Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мазмұны. 1.1.Қазіргі заман талабына сай кез келген оқытушының технологиялық мәдениеті жоғары болуы тиіс



1.1. Қазіргі заман талабына сай кез келген оқытушының технологиялық мәдениеті жоғары болуы тиіс. Ең алдымен, «технологиялық мәдениет » ұғымының мәнін ашайық. «Технологиялық мәдениет» түсінігі 1995ж. Москвада «Технология» бағдарламасының проблемалары, перспективалары, жүзеге асыру және ендіру тәжірибесі» тақырыбына өткен 2-ші халықаралық конференция шешімінде пайда болды. Онда «тұлғаны дамытудың негізгі шарттарының бірі ретінде жастардың технологиялық мәдениетінің қажеттілігін бүкіл әлем мойындайды» делінген. Технологиялық мәдениетті тұлғаның көрінісі төмендегідей өзара байланыстағы құрылымдық компоненттер арқылы көрінеді: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.

Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның түрлендіру әрекеті үдерісіне қажетті құндылық бағдарының, мотивтерінің, құзырлық іскерлігі мен адамгершілік-ерік қасиеттерінің кешенімен сипатталады.

Мазмұндық компонент тұлғаның түрлендіру әрекетінің әдістері мен тәсілдері туралы ғылыми және технологиялық білімінің жиынтығын құрайды.

Іс-әрекеттік компонент тұлғаның меңгерген білім, іскерлік, дағдысының негізінде алдыға қойған мақсатқа жетудегі әр түрлі технологияларды пайдалану қабілеті ретінде сипатталады. Бүгінгі мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы белсенді азамат тәрбиелеп шығару

Сонымен мұғалімнің технологиялық мәдениеті – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

1.2. Технологиялық мәдениетті жоғары меңгерген оқытушының шешуге тиісті міндеттері:

1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістерімен оқыту;

2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;

3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету.

Технологиялық мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген оқытушы:

- ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білуі тиіс;

- мамандықты және пәнін жақсы білу керек;

- мұғалімнің өзінің сенетіндігін көрсететін және шығармашылық таным үдерісін дамытатын энергияның болу қажет.

Технологиялық мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген оқытушыға тән мінез-құлық:

- баланы сүйе білу – ізгіліктілік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;

- баланы құрметтеу – әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиетті;

- балаға сену – оқу үдерісіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім;

- баланы білу – тұлғаның жан дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі; гуманист болу – адамды тани білу;

- баланы түсіну – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білу қабілеті;

- жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау (әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, оның тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады);

- оқу үдерісіне қатысушы ретінде адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;

- тұлғаны дүниені тұтастай қабылдауына көмектесуі. т.б.

Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:

1. Әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар-намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық);

2. Рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, білімпаздық);

3. Коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя білушілік);

4. Эмпатиялық сапа (өзара түсіністік, қайырымдылық, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік);

Педагогтің адамгершілік қасиеттері: (дәлелдей білушілік, ұстанымдылық, патриотизм, ұжымшылдық, тәртіпшілдік, мәдениеттілік).

Педагогтің кәсіптік-этикалық іс-әрекеті:

Тұлғаны ерекше өмір сүру салтымен, мақсаттылығымен, арнайы қарым-қатынас жүйесін, адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы пікірлер мен жетістіктерін үнемі жетілдіру отыруға ұмтылысымен сипатталады.

Педагогикалық шеберлік:

- Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

- Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай алу дағдысы, формалары мен тәсілдері);

- Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік);

- Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық). Мұғалім осы құрылымдарды толық қамтығанда ғана оның технологиялық мәдениеті қалыптасады.

Ал, енді осы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі туралы жалпы тоқталып өтейік. Алдымен, кәсіби құзыреттілікке анықтама берейік. «Маманның белгілі бір мамандықтың, кәсіптің, біліктіліктің стандарттарына, атқаратын қызметінің талаптарына, қажеттіліктеріне, дене, психикалық және рухани сәйкес келуі қасиеті, сапасы мен жан-күйі».

Әдебиеттер тізімі:

1. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – Алматы: Қазақстан, 1986-118с.

2. Афанасьева Г.П. Общение как основы формирования способностей студентов к педагогической деятельности. Дис. К.п.н. М., 1985г., 98с.

3. Курбатов В. И. Культура речевого общения. – Ростов/нД, 1992.

4. Елеусізова Сәуле. Қарым-қатынас психологиясы, Алматы 1996 ж. 64бет.

5. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. 4 тақырып. Адамдар арасындағы қарым-қатынас





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2797 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...