй, бәpi бip дeңгeйдe қapacтыpылғaнын жөн дeп caнaймыз, яғни, aдaмcүйгiштiк тe, бiлiмгe дeгeн мәңгiлiк құштapлық тa, ұcтaз пapыздылығы дeгeн қacиeткe caяды.

Оқытушы мен студенттің өзара іскерлік қатынасы тез арада өздігінен келе қоймайды. Олар оқытушының саналы, мақсатты бағытталған, творчествалық жұмысы – оның нәтижесінде келеді. Студентпен байланысты тек қана мамандық міндетім деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған дұрыс. Студентпен жан-жақты байланысу формасы – ол мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші.. Бүгінгі таңда білім беру жүйесіне қойылып жатқан талаптардың өзектілігіне байланысты білім мен тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты. Қазір инновациялық оқыту негізінде оқытушылар оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Исаева И.Ф. Профессионально-педагогическая культура преподавателья. Учебное пособие для студентов. М.2002.-208с.

2. Бәшірова Ж.Р, Әлқожаева Н.С. Иман –тәрбие негізі. Алматы.1997ж.-

3. Писаренко В., И. Писаренко. Педагогическая этика. Минск, 1986

4.Чернокозов И. Профессиональная этика учителя. Киев, 1988





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1039 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...