Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №14: «Қабыну және иммунды үрдістерге әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ . - 3



2. Мақсаты: иммунологиялық өзгерістер мен қабыну үрдістерінің фармакотерапиясының ерекшеліктері туралы білімді бекітуге мүмкіндік беру.

3. Оқыту мақсаты:

а) Қабыну және иммунды үрдістерге әсер ететін дәрілік заттардыңфармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

б) Студенттерді препараттарды қолдану, қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың жіктелуі (СЕҚҚЗ).

2. СЕҚҚЗ әсер ету механизмі. ЦОГ2 селективті ингибиторлары туралы түсінік.

3. СЕҚҚЗ фармакологиялық әсерлері.

4. СЕҚҚЗ салыстырмалы сипаттамалары.

5. СЕҚҚЗ жанама және токсикалық әсерлері.

6. Стероидты қабынуға қарсы заттардың жіктелуі (СҚҚЗ). Препараттардың қабынуға әсерінің механизмі.

7. СҚҚЗ фармакологиялық әсерлері.

8. СҚҚЗ қолдану көрсеткіштері.

9. СҚҚЗ қолдану тактикасы.

10. СҚҚЗ жанама әсерлері.

11. Аллергияға қарсыдәрілік заттардың әсер ету принциптері. Жіктелуі.

12. Глюкокортикоидтар мен адреномиметиктердің аллергияға қарсы әсерлері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

13. Мес жасушаларының мембранасын тұрақтандыратын заттар. Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

14. Антигистаминді заттар. Н1-рецепторларының тежегіштері, Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

15. Иммунодепрессанттар.Цитостатиктер. Иммунодепрессивті әсерінің принциптері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

16. Иммуностимуляторлар. Иммуномодуляторлық заттар. Анықтамасы. Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, дискуссия, ситуациондық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: ауызша сұрау, рецепт, ситуациялық есептер, тесттері бар билеттер.

8. Рецепт жазуға арналған препараттар:

Индометацин (гель 10% - 050,0)

Преднизолон (таб. 0,001 №20)

Диклофенак-натрий (май2% - 30,0)

Дексаметазон (0,4% ерітінді амп. 1мл)

Мелоксикам (таб. 0,0075 №10)

Дифенгидрамин (1% ерітінді амп. 1 мл)

Мебгидролин (драже 0,05 №20)

Фенистил (0,1% ерітінді флак. 20 мл)

Кромоглиций қышқылы (капс. 0,02 №20)

Кетотифен (таб. 0,001 №20)





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1350 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...