Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лсіз белгілер – мықты шешімдер



Әлсіз белгілер – сыртқы түрдің, әдеттің қылығының қандай екендігі, одан не күтуге болатындығы жайлы нақты шешім шығаруға болатын ерекшелігі.

Басшы. Мұрны үлкен емес, тығыз, сәл жайылған танауы бар, маңдайы биік, кең, ашық. Беті толық, дөңгелек. Аузы үлкен, анық сызықты. Көзі үлкен, күлімкөз, кең ашылған қолы «төртбұрышты», саусақтары «тікбұрышты». Жүрісі салтанатты, ауыр. Көңіл – күйі көтеріңкі, денсаулығы жақсы екеннен хабар бергенде, сенімді.

Ойшыл. Ұзын, тар мұрны жоғары ернімен жапсарлас келген. Маңдайы биік, тар және шығыңқы. Беті ұзын, сүйекті, кесілген үшкір ұшты мендаль тәріздес. Аузы үлкен, шеттері түсіңкі, төменгі ерні алдына шығыңқы. Көзі төмен орналасқан, нұрсыз, көңілсіз. Қолдары ұзын, арық, саусақтары да ұзын, жүрісі баяу сенімсіз. Ұзын, арық, еңкіш фигура пішіні шаршаңқы әрі қайғылы жайттың көрінісін береді.

Эстет. Мұрны әлсіз байқалатын «бүркіт тұмсықты» белгілермен, маңдайы биік әрі шығыңқы, беті шығыңқы, ұшбұрышты. Аузы кішкентай, көзі нұрлы әрі ойшыл. Қолдары икемді әрі әдемі. Жүзінде жұмсақ күлкі мен жеңіл қайғы бар.

Күрескер. Қырмұрынды, маңдайы артқа тартылған, беті шығыңқы құрма тәріздес. Ерні жіңішке, тар жұмулы. Нұрлы, өте жанды көзді, қолдары қатты, күрек тәріздес. Пішіні күрескер, алға жетелегіш, жүрісі жылдам, «механикалық». Құрылысы бұлшықетті. Ол іс - әрекеттің адамы, тез ашуланғыш әрі тұтанғыш.

Енжар (пассивный). Мұрны кең танаулы, ұшы дөнгеленген, маңдайы төмен. Беті жұмыртқа тәріздес, ал жастарда – төменге қарай тартылған болса, үлкендерде – жоғарға қараған. Аузы үлкен емес, дөңгеленген, ерні қалың. Көзі мендаль тәріздес. Қолдар толық, ойықтары бар, саусақтары қысқа. Пішіні жіңішке белді және кең жамбасты, еріншек жүрісті әйел пішіндес болып көрінеді.

Сенімді. Қысқа, шығыңқы мұрынды, маңдайы кең, төртбұрыштылау болып келген. Аузы жинаулы жұмулы, шетінде сызықтары бар. Көздері терең орналасқан, кішкене ұйқышыл әрі қараңғылау. Қысқа салмақты қолдары ба, жүрісі ауыр пішіні салмақтылығымен, көріпкелділігімен ерекшеленеді.

Арманшыл. Мұрны дөңгелек, жоғары қараған ұштарымен. Дөңгеленген маңдайында қас үстіндегі ойық сызығы анық көрінеді. Бет формасы грек жаңғағын еске түсіреді. Аузы кішкене ашулы, ұштары көтеріңкі, көзі дөңгелек, жақындағанды көбінше жақсы көре бермейді. Қолдары жұмсақ, пішіні қимылсыз, жүрісі түзу емес, сенімсіз. Фигурасы дөңгеленген формада болуына байланысты ерекшеленеді.

Спринтер (сауықшыл десе де болады). Түзу, жұқа, қырмұрынды, маңдайы биік, шығыңқы. Тар иегімен кең маңдайынан беті үшбұрышты болып көрінеді. Аузы өте жіңішке, ойнақы, көзі жайнап, анық, ашық келген. Қолдары скрипканікіндей, тар, жіңішке саусақты. Жүрісі жылдам әрі икемді. Дене құрылымы да үшбұрышты кең жауырынды және тар мықынды. Жылдам, шапшаң қимылды ол әсем, икемді адамның әсерін қалдырады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1994 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...