Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мамандарды іріктеу және бағалау тәсілдері



Мамандарды дұрыс іріктеу «әрбір адам нақты бір орынға және әрбір орын – нақты бір адамға» принципіне негізделуі тиіс. Егер адам өзінің қолынан келетін, өзінің икемділігіне, қабілетіне, жалпы және арнайы даярлық деңгейіне сай келетін жұмысты атқаратын болса, оның қайтарымы да соғұрлым жоғары болады.

Басқару мамандарын іріктеу оларды өзгерту мен алмастыруға, техникалық прогрестен туындайтын адамдардың жаңа қызмет түрлерінің пайда болуына байланысты.

П.М.Керженцев адамдарды саралап таңдай білу басшының ұйымдастырушылық талантын айқындайтындығын атап көрсетті.

Мамандарды іріктеудің мынадай жалпы қағидасы бар:

- қабілетті адамдарды батыл шешіммен емес, ойластырып таңдаған жөн;

- беделін түсірген қызметкерді басқадай басшылық қызметке орналастырмау;

- басшылық қызметке өзінде үміткерлер болмаған жағдайда ғана басқа кәсіпорыннан алу;

- босаған орын болмаған кезде ешкімді де қызметін жоғарылатуға үміттендірмеу қажет;

- екі үміткер де бірдей дәрежеде болған жағдайда едәуір жасырағын алу.

Басшының жеке басының сапасы ғана емес, оның еңбегі де, дәлірек айтқанда, басқару қызметін орындаудағы еңбек шығыны да, оның күрделілігі де бағаланады.

Еңбекке жұмсайтын уақытына қатысты мәліметтер, әсіресе, оның құрылымы басшының өз еңбегін ұйымдастыру қабілетін бағалауға негіз бола алады.

Басшының іс-әрекетінің нәтижесін нақты көрсеткіштер жиынтығы бойынша өлшейді. Басқару деңгейіне және жекелеген жүйедегі басқару ерекшеліктеріне қарай бұл көрсеткіштер біршама алуан түрлі болады.

Ұжымның біршама ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеуі басшыда қажетті сапалардың бар екендігін дәлеледей түседі. Жеке адамның ерекшелігі оның ой-ниетінен емес, ісінен, мақсатынан көрінеді. Адам тек іс-әрекет процесінде ғана өзінің іскерлік, адамгершілік-психологиялық сапасын, басшы қызметке жарамдылығын дәлелдей алады.

Практикада басшы қызметке орналастырудың мынадай нышандары пайдаланылады: тағайындау, сайлау, конкурс бойынша және шарт бойынша қабылдау.

Соңғы уақытқа дейін әкімшілік жолмен тағайындау қызметке орналастырудың негізгі нышаны болып саналады. Мұндай да жоғары орындағылар бұйрық арқылы тағайындайды да, бұл адамның қызметке орналасуының заңдастырылған актісі болады. Тағайындау жұмысқа қабылдау нышанында да немесе жүйе ішінде ауыстыру нышанында да болуы мүмкін.

Орналастыруға жататын қызмет тізімдері белгілі бір басқару органының номенклатурасын құрайды. Ол негізгі екі нышанда кездеседі: біріншісі – жоғары органның шешімімен орналасатын және босатылатын қызмет тізімдері, екіншісі – сот басқару органының билігіндегі қызмет тізімдері.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2086 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...