Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мансапты және қызметте жоғарылауды басқару



Басқару аппаратын жинақтау басшы мансабын (карьера) реттеп отыруға байланысты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мансап сөзін «қол жеткен лауазым, қызмет, атақ, дәреже» деп түсіндіреді.

Мансапты басқару ісін қолданатын болсақ – бұл шаруашылық жүйесінде жоғарылау, сөйтіп, қоғамдық мүддені қанағаттандыру және де сонымен қоса жеке адамдардың мұқтажын ескеру.

Мансап пен мансапқорлық арасында елеулі айырмашылық бар. Мансапқорлық – бұл шенқұмарлық, әкімшілікке үйір болушылық. Егер мансап, ең алдымен, адамның өз ісіне берілгендігін көрсететін, өз күш-жігерін жүзеге асыруға тырысатын, әрі қоғам үшін пайда келтіруді ойлайтын болса, мансапқорлық нағыз бақ құмарлық қара басының қамын ойлаушылық, ондай адамдар өз қара басына қолайлы болған жағдайда ғана қоғамдық іске көңіл бөледі.

Басшы мансабын реттеу мамандардың орнын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Орын ауыстыру – бұл қолынан іс келетін адамдарды тиісті басшы жұмысқа жоғарылатып отыруды жоспарды түрде ұйымдастыру. Мамандарды қызмет бабында ауыстырудың мынадай түрлері бар:

- кәсібіне қарай - қызметін төмендету, жоғарылату немесе басқа кәсіптегі жұмысқа ауыстыру:

- социологиялық - еңбек жағдайы қанағаттандырылмағанда, жұмыс түрі сай келмегенде, қалыптасқан қарым-қатынасы керісінше жұмыс перепективасы болмағанда т.б. жағдайда орын ауыстыру.

- сала аралық – басшылардың халық шаруашылығының басқа саласына ауысуы:

- демографиялық – жасына, ауруына және басқадай себептермен зейнеткерлікке шығуы:

Орын ауыстырудың объективтік қажеттілігі шаруашылық жүйесіне де, сондай-ақ басшының өз мүддесіне де байланысты.

Орын ауыстыру әдістері:

Көлбеу бағытта орын ауыстыру, біріншіден, алуан түрлі тәжрибе жинақтау үшін, екіншіден, жұмыскерлердің өз тілегін қанағаттандыру және жаңа орнында өз қабілетін көрсету үшін, үшіншіден ақы төленетін жұмыс есебінен өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2943 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...