Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі



Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасының орындалуын, сабақтың берілу сапасын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жүйесін, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгірімін бақылайды, мұғалімнің сағат жүктемелерін, сабақ кестесін жасайды.

1. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және оқу-тәрбие жұмысының есебін береді.

2. Директормен бірлесіп сыныптарды жасақтайды.

3. Тоқсандық және жылдық мектептің жұмыс жоспарын жасайды.

4. Мұғалімдердің тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға басшылық етеді және бекітеді. Мұғалімдердің сабақ жоспарының сапалы жасалуын бақылайды және оқу үдерісін жоспарлауды үйретеді.

5. Мектеп оқушылары үшін сабақтың және сабақтан тыс жұмыстардың (кеңес беру және қосымша сабақтар) кестесін жасайды.

6. Жұмысқа келмеген мұғалімдердің орнын алмастырады, келмеген мұғалімдердің орнына сабақ бергендердің есебін жасап отырады. Айлықтың табелін жасайды.

7. Сабаққа, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысып, сараптайды, әдістемелік көмек береді. Бір аптада 10-12 (бақылау) сабақтар мен іс-шараларға қатысуға тиісті.

8. Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануын бақылайды және ұйымдастырады.

9. Директормен бірлесіп мектепішілік бақылаудың кестесін жасайды. Оған оқушылардың білімін жан-жақты бақылауды, тексеру мерзімін, бақылауға жауапты адамды, тексеру қорытындысын ендіреді.

10. Оқу бағдарламасының орындалуын бақылайды.

11. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды, мұғалімдердің озат тәжірибесін қорытады және таратуды ұйымдастырады.

12. Мектеп оқушыларының дәптерін, күнделігін, сынып журналының толтырылуын тексереді.

13. Оқушылардың мінезі мен үлгерімін бақылайды.

14. Оқу ісінің меңгерушісіне қатысты шешімдермен қаулылардың орындалуын қадағалайды.

15. Нашар оқитын және мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар тобына жеке бақылау жасайды.

16. Жергілікті комитеттің өндірістік комиссиясының жұмысына көмек береді.

17. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруін ұйымдастырады.

18. Сырттан келушілерді қабылдайды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 9411 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...