Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басқару тәсілдері



Ықпал етудің барлық нышандары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.

Френч Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің негізгі бес нышаны болады:

1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету, сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылатын болса, әдетте бұған шығын кетеді.

2. Көтермелеуге негізделген билік – қорқытып билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.

3. Эксперттік билік. Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделігімен ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.

4. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизмаарқылы әсер ету.Харизматикалық ықпал орындаушының өз басшы қызметкерімен өзін салыстырып, көз алдына көптеген ұқсастықтарын келтіре алады.

Харизматикалық ықпал орындаушының өз басшысына деген сүйіспеншілігі мен құрметіне негізделген. Орындаушы өз басшы қызметкерімен өзін салыстырып, көз алдына көптеген ұқсастықтарын келтіре алады.

Харизматикалық лидерлердің мынандай сипаттарыболады:

1. Энергия алмасу. Адамдар энергия бөліп, онымен басқаларға ықпал етеді деген әсер қалыптасады.

2. Сырты кейпінің ықпалдылығы. Харизматикалық лидер міндетті түрде сүйкімді немесе әдемі емес, бірақ кейпі өте тартымды болып келеді.

3. Мінез – құлқының тәуелсіздігі. Өзінің сый – құрметке бөленуі үшін және сәтті болуы үшін басқа адамдардан тәуелсіз.

4. Басқалармен жақсы қарым – қатынас орната отырып, сөйлесе тіл табыса біледі.

5. Өзінің ерекше тұлға екенін сезінеді. Ол өзін әрқашанда еркін ұстайды.

6. Кез – келген жағдайда өзін жоғалтпайды, сенімді адам. Ойы өте жинақы және ситуацияларды меңгере алады.

Ықпал етудің мінез – құлқы немесе қасиетті тартымды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.

5. Заңды билік. Ықпал етушінің бұйрық деруге хақысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті бағыну керектігін түсінеді. Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін қанағаттандыратына сенеді. Сондықтанда көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарға басқаруға өкілдік береді. Биліктің осы негіздері басшының ненгізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмыс орындауды міндеттей алады.

Көшбасшы (лидерлік)

Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, іске қабілетті адамдар көшбасшылық етеді.

Леуметтік психологияда шағын топтағы көшбасшылар деп, мақсатқа жету мақсатында топқа жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас орнататын адам қызметін айтады.

Топ қызметінде «көшбасшы» ұғымына сипаттама бергенде әлеуметтік психологияда мындай жағдайлар бөліп қарастырылады:

біріншіден, көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісіммен атқарады;

екіншіден топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады;

үшіншіден, топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөль атқарады.

Әрине, топ көшбасшысының рөліндегі адамның жеке басында біршама сапалық ерекшеліктер, атап айтқанда, инициативалығы мен белсенділігі біршама жоғары, ұйымдастыру қызметінде тәжірибесі мен дағдысы бар, топ ісіне мүдделі адамдарға үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен үлгі өнеге көрсете білетін, топта едәуір беделді болуы тиіс.

Көшбасшының екі түрі болады:

1. Инструменттік көшбасшысы – адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.

2. Эмоционалдық көшбасшы – бұл маңдай алды жақсы адам.

Өмірде осы екі ерекшелікке бірдей ие болатын адамдар сирек кездеседі.

Бейресми топта көшбасшы болу мүмкіндігінің айқындаушы факторлары мынадай: жасы, лауазымдық орны, кәсіптік біліктілігі, жұмыс орнының орналасуы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі және ықыластылығы. Көшбасшыға дәл сипаттама беру топ жүйесінде қабылданған дәстүрге байланысты. Мәселен, кейбір бейресми ұйымдарда ересек жасы қолайлы, ал басқаларында керісінше болуы мүмкін.

Басқару қызметі – бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің біріңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.

Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар мыналар:

Билік – бұл басқалардың жүріс тұрысына ықпал ету мүмкіндігі. Ұйымның әртүрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қызметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...