Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Менеджерге қойылатын талаптар



Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Френсис алдағы он жылдықты басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептеген:

- өзін меңгере білу;

- жеке басының бағалы қасиеттері;

- жеке өзінің айқын жоспарлары;

- жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

- пробемалады шешуге дағдылану;

- өнертапқыштық және инновацияға қабіеттілік;

- маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

- қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

- басшылық ету қабілетін;

- қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;

- тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:

1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал, басшы-соңынан ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды күлкі әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.

2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

4. Өз қол астындағылардың уақытын бағалай ьілуі тиіс.

5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінамшілдікке, мейрімсіздікке апармауы тиіс.

6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әзіл сынай білуі тиіс.

7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

8. Әзіл соқпақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзідеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

9. Айта да, тыңдай да білу керек.

10. Үнемдеуге тырысы керек.

11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі керек.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 5143 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...