Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаУ



Тақырып №5: Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар: жергілікті жансыздандырғыш, тұтқыр, қаптаушы, тітіркендіргіш заттар.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Құрастырушы: Уайсова Д.С.

Астана, 2013ж

Тақырыбы №5: Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар: жергілікті жансыздандырғыш, тұтқыр, қаптаушы, тітіркендіргіш заттар. - 3

2. Мақсаты: афферентті иннервацияға әсер ететін заттардың фармакодинамика және фармакокинетикасы, қолдану ерекшеліктері туралы білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқыту мақсаты:

а) Жергілікті жансыздандырғыш заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

б) Студенттердітұтқыр, қаптаушы, тітіркендіргіш заттардың фармакологиялық әсерлері мен әсер ету механизмдерін ескере отырып дәлелді тағайындауға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сезімтал жүйке талшықтар аймағына әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі.

Анестезия: анықтамасы, жергілікті анестезияның түрлері.

2. Жергілікті жансыздандырғыш заттар: анықтамасы, әсер ету механизмі және орны.

3. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың жіктелуі: химиялық құрамы, әсер ету ұзақтығы және қолдану әдісі бойынша.

4. Беткейлік анестезия үшін қолданылатын дәрілік заттар (бензокаин, тетракаин, пиромекаин): жансыздандыру белсенділігі, қолдану ерекшеліктері, салыстырмалы сипаттамасы, улылығы.

5. Инфильтрациялық анестезия үшін қолданылатын заттардың (прокаин, тримекаин, лидокаин, артикаин, бупивакаин) фармакологиялық сипаттамасы; жансыздандыру белсенділігі, ОЖЖ әсер етуі, шырышты қабаттан өту қабілеті, улылығы.

6. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың улы әсерлері.

7. Тұтқыр (вяжущие) заттар: жіктелуі, әсер ету механизмі және негізгі әсерлері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

8. Қармаушы және сорғыш заттар: әсер ету принциптері, негізгі әсерлері, қолдану көрсеткіштері.

9. Тітіркендіргіш заттар: анықтамасы, қолданылуы. Тітіркендіргіш заттардың емдік әсерінің негізінде жатқан ықпалдар.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіріс және шығыс бақылау билеттері, ауызша сұрау,тесттік тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірбиелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

7.Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8.Рецепт жазуға арналған препараттар:

Лидокаин (2% ерітінді амп. 5 мл)

Прокаин гидрохлорид (0,5% - 10 мл; 2% ерітінді амп. 2 мл)

Бензокаин (май 5% -10,0)

Емен қабығының қайнатпасы (1: 200 – 100 мл)

9. Сипаттама беруге арналған препараттар:


Тетракаин, Артикаин, Танин, негізгі Висмут субнитраты, Алюминий гидроксиді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1761 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...