Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар



Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов, Г.С.Виноградов, чуваш педагогы Г.Н.Волков, татар педагогы Я.И.Ханбиков, азербайжан педагогы А.Ш.Гашимов, грузин педагогы А.Ф.Хинтибидзе, Қырғызстан ғалымы, академик А.Э.Измаилов, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев, т.б.

Кейбір ғалым-педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда, халық педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К.Д.Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтың идеясын дәлелдеді. К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген. Ол: “Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды”, – деп тұжырымдады. Осыған орай, халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық – бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері – халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2371 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...