Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы № 7: Адренергиялық заттар.- 3



2. Мақсаты: адренергиялық синапсқа әсер ететін заттардың әсер ету ерекшеліктері туралыбілім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқыту мақсаты:

а) Адренергиялық заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

б) Студенттерді адреномиметиктер мен адреноблокаторларды дәлелді тағайындауға және осы топтың препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адренергиялық синапс. a- және b - адренорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

2. Адренергиялық заттардың жіктелуі.

3. a- и b-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Әсер ету механизмдері. Эпинефриннің (адреналин гидрохлориді) жүрек-қан тамыр жүйесіне, көз қарашығына, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттеріне, көмірсу, май алмасуына көрсететін фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері, қолдануға қарсы көрсеткіштері.

4. Симпатомиметиктер (эфедрин гидрохлориді).Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері. Эпинефриннен айырмашылығы. Қолдану көрсетіштері, жанама әсерлері.

5. a-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсетіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Норэпинефрин мен мезатонның салыстырмалы сипаттамалары.

6. b-адреномиметиктер. Селективті және селективті емес b-адреномиметиктерге бөлінуі. Изадриннің фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшіліктері. b- адреномиметиктерді қолдану көрсеткіштері. Жатырдың тонусына әсер етуі.

7. 7. a-адреноблокаторлар. Фентоламиннің негізгі фармакологиялық әсерлері. Празозиннің фентоламиннен айырмашылығы. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

8. b-адреноблокаторлар. Селективті және селективті емес b-адреноблокаторларға бөлінуі. Фармакологиялық әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

9. Симпатолитиктер. Әсер ету механизмдері.Осы топтағы дәрілік заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшіліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіріс және шығыс бақылау билеттері, ауызша сұрау,тестік тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірбиелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: кіріс және щығыс билеттері.

9. Рецепт жазуға арналған препараттар:

Эпинефрин (0,1% ерітінді амп. 1 мл)

Мезатон (1% ерітінді амп. 1 мл)

Сальбутамол (таб. 0,004 №30; 0,1% ерітінді амп. 5 мл)

Пропранолол (таб. 0,04 №20; 0,25% ерітінді амп. 1 мл)

Атенолол (таб. 0,05 №20).

9.Тобын анықтауға арналған препараттар:

Изадрин, Фенотерол, Бисопролол, Доксазозин, Фентоламин.

10.Тәжірибелік сабақтың хаттамасы:





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1295 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...