Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы № 10: Ұйықтататын дәрілік заттар. Паркинсонизмге қарсы дәрілік заттар. - 3



2.Мақсаты: Ұйықтататын және паркинсонизмге қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері, қолдану принциптері, жанама және токсикалық әсерлері туралы білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқытудың мақсаты:

1. Ұйықтататын дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсерлерінің ерекшеліктерін қарастыру.

2. Паркинсон синдромы кезінде паркинсонизмге қарсы заттардың ОЖЖ мүмкін болатын фармакологиялық әсерлерімен таныстыру;

3. Студенттердің назарын кейбір препараттардың ерекшеліктеріне аудару және салыстырмалы сипаттама беру;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Инсомния кезінде ұйықтататын дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері

2. Ұйықтататын дәрілік заттардың жіктелуі.

3. Барбитур қышқылының туындылары: әсер ету механизмдері, фенобарбиталдың фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері.

4. Барбитурлардың жанама әсерлері. Барбитураттармен жедел улану, емдеу принциптері.

5. Бензодиазепин қатарындағы ұйықтататын дәрілік заттар: әсер ету механизмдері, фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері.

6. Бензодиазепиндердің жанама әсерлері. Ұйықтатқыш зат ретінде бензодиазепиндердің барбитураттардан артықшылықтары.

7. Циклопирролон туындыларының ұйықтатқыш әсерінің ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

8. Паркинсониялық бұзылыстардың патогенезі. Экстрапирамидалық бұзылыстарды түзетудің негізгі қағидалары.

9. Паркинсонизмге қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

10. Дофаминергиялық заттардың әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

11. Антихолинергиялық препараттар және КОМТ ингибиторлары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, ситуациялық есептер, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8.Рецепт жазуға арналған препараттар:

Феназепам (таб. 0,0005 №20),

Фенобарбитал (0,2% ерітінді флак. 100 мл)

Зопиклон (таб. 0,0075 №5)

Доксиламин (таб. 0,015 №20)

Циклодол (таб. 0,001 және 0,005 №50)

9. Сипаттама беруге арналған препараттар:



Нитразепам, Доксиламин (донормил), Зопиклон (имован), Мидантан, Селегелин.

10. Тәжірибелік сабақтың хаттамасы:





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1965 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...