Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы



Басқару мамандарына басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басшылар – бұлар тиісті ұжымға басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдан өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан – жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктерімен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.

Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені, онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене ат салысады, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады

Басшылық қызметті жүзеге асыруда оқшау шаруашылық бөлімшесіне жетекшілік ететін сызықтық басшылықтың айрықша ролі бар. Олардың әрқайсысы өзіне бекітілген басшылық аппараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, тиісті әлеуметтік экономикалық, ұйымдық, техникалық және адамгершілік алғы шарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап, өзі басқаратын барлық бөлімшедегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қызметтік басшылық – бұл қызметтік басқарма, қызмет, бөлімдер мен басқарудың барлық деңгейіндегі басқа да бөлімшелерге (мәселен, бас инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы) басшылық ету.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2306 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...