Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мектепті басқару әдістері және стилі



Мектепішілік басқару әдістерін және формаларын іске асыру көптеген факторларға байланысты. Олар: мектептің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, мамандарды іріктеп алу, оларды тәрбиелеу, оқу-тәрбие жұмысының деңгейі, әсіресе мектеп директорының, оның орынбасарларының теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, стилі, т.б.

Мектеп басқару әдістері – бұл барлық ұжым мүшелерінің бірлесіп тұтас педагогикалық процестің мақсаттарының, принциптерін және мазмұнын іске асыруда басқару тәсілдерінің жүйесі.

Басқару әдістерінің жетекші функциялары педагогикалық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру, оған дем беру, ұжымның ықпалдық әсері. Әдіс педагогикалық және оқушылар ұжымының, ата-аналар жұртшылығының күшін, олардың ынтымақтастығын біріктіруге игі әсер етеді.

Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.б.)

Қызметтiк мiндеттерi: Бiлiм мекемесiнiң жарғысы мен басқа да нормативтi құқықтық актiлерге сәйкес, мекеменiң барлық қызмет түрлерiн басқару. Оқу мекемесiнiң кеңесiмен, қоғамдық ұйымдармен бiрiге отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үрдiсiнiң күнтiзбелiк графигiн, iшкi тәртiп ережелерi мен басқа да нормативтiк актiлердi жасайды және бекiтедi.Сонымен қатар бiлiм мекемесi қызметкерлерiнiң қызметтiк нұсқауларын, басқару құрылымын, штаттық кестесiн бекiтедi.Бiлiм берi саласын жүргiзу құқығының лицензиясына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жағдайын қалыптастырады және оларды әлеуметтiк қамқорлыққа алады.Бекiтiлген әкiмшiлiк ауданындағы балаларды жалпыға бiрдей мiндеттi олқумен қамтамассыз етедi. Әдiстемелiк бiрлестiктер мен мұғалiмдер ұйымының қызметтерiне басшылық жасай отырып, олардың балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарын заңдылықтарға сәйкес бағыттап отыруын қамтамасыз етедi.

Бiлуi керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ” заңдарын, басқа да бiлiм берудегi нормативтiк құқықтық актiлердi (педагогикадағы, педагогикалық психологиядағы, жасөспiрiмдер физиологиясының, мектеп гигенасының); қазiргi психолого-педагогикалық ғылыми және практикалық жетiстiктердi, социалогия негiздерiн, экономиканы, еңбек туралы заңдарды, бiлiм ұйымындағы қаржы-шаруашылық жағдайын, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, өндiрiстiк тазалық және өртке қарсы шаралар ережесiн.

Мамандыққа қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi немесе бiлiм беру ұйымында 5 жылдан кем емес басқарушылық қызметi болуы тиiс.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 6279 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...