Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Тренинг – педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін реттеу құралы



Жоспары:

1.Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

2. Қарым-қатынасты реттеуге арналған тренингтер.

Мазмұны:

Оқытудың әдеттегі әдістері (мысалы: лекция, оқу, рефераттар жазу) мінез-құлқындағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырмайды. әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оқытудың тиімді әдістерінің бірі тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);

• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;

• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;

• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;

• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;

• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және «келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;

• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;

• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;

• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.

Танысу кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті бөлімі болып табылады. Қатысушылар бір-бірін танитын болса да танысу сәті жүргізіледі. Танысу топты жинақтауға, қатысушыларды оқыту процесіне тартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Егер қатысушылар оқыту процесінің ары қарай жалғасуына қызығушылық танытса, онда танысу сәтінің мақсаты орындалған деп есептеуге болады.

Танысу ойындары:

«Кесек қар» ойыны. Барлық қатысушылар өз кезегімен есімдерін атап шығады. Әрбір келесі отырған адам өз есімінен бұрын алдыңғы қатысушының есімін қайталайды.

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны. Оқушыларға өзі туралы екі ақиқат және бір шындыққа жанаспайтын пайымдаулар айту ұсынылады. Мысалы: Мен Алматыда туып-өстім, «Ару» фильмінде басты рөлде ойнадым, балмұздақты жақсы көремін.

«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстыру. Бұл жаттығу жұптасып өткізіледі. Бір минут өзара әңгімелескеннен кейін әрқайсысы көршісінің аты-жөнімен, шұғылданатын сүйікті ісімен таныстырады.

« Келісім» (топтың жұмыс ережесін) қабылдау

Оқушылар сабақтың басынан бастап өзінің оқуына жауапкершілігін сезіну үшін және жадығатты меңгеру тиімділігін арттыру үшін келісім, яғни тренинг сабағындағы мінез-құлық ережесін қабылдау ұсынылады. Келісім мәтіні алдын ала тақтаға немесе қағазға жазылады. Қағазда болса көрінетін орынға ілінеді. Келісімнің әрбір тармағы оқылады және бірлесіп талқылағаннан кейін қабылданады. Оқушылар ұсынған жаңа тармақтар қабылдануы да мүмкін. Дауыс бергеннен кейін барлық қатысушылар келісімнің тармақтарының орындалуына жауапкершілікте болатынын топқа түсіндіру қажет. Келісімнің қабылдануы әрбір қатысушы өз сезімдері мен көзқарастарын білдіруге, сын мен мысқыл нысаны болудан қаймықпауға, әрбір артық әрекеті сабақта талқыланып, топтан тысқары шықпайтынына сенімді болуына ықпал етеді. Келісім тренинг толық аяқталғанша ілулі тұрады.

Келісім үлгісі:

• бәріміз де өз оқуымызға жауаптымыз;

• бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;

• «көтерілген қол» ережесімен кезекпен сөйлейміз;

• тек істің мәні бойынша айтамыз;

• өз пікірімізбен бөлісеміз;

• мағынасыз сұрақтар қойылмайды;

• басқалардың сезімін бағалаймыз;

• құпиялылықты сақтаймыз;

• уақыт шектеуін сақтаймыз;

«Ойға шабуыл». Бұл әдісте оқушының қойылған сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны қағазға немесе тақтаға жазып түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын оқушылар білуі тиіс. «Ойға шабуыл» «4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары таңдап алынады да, қосалқылары қалдырылады, яғни жауаптың тиімді нұсқасын топ талқысы таңдайды. Бұл әдіс мынадай қажеттіліктерде тиімді болады:

• күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;

• өзіне сенімсіз оқушыларды талқылау ісіне ынталандыруға;

• қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау қажет болғанда;

• дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын анықтауға;

Шағын топтардағы жұмыс. Оқушылар 4-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір, екі, үш, төрт деп санауды ұсынады. Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйксс алынады. Біріншілер бір топқа, екіншілер екінші топқа т.с.с. топтасады. Шағын топтардағы жұмыс барлық қатысушыларды белсенді іс-әрекетке, ашық пікір алмасуға, пікір сайысқа тартуға мүмкіндік береді. Тапсырма орындалғаннан кейін әр топ орталарынан жұмыс қортындысын хабарлайтын жетекші таңдайды.

Серігу үлгілері:

«Салат» ойыны:Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жемістердің атын кезекпен атап шығады: алма, алмұрт, шабдалы, өрік. Алдымен алмалардың, сонан кейін алмұрттардың, тағы басқаларының орын ауыстыруларын сұрап, қозғалысқа келтіреді.

Оқушыларға өзінің жұмыс қабілетін бес баллдық жүйемен бағалау ұсынылады. Мысалы, мен бүгін 3 баллдық деңгейде тұрмын, себебі ұйқым қанбаған.

Назар аударуға және байқампаздыққа жаттықтыратын ойын. Стол үстіне кез-келген бірнеше зат қойылады. Оқушылардың біреуі өз қалауымен заттарды мұқият қарап шығады да, сыртқа шығып кетеді. Мұғалім заттың бірін алып тастайды. Сырттағы оқушыны шақырып, жоқ заттың атын атауды сұрайды.

«Мен сияқты жаса». Оқушылар шеңбер жасап орналасады. Ортасына жүргізуші шығып бір жаттығу жасайды, оны басқалары қайталайды. Келесі оқушы ортаға шығып жүргізуші ретінде басқа бір жаттығу көрсетеді. Осылайша 3-4 минут жалғасады.

«Сын есімді қос». Оқушылар шеңбер жасап орналасады. Ортасындағы жүргізуші допты кез келген біреуіне лақтырады да, өз есімінің бірінші әрпінен басталатын сын есімді қосып айтады. (Мысалы: Асқар-алтындай, Берік-болаттай, Ескендір-есті, т.б.) допты қағып алғаны өз кезегімен есімін сын есім қосып атайды да, келесіге тастайды. Ойын 3-4 минут жалғасады.

Әдебиеттер тізімі:

1. А.Алимов. ЖОО интербелсенді әдістер.А.,2009

2. Пидкассистый П.И., Хайдаров Ж.С. “Технология игры в обучении и развитии”, М: 1996





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 4985 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...