Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәрбие жұмысы



Бұл бөлімге мектепішілік және мектептен тыс тәрбие жұмыстары жайлы мәселе кіреді. Олар:

1. Барлық сыныптардан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының жүйесінде оқушылардың адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, интернационалдық, экономикалық, экологиялық, құқық тәрбиесінің мазмұндарын және өткізу әдістерін жетілдіру.

2. Оқушыларды өзіне-өзі еңбек етуге баулу, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, шығармашылық жұмысқа тарту, әр түрлі үйірмелердің іс-әрекеті, т.б.

3. Оқушыларды өзін-өзі басқару жұмысына үйрету, педагогикалық басшылық жасау.

4. Ұжымдық шығармашылық істің байқауын өткізу.

5. Тарихи-патриоттық тәрбие тақырыптарына байланысты жорықтар, көрмелер, конференциялар ұйымдастыру.

6. Жас әншілердің, бишілердің, музыканттардың сайысын өткізу.

7. Оқушылардың спорт жұмыстарын дамыту және жетілдіру мәселелері.

8. Мектептен тыс білім және тәрбие беретін мекемелермен, яғни жас техниктер және жас табиғат зерттеушілер үйірмелерімен, балалар кітапханалары, жас көрермендер театрларымен ынтымақтасу.

Мектеп пен үйелменнің бірлестігі

Бұл бөлімге кіретін басты мәселелер: мектеп пен ата-аналар комитетінің байланысы; ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеруге байланысты педагогикалық насихат жұмыстарының негізгі түрлері; лекториялар, семинарлар, конференциялар, т.б.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2142 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...