Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе сөзде талқыланатын проблемаларды қысқаша (3-5 минуттай) түсіндіріп өткен жөн



Мәжіліс тө рағасы неден бас тартуы тиіс?

Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:

- үстемдік етушілер (подависты) – олар қызу басталған талқылауға қысым көрсетуге тырысады;

- елірмелер (дурманисты) – бұлар мақсатқа басқаша жолмен жетеді, - олар мәжіліске қатысушыларды өз білімімен таң қалдыруға тырысады, бірақ жұртшылық мәжіліс төрағасының не жөнінде айтып отырғаны туралы ештеме білмейді. Бұған екінші бір елірме қарсы тұруы мүмкін:

- қорқытушы (устрашист) – бұл ауыр бульдозер: бұл дауысы ащы шығатын қызыл шырайлы адам, оған қарылық көрсете қалсаң, шабынан тулап, қояншығы ұстай жаздайды;

- былықтырғыш (путанист) – тиісті жерінде мәжілістің берекесін кетіреді. Мұндайда ешкім не мәселе талқыланып отырғанына, тіпті күн тәртібіндегі қандай бапқа таласып отырғаны туралы бейхабар қалады.

Бөлмені әзірлеу – бөлменің дыбыс өткізбеушілігі жақсы, ауа температурасы қалыпты, мебельдері, желдеткіштері жұмыс істеуге ыңғайлы болуы тиіс.

Мәжілісті өткізу. Қанша адамның келмегеніне қарамастан мәжілісті дәл белгіленген уақытында өткізу қажет. Оны дер кезінде өткізудің өзі-ақ кешігушілерді бірте-бірте азайтады. Мәжіліске қатысушылар оның жұмысына белсене ат салысуы тиіс. Мұндайда басшы (төраға) қабілетінің зор мәні бар. Адамдарды зорлап сөйлетудің де қажеті жоқ.

Регламент кез келген мәжілістің бұлжымас заңы болуы тиіс. Мәжіліске кешігуі секілді, регламенттің бұзылуы да қызметтегі кемшілік болып саналады. Оның үстіне жиналысқа қатысушы тек өз жұмыс күнін ғана кемітетін болса, ол жиналысты кешіктіру бүкіл ұжым мүшелерінің жұмыс күніне, яғни өндіріске үлкен зиянын тигізеді.

Ұйымдық техникаларды қолдану. Негізгі түрлері: көрсететін бейне құралдар, радиомикрофондар, дауыс зорайтқыш құралдар, компьютерлер регламенттік және хаттамалық (протоколдық) ұйымдық техникалар көбейткіш аппараттар.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1827 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...