Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2013ж. 1. Тақырыбы №6: Холинергиялық заттар. - 3



2. Мақсаты: холинергиялық синапсқа әсер ететін заттардың әсер ету ерекшеліктері туралыбілім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқыту мақсаты:

а) Холинергиялық заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

б) Студенттерді холиномиметиктер мен холиноблокаторларды дәлелді тағайындауға және осы топтың препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Холинергиялық рецепторлардың түрлері. М-холинорецепторлар мен Н-холинорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

2. Холинергиялық заттардың жіктелуі.

3. Антихолинэстеразды заттар (прозерин, галантамин, физостигмин). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы.

4. Антихолинэстеразды заттармен (және фосфорорганикалық қосылыстармен) жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары. Спецификалық антидоттар (дипироксим, изонитрозин).

5. М- және Н-холиномиметиктердің фармакодинамика ерекшеліктері. Ацетилхолиннің әсер ету механизмі, фармакологиялық қасиеттері.

6. М-холиномиметиктер (ацеклидин, пилокарпин). Антихолинэстеразды заттардан айырмашылығы. Фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы.

7. М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмі. Атропиннің фармакологиялық қасиеттері (көзге, журек – қан тамыр жүйесіне, бездерге, тегіс салалы бұлшықетке әсерлері). ОЖЖ – не әсер ету ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері.

8. Скополамин, платифиллин, гастроцепин, гоматропиннің фармакологиялық әсерлерінің ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттамалары. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

9. М-холиноблокаторлармен жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары.

10. Тыныс алу және жүрек - қан тамыр жүйелеріне Н-холиномиметикалық заттардың әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

11. Ганглиоблокаторлар. Әсер ету механизмі. Симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилерді ынталандырудан болатын әсерлер. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

12. Миорелаксанттар. Жіктелуі. Деполяризациялық және антидеполяризациялық заттардың әсер ету механизмдері.

13. Миорелаксанттардың әсер ету принциптері.Қолданылу көрсеткіштері. Оларды қолданғанда болуы мүмкін асқынулар. Миорелаксанттардың антогонисттері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіріс және шығыс бақылау билеттері, ауызша сұрау,тесттік тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірбиелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері

8. Рецепт жазуға арналған препараттар:

Ацеклидин (0,2% ерітінді амп. 1 мл)

Пилокарпин гидрохлориді (2% ерітінді флак. 10 мл)

Галантамин гидробромиді (0,2% ерітінді амп. 1 мл)

Атропина сульфат (0,1% ерітінді амп. 1 мл)

Пирензепин (таб. 0,05 №20)





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1076 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...