Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: №8: «Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне әсер ететін дәрілік заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. - 3



2. Мақсаты: афферентті және эфференті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар туралы алған білімді бекітуге мүмкіндік беру

3. Оқыту мақсаты:

а) щеткі жүйке жүйесінің афферентті бөліміне әсер ететін заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау(жергілікті жансыздандырғыш, тұтқыр, тітіркендіргіш заттар).

б) вегетотропты заттар (холинергиялық және адренергиялық) бөлімі бойынша студенттердің алған білім деңгейін бағалау.

в) вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға рецепт жазу деңгейін анықтау:

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сезімтал жүйке талшықтар аймағына әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі.

Анестезия: анықтамасы, жергілікті анестезияның түрлері.

2. Жергілікті жансыздандырғыш заттар: анықтамасы, әсер ету механизмі және орны.

3. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың жіктелуі: химиялық құрамы, әсер ету ұзақтығы және қолдану әдісі бойынша.

4. Беткейлік анестезия үшін қолданылатын дәрілік заттар (бензокаин, тетракаин, пиромекаин): жансыздандыру белсенділігі, қолдану ерекшеліктері, салыстырмалы сипаттамасы, улылығы.

5. Инфильтрациялық анестезия үшін қолданылатын заттардың (прокаин, тримекаин, лидокаин, артикаин, бупивакаин) фармакологиялық сипаттамасы; жансыздандыру белсенділігі, ОЖЖ әсер етуі, шырышты қабаттан өту қабілеті, улылығы.

6. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың улы әсерлері.

7. Тұтқыр (вяжущие) заттар: жіктелуі, әсер ету механизмі және негізгі әсерлері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

8. Қармаушы және сорғыш заттар: әсер ету принциптері, негізгі әсерлері, қолдану көрсеткіштері.

9. Тітіркендіргіш заттар: анықтамасы, қолданылуы. Тітіркендіргіш заттардың емдік әсерінің негізінде жатқан ықпалдар.

10. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Холинергиялық рецепторлардың түрлері. М-холинорецепторлар мен Н-холинорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

11. Холинергиялық заттардың жіктелуі.

12. Антихолинэстеразды заттар (прозерин, галантамин, физостигмин). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы.

13. Антихолинэстеразды заттармен (және фосфорорганикалық қосылыстармен) жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары. Спецификалық антидоттар (дипироксим, изонитрозин).

14. М- және Н-холиномиметиктердің фармакодинамика ерекшеліктері. Ацетилхолиннің әсер ету механизмі, фармакологиялық қасиеттері.

15. М-холиномиметиктер (ацеклидин, пилокарпин). Антихолинэстеразды заттардан айырмашылығы. Фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы.

16. М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмі. Атропиннің фармакологиялық қасиеттері (көзге, журек – қан тамыр жүйесіне, бездерге, тегіс салалы бұлшықетке әсерлері). ОЖЖ – не әсер ету ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері.

17. Скополамин, платифиллин, гастроцепин, гоматропиннің фармакологиялық әсерлерінің ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттамалары. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

18. М-холиноблокаторлармен жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары.

19. Тыныс алу және жүрек - қан тамыр жүйелеріне Н-холиномиметикалық заттардың әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

20. Ганглиоблокаторлар. Әсер ету механизмі. Симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилерді ынталандырудан болатын әсерлер. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

21. Миорелаксанттар. Жіктелуі. Деполяризациялық және антидеполяризациялық заттардың әсер ету механизмдері.

22. Миорелаксанттардың әсер ету принциптері.Қолданылу көрсеткіштері. Оларды қолданғанда болуы мүмкін асқынулар. Миорелаксанттардың антогонисттері.

23. Адренергиялық синапс. a- және b - адренорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

24. Адренергиялық заттардың жіктелуі.

25. a- и b-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Әсер ету механизмдері. Эпинефриннің (адреналин гидрохлориді) жүрек-қан тамыр жүйесіне, көз қарашығына, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттеріне, көмірсу, май алмасуына көрсететін фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері, қолдануға қарсы көрсеткіштері.

26. Симпатомиметиктер (эфедрин гидрохлориді).Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері. Эпинефриннен айырмашылығы. Қолдану көрсетіштері, жанама әсерлері.

27. a-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсетіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Норэпинефрин мен мезатонның салыстырмалы сипаттамалары.

28. b-адреномиметиктер. Селективті және селективті емес b-адреномиметиктерге бөлінуі. Изадриннің фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшіліктері. b- адреномиметиктерді қолдану көрсеткіштері. Жатырдың тонусына әсер етуі.

29. a-адреноблокаторлар. Фентоламиннің негізгі фармакологиялық әсерлері. Празозиннің фентоламиннен айырмашылығы. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

30. b-адреноблокаторлар. Селективті және селективті емес b-адреноблокаторларға бөлінуі. Фармакологиялық әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

31. Симпатолитиктер. Әсер ету механизмдері.Осы топтағы дәрілік заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшіліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша, тестік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу,ситуациялық есептерді шығару, кіші топтарда жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: ауысша сұрау, рецепт, тесттік сұрақтар және ситуациялық есептер бар билеттер.

8.Рецепт жазуға арналған препараттар:

Лидокаин (2% ерітінді амп. 5 мл)

Прокаин гидрохлорид (0,5% - 10 мл; 2% ерітінді амп. 2 мл)

Бензокаин (май 5% -10,0)

Емен қабығының қайнатпасы (1: 200 – 100 мл)

Ацеклидин (0,2% ерітінді амп. 1 мл)

Пилокарпин гидрохлориді (2% ерітінді флак. 10 мл)

Галантамин гидробромиді (0,2% ерітінді амп. 1 мл)

Атропина сульфат (0,1% ерітінді амп. 1 мл)

Пирензепин (таб. 0,05 №20)

Эпинефрин (0,1% ерітінді амп. 1 мл)

Мезатон (1% ерітінді амп. 1 мл)

Сальбутамол (таб. 0,004 №30; 0,1% ерітінді амп. 5 мл)

Пропранолол (таб. 0,04 №20; 0,25% ерітінді амп. 1 мл)

Атенолол (таб. 0,05 №20).

9. Сипаттама беруге арналған препараттар:


Тетракаин, Артикаин, Танин, негізгі Висмут субнитраты, Алюминий гидроксиді.

Ипратропия бромид, Пирензепин, Гиосцина бутилбромид (бускопан), Дипироксим, Цититон, Дитилин.

Изадрин, Фенотерол, Бисопролол, Доксазозин, Фентоламин.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1628 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...