Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

В, Д, С, У вирус гепатиттері



Бұл вирус гепатиттері парентералды жолмен еңгізілетін, әр түрлі клиникалық көріністерімен өтетін жұқпалы ауру. Басқа вирус гепатиттері арасында 11-30% орын алады. Парентералды жолмен берілетін вирус гепатиттері бір жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, себебі осы балаларға парентералды егулер жиі жасалады және перинаталдық жұгуы кездеседі. Вирус гепатиті өте ауыр және долы түрде өтеді. В, С, Д, У вирус гепатиттері ДНК-ұстаушы вируспен қоздырылады. Құрамы өте күрделі, ішінде австралиялық антиген бар, ол ағзаның барлық биологиялық ортасында (қан, ұрық жанындағы сулар, қақырық, өт, көз жасы, ана сүті) болады.

Вирустар жоғары және төмен температураларға төзімді, олар бөлме температурасында 3-6 ай сақталады, тоңазытқышта – 6-12 ай, мұздатқанда – 20 жыл, құрғатқан сарысуда - 25 жыл, қайнатуды - 10 минут шыдайды. Вирус химиялық және физикалық әсерлерге тұрақты. Оны жою ұшін - 3% хлораминде залалсыздандыру экспозициясы 60 минуттан кем болмау керек; 70° этил спиртімен залалсыздандырғанда –2-5 минут, 6% сутегіасқыны тотығында-1 сағат, автоклавта - 120° -10 минут, құрғақ-ыстық шкафта (160°) – 2 сағат.

Э п и д е м и о л о г и я с ы. Осы вирустар антропоздық жұқпаларға қарайды (аурудың көзі – тек адам, жедел және созылмалы гепатитпен ауратындар және тасымалдаушылар), казіргі уақытта әлемде 300 млн тасымалдаушы бар. Таралу жолдарының арасында ең жиі кездесетіні - жасанды жол, осы кезде аурудың жұғуы қан және басқа қан құрамбөліктері арқалы, тері және шырышты қабықтардың зақымдануында болады (парентералды егулерде, шприцтер және басқа құралдардың зарарсыздандыру тәртібіңің бұзылыстарында, манипуляциялар және операциялар кезінде асептика бұзылыстарында; қан құйғанда). Табиғи жолдарына – жыныстық қарым-қатынас жолы, транформациялық (анасынан ұрыққа немесе босану кезінде туылып келе жатқан нәрестеге), тері және шырышты қабықтар зақымданғандағы қарым-қатынастық жол. Балалардың сезімталдығы өте жоғары. Иммунитет тұрақты, өмір бойына созылады.

П а т о г е н е з і. Вирус қан арқылы бірден бауырға жетіп, гепатоциттерді зақымдайды. Парентералды жолмен тарайтын гепатиттер бауыр жасушыларына тікелей қиратушылық әсерін тигізбейді: қоздырғышты жою жолында иммунологиялық реакциялар пайда болады, осыған байланысты бауыр да зақымданады.

Инкубациялық кезең – 6 жұмадан 6 айға дейін, орташа алғанда 60-120 күн. Қан құйған кезде инкубациялық кезең қысқарады.

Клиникалық көріністері.

С а р ғ а ю а л д ы н д а ғ ы (бастапқы) кезеңі - екі жұмаға дейін созылады. Оның сипаттамасы: уытталу белгілері баяу басталады; солғындық, тәбетті жойылу, салмағы өспеу. Ақырындап әлсіздік қосылады, бала тез шаршайды, басы айналады, үйқышылдық пайда болады; диспепсиялық синдром айқындалады (жүрегі айну, құсу, ішінің ауырсынуы); бірінші 2-3 күннен бастап бауыр қатаяды, аурсынады және ұлкееді; көк бауырда үлкееді. Аурудың бауырдан тыс белгілері пайда болады: ірі буындардың «ұшпалы» аырсынуы; бұлшық еттердің, сүйектердің ауруы, әр түрлі бөртпе пайда болуы, зәрдің қоңырлануы және нәжістің ақшылдануы.

С а р г а ю (дер) кезеңінің басталуы жалпы жағдайының жақсаруымен емес, нашарлауымен сипатталады. Ересек балаларда жүрек айну, құсу, аузынан ащы дәм сезімі, жағымсыз иіс мазалау, жалпы бас ауруы ұлгаяды, анорексия айқындалады. Уыттану белгілері және диспепсиялық көріністері көбейеді; пальпациялағанда - оң жақ бүйір астында ауырсыну сезімі пайда болады, бауыры үлкен, қатайған, көкбауыры ұлғаяды. Сарғаю біріншіден склераларда, жүмсақ таңдайда, содан кейін теріде пайда болады. Перифериялық қан көрсеткіштері өзгереді: анемия, лейкоцит саны қалыпты немесе төмен, ЭТЖ қалыпты цифрлерде не жогары (қолайсыздықтың белгісі), жалпы билирубин мөлшері жоғары. Зәр және нәжістің түсі өзгеруі сарғаюдың дер кезеніңде күшейеді. Сарғаю кезеңнің ұзақтығы 2-6 жұма.

В и р у с г е п а т и т і н і ң қ а т е р л і т ү р і бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі, бауыр қомасымен қатарласып жүреді. Аурудың бірінші күндерінен бастап бауыр некрозы пайда болады. Ерте жастағы балаларда вирус гепатиті кенеттен басталады, дене қызуы 38-39 °С көтеріледі, диспепсиялық бұзылыстар (жиі құсып қою жүрек айну, аурудың сонғы кезеңдерінде «кофенің коюындай» құсық, ауыздан бауырдың иісі, оң бүйір астының ауырсыныу, сұйық нәжіс), жүйке-психикалық бұзылыстар (мазасыздық, себепсіз шынғыру, клонико-тоникалық тырыспа); баурдың көлемі тез кішірейеді, ауырсынады, шегі жұмсақ; ентікпе пайда болады, Куссмауль және Чейн-Стокстің патологиялық тынысы, тахикардия. Склералардың және терінің сарғаюы, ересек балалармен салыстырғанда, әлсіздеу. Геморрагиялық синдром жиі кездеседі. Биохимиялық көрсеткіштері бауыр паренхимасының ыдырауына байланысты өзгереді (сулема сынағы, протромбин сынағы төмендейді).

Р е к о н в а л е с ц е н ц и я к е з е ң і ұзақ уақытқа созылады, ағымы толқын тәрізді.

Б о л ж а м ы. Парентералды жолмен берілетін гепатитердің болжамы сәтсіздеу, көбінесе созылмалы гепатит, цирроз, бауырдың қатерлі ісігі пайда болуы мумкін. Осы асқынулар женіл, сүртілген, субклиникалық түрлерден кейін пайда болады.

«Созылмалы гепатит» диагнозы аурудың ұзақтығы 6 айдан артық болғанда қойылады.

Л а б о р а т о р л ы қ н а қ т а м а с ы өзіне тән болады.

1. бауыр - жасушалық ферменттерді белгілеу (трансаминазаларды). Олар инкубациялық кезеңде жоғарлайды (АсАТ 1-0,45 ммоль/сағ·л, АлАТ 0,1-0,68 ммоль/сағ·л);

2. билирубин және оның фракциялар молшерін белгілеу (қанның тура билирубин көлемі жоғарлайды, қалыпта 2,1-5,1 мкмоль/л);

3. зәрдегі өт бояутектерін және уробилиннің бар-жоғын анықтау (өт пигментері және уробилин пайда болады, нәжісте – стеркобилин жойылады);

Е м і. Ерте жастағы балаларды емханаға жатқызу керек. Жеңіл және орташа дәрежелі түрлерімен ауыратын ересек балалар қалыпты оңашалау және күтім жағдайы, мамандалған медициналық бақылау және зерттеу жасалатындай мүмкіндік болса ғана

үйден емделеді. Вирус гепатитінің ауыр дәрежелі ағымындағы қозғалыс тәртібі: сарғаю кезеңнің 3-5 күніне дейін қатаң төсек тәртібі, соңынан 20-30 күнге дейін (емханадан шыққанша дейін) – жартылай төсек тәртібі. Тамақтандыру (№5 диета)– физиологиялық қалыпқа жақын. Ақуыздар, майлар, көмірсулар 1:1:4,5 қатынаста болуы тиіс. Ақуыздар – ірімшік, сүт, айран, сыр, семіз емес ет және балық, көмірсулар – күріш, қарақұмық, сұлы ботқасы, ақ нан, картөп, қант, бал түрінде, майлар - өсімдік және сары май түрінде беріледі. Тәуліктік рационда – керекті мөлшерде көкөністер болуы тиісті. Диетадан маргарин, тоң майы, шошқа еті, ет консервілері, маринадтар, ірі бұршақтар, сарымсақ, торттар, су араластырған шырындар, әлсіз сілтіленген сулар шығарылады. Ерте жастағы балаларға жедел ішек жұқпаларында тағайындалатын диета белгіленеді.

Д ә р і – д ә р м е к т і е м. Ауыр және орташа дәрежелі гепатиттерде детоксикалық ем өткізіледі (тамыр арқылы: 5-10 % глюкоза ерітіндісі, гемодез, неокомпенсан, альбумин, аскорбин қышкылы), дәруменді терапия (майға еритін А, Д, Е, К және С дәрумені), гепатопротекторлар - бауыр ішілік зат алмасуға әсер ететін дәрілер («Липостабил», Е дәрумені, «Эссенциале», аскорбин қышқылы, кверцитин, рибоксин, калий оротаты, корсил, цитохром С,), қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер («Трасилол», «Контрикал»), глюкокортикоидтер, вирустарға қарсы дәрілер (интерферондар: реаферон, интрон А т.б), өт қуатын (магний сульфат, фламин, берберин, аллахол, холензим), антигистаминдық дәрілер. Балаға физиоем пайдалы: ультрадыбыс, парафин және озокерит, ультражоғары жиілікті ем. Асқынулар қосылғанда – антибактериялық ем. Геморрагиялық синдромда – гепарин 100-300 Б/кг тамыр арқылы, мұздатылған плазма. Ауыр түрлерде гемосорбция немесе плазмафорез.

А л д ы н а л у ж ә н е с а н и т а р л ы қ–э п и д е м и я ғ а қ а р с ы ш а р а л ар.

1. Нақтамасын тез өткізіп, науқастарды оңашалау және уақытында емдеу;

2. СЭС – қа хабарлама жіберу (058- У формасы);

3. қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, 35 күнге карантин тағайындау және бақылау (күніне 2 рет дене қызуын өлшеу, күнде тері және шырышты қабықтардың түсін қарау, бауырды пальпациялау; диспепсиялық жағдайларды, нәжістің және зәрдің түсі өзгерістерін байқау және арнайы дәптерге белгілеу). Қарым-қатынаста болғандарға эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты (1-10 жасар балаларға 1,5 мл бұлшық етке) иммуноглобуллин тағайындалады;

4. бөлмелерді желдетіп түру, фекалді – оралді жұгу жолы бойынша эпидемияға қарсы шараларды қолдану;

5. ошақта дезинфекциялық жұмыстар өткізіп, қолданатын заттарды бөлек сақтап, жеке қолданатын заттарды зарарсыздандыру;

6. ішетін судың сапасына қатал бақылау жүргізу;

7. вакцинация: туғаннан кейін бірден бірінші 0-4 күні, үшінші, төртінші айда жасалады. Қазіргі кезде вирус гепатиттерге қарсы «Аваксим», «Вакта», «Хаврис» т. б. атты вакциналар еңгізіледі;

8. гепатит вирусы бар донорлық қанды жою;

9. медициналық жабдықтарды зарарсыздандыру шараларын қатаң сақтау, мүмкіндік болса - бір рет қолданылатын жабдықтарды қолдану;

10. жастар арасында вирус гепатитінің алдын алуы туралы санитарлық – ағарту жұмыс жүргізу қажетті (механикалық контрацептивтерді міндетті түрде қолдану).

В - гепатитінің алдын алуында: донорларды ұқыпты тексеру, емдік-алдын алушылық мекемелерде орталықтандырылған залалсыздандырушылық лабораториялар ұйымдастыру, бір рет қолданылатын шприцтермен және құралдармен қамтамасыз ету. Қанмен байланысты манипуляцияларды міндетті түрде биялаумен өткізу керек. Қолды, жарақаттандырып алмау үшін, тек жұмсақ шоткамен жуған жөн. Қолдар жарақаттанған кезде – лейкопластырмен жапсыру, қан шашыраудың қауіп төнуінде – дәке маска кию керек. Хирургиялық, реанимациялық, гематологиялық, онкологиялық бөлімшелердің қызметкерлері жұқтыру бойынша жоғары қауіп-қатерлі топқа жатады.

О ш а қ т а ғ ы ш а р а л а р. Вирус гепатитімен ауыратын адамды емханаға жатқызғанша дейін - ошақта күнделік жинастыру, ал емханаға орналыстырғаннан кейін – қорытынды жинастыру өткізіледі. А және В гепатитпен ауырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардарды 35 күн бойы бақылау керек (дене қызуын өлшеу; тері, склералар, шырышты қабықтардың түсін қарау). Мектепке дейінгі мекемелердің балаларын күнде, мектептегі балаларды – жұма сайын бақылап тұру. Вирус гепатитімен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болғандарға иммуноглобулин еңгізіледі (6 ай-10 жасар балаларға - 1 мл, ересектерге - 1,5 мл). Қажет болса – биохимиялық зерттеу өткізіледі.

И м м у н и т е т 95% балаларда пайда болады.

Жәншау (скарлатина)

Жәншау– В-гемолиздық стрептококкпен қоздырылатын жедел жұқпалы ауру. Ол жалпы уытталу көріністерімен, жұтқыншақтағы баспа түріндегі өзгерістермен, қызарған тері жамылғысында пайда болған ұсақ нүктелі бөртпемен сипатталады.

Жәншаудің «скарлатина» деген аты «scarlet fever» деген екі сөзден шықты. Оның мағынасы «пурпуралық қызба» деген, осы екі сөз жәншаудің негізгі белгісінің көрсеткіші. Жәншаутуралы бірінші түсініктер 1675 жылы ағылшын Сиденгам - дәрігердің жұмыстарында жазылған. Жәншаутуралы зерттеу жұмыстарына орыс ғалымдар Габричевский (стрептококк теориясының авторы), Савченко (жәншауауруындағыстрептококк уын бөліп шығарған), Филатов және Колтыпин (патогенезін және клиникалық көріністерін белгілеген).

С е б е б і. Ауруды қоздыратын В- гемолиздық стрептококк. Жәншаудің бастапқы белгілері стрептококктың бөлетін экзотоксинына байланысты. Экзотоксин ағзаның аллериялық сергітуін қоздырып, кеш пайда болатын асқынуларға әкеліп соқтырады (ревматизм, гломерулонефрит). Стрептококк қоршаған ортада тұрақты, ұшпалық қасиеті төмен.

Э п и д е м и о л о г и я с ы.Аурудың көзі – науқас адам және тасымалдаушы.

Коздырғыш қоршаған ортаға шаң – тозаңмен, сілекеймен бөлінеді. Ауруды одан басқа заттар, үшінші беттер арқылы жұқтырып алуға да болады. Кейде жәншау тамақ арқылы берілуі мүмкін (сүт, балмұздақ, торттың кремі арқылы). Аурудан кейін тұрақты иммунитет пайда болады. Ең жиі ауратындар арасында – 2-7 жасар балалар. 15 жастан кейін жәншаусирек кездеседі.

Орташа алғанда 100000 адам арасында 200 – 250 адам ауырады.

П а т о г е н е з і:Еңу жолдары - таңдай бадамшалары, ерте жастағы балаларда бадамшалардың шала дамуына байланысты - жұтқыншақ бадамшалары немесе жоғарғы тыныс жолдарының қабығы. өте сирек жағдайларда стрептококк ағзаға тері жарасы арқылы немесе күйіп қалған тері арқылы еңуі мүмкін. Аурудың дамуы қоздырғыштың уыттану, қабыну, аллергиялық әсерлерімен байланысты. Қоздырғыштың еңген жерінде біріншілік қабыну эффектілер пайда болады. Олар – баспа және лимфаденит. Жергілікті ошақтан стрептококк тез қанға еңіп, уытталу белгілерің туғызады. Оның әсері терінің перифериялық қантамырларына, орталық нерв жүйесіне, эндокрин және жүрек–қантамыр жүйелеріне тийеді. 3-5 күндері сепсистің белгілері жұтқыншақта немесе басқа мүшелерде айқындалады (баспа, отит, лимфаденит, флегмона, т.б). Қоздырғыштың ерекшелігіне - терінің ең ұсақ перифериялық қан тамырларын, вегетативті жүйке жүйесін және қан тамыр жүйесінің талғамалы зақымдауы жатады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.Инкубациялых кезеңі орташа алғанда 2-12 күн. Басталуы кенеттен. Уыттану белгілері тез пайда болады (дене қызуы 38-40°, бас ауруы, әлсіздік, тамағының ауырсынуы, құсу т.б.). Дене қызуы көтерілуімен бірге катаралды, фолликулярлы, лакунарлы баспаның белгілері пайда болады. Некрозды баспа болса, бала аузынан жағымсыз, шірігендей иіс шығады. Баланың жұтқыншағы қызарады («жалындаған» жұтқыншақ), жұтынғанда аурырсыну сезім пайда болады. Баланың тілі бірінші күндерден бастап ақ жақпамен жабылады, 2-3 күн өткеннен кейін шеттері тазара бастайды, 4-5 күннен кейін толық тазарған тіл қызыл – күрең түсті, «таңқұрайға» ұқсас болады.

Жәншау. «Танқұрайға» ұқсас тіл.

1-2 күннен бастап қызарған теріде ұсақ нүктелі ашық қызыл бөртпе пайда болады. Ол дененің бүйірінде, аяқ – қолдың ішкі бетінде, табиғи қыртыстарда орналасады. Тек мұрын асты ұшбұрышы таза болып қалады (Филатов симптомы). Баланың терісі қүрғақ, ақ дермографизм. Екінші-бесінші күндері аурудың дер кезеңінде орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері айқындалады (сандырақтау, есінен тану, елестер пайда болу). Аурудың ауыр дәрежесінде «скарлатиналық» жүрек белгілері пайда болады: жүрек тондары күнгірт, систолалық шу, жүрек шектерінің үлкеюі, брадикардияға ауысатын тахикардия.

Ауру 3-6 күндер аралығында басыла бастайды. 7-8 күндері қабыршақтану пайда болады: денеде – кебек тәрізді, алақандарда және табанда – куй табақша тәрізді. Қабыршақтану көбіне алақанда және табанда айқындалады. Емізулі балаларда қабыршақтану болмайды. Қанда – нейтрофилез, эозинофилды лейкоцитоз, жоғары ЭТЖ. Қазіргі заманда жәншаудің ағымы өзгеше, балаларда жеңіл түрде өтеді, іріңді асқынулар болмайды; антибиотиктерді ерте қолданғанға байланысты баланың асқазаны стрептококктан тез босайды.

К ү т і м. Ауруды күткенде бөлмені жүйелі түрде желдетіп, ылғалды жинауды іске атқарып тұрған дұрыс болады. Ауыз қуысы бойынша шырышты қабығының күтімін өткізу өте маңызды мағыналы болып тұр. Терінің қабыршақтану кезінде қышуына байланысты бала тырнақтарын қысқақылып алып тастаган дұрыс.

Е м д е у. Емханаға тек эпидемиологиялық көрсекіштерге байланысты, ауыр халдегі, асқынулар пайда болған балалар жатқызылады. үйден емделетін балалар педиатр-дәрігердің және мейіркештің бақылауында болу тиіс, оныншы және жиырма бірінші күні міндетті түрде қан және зәр анализі тапсырылады. Антибактериалды, антигистаминдық, детоксикалық, симптомдық ем қолданылады. Баспаның жергілікті емі (түймедақ, календула, фурациллин ерітінділерімен шаю) өткізіледі.

А л д ы н а л у ш а р а л а р ы өткізілгенде ауру баланы 10 күнге оңашалайды, күнделік залалсыздандыруды тәулік бойы, ал қорытынды залалсыздандыруды - ауруды емханадан шығарғаннан кейін жасайды.

Қарым – қатынаста болған адамдарды анықтап, жеті күнге карантин тағайындалады. Осы кезде оларды бақылап, дене қызуын өлшеп, жұтқыншағын және терісін қарап тұру керек. Қорытындылары әдейі дәптерге белгіленеді.

Осы ошақтағы баспасы бар балаларды 22 күнге оңашалаған дұрыс. Баланың әдейіленбеген иммунитетін жоғарлату үшін оны дұрыс тамақтандыру, денесін шынықтыру, денсаулық сақтау өмірін қалыптастырған жөн.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2517 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...