Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары



Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль – адамның өзі» деп тұжырымдайды.

Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым қатынас туғызады.

Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жинтығы. Басшының стилі –бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.

Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әркеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әркетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны түгелдей, егжей-егжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрі обективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

1. Іс-әрекет сипаты;

2. Басшы мен бағыныштылар арасында өзара байланыс;

3. Психологиялық қасиеті;

4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріп отырады.

Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Стильдің қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

Басқару стильдері:

1. Авторитарлық стиль – бұл адам барлығына тең нұсқау жасайды, тек бұйырады. Басқа адамдардың айтқанын тыңдамайды. Көбінесе жекіріп сөйлейді. Осы адамның қол астындағылардың барлығы бағынышты жағдайда болады. Бұл стиль күрделі жұмыс жасаған кезде қолайлы болатын шығар, мұндай стилді Наполеон стилі дейді.

2. Либералды стиль. Еркіндіктің жоғары дәрежесі. Анархияға жақын өзімен - өзі жүзіп бара жатқан қайық. Мұндай басшылар көбінесе тәртілікті сақтамайды, ережелерді қиналып орындайды, қиналып міндетін атқарады, адамды аз сынайды. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен саған, сен маған».

3. Мейірбанды стиль. Өктемшілдік, сөзді тыңдаған кезде күлімсіреп, иығыңызға қолын салады, ал одан кейін өзі қалай істегісі келсе солай жасайды. Бірақ мұндай басшы өзімен істес болған адамдар жөнінде шынында да қамқорлық жасай алады. Алайда шешім қабылдау әрдайым осы адамның қолында болады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Мен сізді түсінемін, бірақ...», «Мен сізді тыңдап тұрмын, бірақ....»

4. Демократиялық стиль. Демокртиялық әкімшілік басқару стилінің жоғары деңгейі. Ол үшін әкімшілік пен басқару тобының және ұжым мүшелері арасындағы тұрақты өзара қатынас түсіністік ұйымшылдық және өзара қарым – қатынас жүйесі қолданылады. Басшы мен бағынушылар мақсат пен проблемалармен жұмыс істейді. Шешімдерді бірауыздан қабылдайды және топтың барлық мүшелері жаупкершілікті өз мойына алады. Бұл адамның ең сүйікті сөзі «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

5. Кооперациялық стиль. Басқару жөніндегі өкілеттіліктің бір бөлігі ұжымға берілген әкімшілік басқару процесіне қатысушылардың оның пікірінше өздері мүдделі болып отырған мәселелер бойынша кеңес береді. Қызметкерлер бір мезгілде басқару органының мүшелері болып табылады.

6. Араласпау стилі. Бұл стиль кез келген басқа әкімшілік стильден алшақтау болады. Әкімшілік қиын қыстау кедеңде басын құмға жасырады. Ол дұрыс жасамағандардан теріс айналып кетеді. Адщамдарды ешқашан объективті түрде бағаламайды. Әрбір ұжым мүшелеріне қолайлы ыңғайлы болса, солай істеуге мүмкіндік береді, төтенше жағдайда қашып кетеді. Жауапкершілікті ешқашан өзіне алмайды.

7. Агрессивті бумеранг стиль. Бұл адам басқалармен жекіріп сөйлейді. Қызуы тез көтеріледі, басылуы қиын сөйлеу мәнерлігідөрекі. Шыдамсыз кейде кекетіп сөйлейді. Көптеген мақал – мәтелдерді қолданады. Ең сүйікті сөзі «Мен». Мимикасы өте шапшаң, мұндай адамдар өзін - өзі басқара алмайды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 7257 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...