Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басқару мамандарының жұмыс принциптері



Маман саясаты – бұл халық шаруашылығын, ондағы салаларды іскерлік қабілеті бар қызметшілермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидалар, принциптер және осылардан туындайтын факторлар, әдістер жиынтығы.

Маман жұмысы дегеніміз, маман саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің нышандары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары.

Мамандармен жұмыс істеу жүйесіне Мамандарды даярлау, орналастыру, пайдалану, мамандығын жетілдіру, орын ауысуын жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, іскерлікпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету т.б. жатады. Оны ұйымдастырудың нышандары мен тәсілдері басқару мамандары категориясының ерекшеліктеріне қарай құрылады.

Мамандарды іріктеу – бұл негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Мамандарды іріктеу процесі белгілі бір элементтерден тұрады; бос қызметтердің сипаттамасы (құқығы мен міндеттері, қатар бағынуы, сол қызметке тән қажетті сапаның болуы); бар кандидаттар туралы мәліметтер жинауы: кандидаттарды іріктеу жүйесін ойластыру (олардың қолайлы және қолайсыз сапаларын салыстыру); неғұрлым қолайлы үміткерлерді таңдау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және таңдау; қызметке орналасатын кандидатты атау.

Мамандармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі):

мамандарды іріктеу орналастыру – басқарудың алғы шарты;

мамандармен жұмыс істеудегі ғылыми тәсіл;

мамандарды іскерлік және жеке сапасы бойынша іріктеу;

жоғары мемлекеттік орындарға Мамандарды іріктегенде жеке сапасымен қоса, іскерлігін де ескерудің айрықша маңызы бар;

басқару мамандарына және олардың жұмыстарына жоғары деңгейде талап қою;

«ең дұрысы сана аз, сапасы жоғары болсын» (В.И.Ленин, «мемлекеттік аппарат туралы»);

іскер қызметкерлерді іздестіру, басшылық орынға бірнеше рет сынақтап өткен адамдарды тағайындау;

басқару объектісіеің сипаты мен күйіне қарай мамандарды іріктеу;

басқаруға түрлі мамандықтағы адамдарды тарту;

басқару органында біркелкі, әрі өнімді жұмыс істейтін, бірін-бірі толықтырып отыратын ынтымақты ұжымды қалыптастыру;

әрбір жұмыскерлердің іскерлік жақтарын барынша тиімді пайдалану;

бірлесіп жұмыс істеуді әрбір адамның өзіне бекітілген істі жауапкершілікпен орындауын үйлестіре білу;

сенім арта отырып жұмысты бақылау, оның нақты орындалуын тексеру;

немқұрайдылықпен, төрешілдікпен (бюрократизммен), берекесіздікпен аянбай күресу;

белгіленген заңдарды мүлтіксіз орындау;

жұртшылықтың ынты-ықыласы мен белсенділігін қуаттау және көтермелеу;

адамдарға үнемі қамқорлық жасау, олардың мұқтажы мен өтінішіне мұқият көңіл бөлу;

фактілерді тіркеу және тексеру, әкімшілікке әуестенбеу»;

мамандарды баулу, мамандығын ұдайы жетілдіру;

жұмыстағы дәлділік пен мұқияттылық;

жақсы жұмысы үшін мадақтау, нашар жұмысы үшін жазалау.

Басшы тиімді жұмыс істеуі үшін еңбекті мотивациялаумен шұғылдануы тиіс.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2000 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...