Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №13: Аллергияға қарсы дәрілер. Иммунды үрдістерге әсер ететін дәрілер. - 3



2.Мақсаты: иммунды үрдістерге әсер ететін дәрілер туралы білім алуға түсініктеме және мүмкіндік беру:

3. Оқыту мақсаты:

а) аллергиялық аурулардың фармакотерапиясы үшін қолданылатын препараттардың ерекшеліктерін қарастыру.

б) студенттерді препараттарды қолдану және қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топтың препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Аллергияға қарсыдәрілік заттардың әсер ету принциптері. Жіктелуі.

2. Глюкокортикоидтар мен адреномиметиктердің аллергияға қарсы әсерлері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

3. Мес жасушаларының мембранасын тұрақтандыратын заттар. Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

4. Антигистаминді заттар. Н1-рецепторларының тежегіштері, Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Иммунодепрессанттар.Цитостатиктер. Иммунодепрессивті әсерінің принциптері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

6. Иммуностимуляторлар. Иммуномодуляторлық заттар. Анықтамасы. Әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, ситуациялық есептерді шығару,кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8. Рецепт жазуға арналған препараттар:

Дифенгидрамин (1% ерітінді амп. 1 мл)

Мебгидролин (драже 0,05 №20)

Фенистил (0,1% ерітінді флак. 20 мл)

Кромоглиций қышқылы (капс. 0,02 №20)

Кетотифен (таб. 0,001 №20)

9.Тобын анықтауға арналған препараттар:

Цетиризин (зиртек, зодак), Диментидин (фенистил), Фенспирид (эреспал), Метотрексат, Циклофосфамид, Тималин.

10.Тәжірибелік сабақтың хаттамасы:





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1496 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...