Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басқарушының ролі



Басқару туралы ұлы маман П. Друкер: «Басшы уақыт өте келе қалыптаспайды. Басшы болып туылады» деген. Ол ұйымның мақсаты қатардағы адамды тұлға ретінде қалыптастыру деп шештік, бірақ әрбір қызметкерлерден жарқын тұлға жасау мүмкін емес және оны талап етудің қажеті жоқ. Басқару өнерін алмастыру мүмкін емес, бірақ ол басшыға өзінің жұмыс қабілетін көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Басшы еңбегінің нәтижесін сәйкес жұмыстардың нәтижесінен көруге болады. Жақсы басшы жоғары нәтижеге жетеді. Қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруы тікелей басшы үшін аса маңызды. Өйткені:

· қызметкерлердің мүмкіндіктері мен энергияларын тиімді пайдалану-басқарушының басты міндеттерінің бірі

· ұйым басшылары әрбір басқарушының жұмысын қарамағындағылардың еңбек өнімділігі бойынша бағалайды

· егер басқарушы өзінің жұмыс істеу қабілетін дәлелдей білсе, оған қызмет баспалдағымен әрі қарай өсуге мүмкіндік туады

· қызметкерлер өз еңбектерінің сапасын жоғарылатуға ұмтылса, басқарушының еңбегі жеңілдейді

· қызметкерлері достық қарым-қатынаста болғанда және жоғары нәтижелерге қол жеткізгенде, басқарушы толық қанағаттанады. Жақсы басқарушы өз жұмысының жоғары сапалылығын, өз лауазымына сәйкестігін мақтан тұтуы қажет және ұйымдағы беделін нығайтады.

· Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2778 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...