Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы:№9 Наркотикалық анальгетиктер. Наркотикалық емес анальгетиктер.- 3



2. Мақсаты: Наркотикалықжәне наркотикалық емес анальгетиктердің фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білім алуға мүмкіндік және түсініктеме беру.

3. Оқыту мақсаты:

1.Наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктердің анальгезиялық әсерінің механизмдерін қарастыру;

2.Наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктердің негізгі фармакологиялық әсерлерімен таныстыру;

3.Студенттердің назарын жеке препараттардың қасиеттерінің ерекшеліктеріне аудару және наркотикалық анальгетиктерге салыстырмалы мінездеме беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анальгезия. Анықтамасы, клиникалық маңызы. Анальгетиктердің түрлері.

2. Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі.

3. Наркотикалық анальгетиктердің анальгезиялық әсерінің механизмдері.

4. Морфиннің фармакологиялық әсерлері. ОЖЖ, жүрек - қан тамыр жүйесіне асқазан ішек жолдарына негізделген әсерлерінің ерекшеліктері.

5. Наркотикалық анальгетиктердің қолдану көрсеткіштері (морфинді мысал ретінде), жанама әсерлері.

6. Препараттардың салыстырмалы сипаттамалары. Қолдану көрсеткіштері. Нейролептанальгезия туралы түсінік.

7. Наркотикалық анальгетиктермен жедел улану және оның фармакотерапиясының негізгі принциптері. Наркотикалық анальгетиктердің антагонисттері.

8. Дәріге тәуелділік, клиникалық көріністері.

9. Наркотикалық емес анальгетиктердің жіктелуі.

10. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгезиялық әсерінің механизмдері.

11. Наркотикалық емес анальгетиктердің фармакологиялық әсерлері, қолдану көрсеткіштері, жанама және токсикалық әсерлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, ситуациялық есептер, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

7. Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8. Рецепт жазуға арналған препараттар.

Промедол (2% ерітінді амп. 1 мл)

Парацетамол (таб. 0,2 №10; сироп 2,4% - 100 мл)

Кеторолак (таб. 0,01 №20)

Метамизол (таб. 0,5 №10)

9. Сипаттама беруге арналған препараттар:


Тримеперидин (промедол), Фентанил, Кодеин, Налоксон, Кеторолак, Баралгин.


10.Тәжірибелік сабақтың хаттамасы:





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2641 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...