Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІІІ топ – мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады, бұл ұнамды топ



Қабылдауды екі түрге бөлуге болады: басшының инициативасы (шақыруы) бойынша қабылдау және қол астындағылардың өтініші бойынша қабылдау.

Басшы қол астындағыларды әңгімеге тарта білуі, өзіне сендіре білуі тиіс. Егер қол астындағылар өз мәселесін басшысыз шешуге тырысатын болса, онда мұндай басшыға сенім болмайды.

Кездесудің бастапқы сәті бірнеше түрге бөлінеді:

1. Басшы орнынан тұрмайды, бірақ келген кісіге қарайды.

2. Орнында отырып амандасады.

3. Орнынан тұрып амандасады.

4. Келушіні қарсы алып амандасады, орын ұсынады.

Қабылдауды ұйымдастыру:

- белгіленген уақытты мүлтіксіз орындау қажет. Егер 10 минуттай кешіксеңіз кешірім сұрайсыз, ал 30 минуттан астам кешігетін болсаңыз басқа уақытты белгілеңіз;

- қабылдауды ұйымдастырғанда басқа келушілер де, телефон шылдыры да бөгет жасамайтын болсын. Мәжілісті немесе кеңесуді ойдағыдай өткізу үшін басшы өзін ғана айтып қана қоймай, тыңдай да білсін. Шет елдердегі іскерлік, әкімшілік мектептері өз бағдарламасына «жасампаздық тыңдау» атты пәнді енгізетіні белгілі.

- Әлеуметтік психология жөніндегі мамандар тыңдаушылардың қателіктері мен зиянды әдеттерін зерттеп, осының негізінде арнайы курс ұйымдастырып, онда жаттықтыру арқылы тыңдау тиімділігін едәуір арттыруға болатындығын дәлелдеген.

- Әңгімелесушіні тыңдай білу – ерекше төзімділікті қажет ететін күрделі іс. Әрине, мұндайда сіздің көкейіңізде көптеген проблемалар тұрғанымен, әрі сіз күні бойғы жұмыстан шаршағаныңызбен немесе жүйкеңіз қажып, мазаңыз болмай тұрса да әңгімелесушінің сөзін зейін қойып тыңдауға тиіссіз.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2014 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...