Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

А, Е, Ғ вирус гепатиттері



Олар фекалді – оралді берілу жолымен, бауырдың клиникалық және лабораторлық зақымдану белгілерімен сипатталатын аурулар. А, Е, Ғ гепатиттері – жұқпалы аурулардың ең таралған түрлері, жедел респираторлы-вирусты және ішек жұқпаларынан кейін үшінші орын алады. Көбіне осы түрлермен 3-7 жасар балалар ауырады.

С е б е п т е р і. Вирустар сыртқы ортада тұрақты, сондықтан олар ұзақ уақыт суда, тамақта, қоршаған ортадағы заттарда сақталады. Вирус ультракүлгін сәулелер және хлорлы заттардың әсерінен тез өледі. Балалардың сезімталдығы осы ауруға өте жоғары. Көбіне ауру күзгі – қысқы кездерде пайда болады. Дұрыс сапаланбаған су ішкенде, ластанған тамақты қолданғанда - эпидемиялар пайда болуы мүмкін. Қоздырғыш нәжіспен, зәрмен жасырын (инкубациялық) және сарғаю алдындағы кезеңдерде бөлінеді, сарғаю пайда болғаннан кейін 2-3 күнінде вирустың бөлінуі басылады. Жұқпаның көзі ауру адам және тасымалдаушы. Берілу жолы фекалді – оралді жол және қарым-қатынас арқылы. Берілу жолдары: су, тамақ арқылы, нәжіспен, кірленген қолдар арқылы. Жұқпаның кірер қақпалары: ас қорыту жолдарының шырышты қабығы.

П а т о г е н е з і. Вирус ішектерден қанға еңіп, уытталу синдромын дамытады. Содан кейін қан жолымен бауырға түсіп, гепатоциттер ішінде көбейеді де, бауыр жасушаларына тікелей зақымдату әсерін көрсетеді. Бауырда некроздар және дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Е гепатитітінде - гемолиздық синдром пайда болады. Ақырындап ағзаның қорғау күштері қалпына келеді де, вирус белсенділігі тоқтайды, бала сауығады. Инкубациялық кезең 10-30 күн, кейде 50 күнге дейін созылады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і:

С а р ғ а ю а л д ы н д а ғ ы кезеңнің ұзақтығы 3-7 күн. Уытталу белгілер тез күшейеді – дене қызуы 38-390, әлсіздік, бас ауруы, солғындық, ашуланғыштық, баланың оқуға салымы нашарлайды. Сонымен бірге катаралды көріністер - жөтел, тұмау, баспа, диспепсиялық синдром - тәбеті бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсық, бүйірі асты ауырсыну; бауыр көлемі ұлғаюы, пальпациялағанда – бауырдың ауырсынуы және сезімталдығы жоғарлауы. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр түсі қоңырлайды, нәжісінің түсі ақшыл болады. 2-3 күннен кейін дене қызуы қалыпты жағдайға келеді, уытталу белгілері төмендейді, бірақ әлсіздік, жүрегі айну, анорексия сезімі калады.

С а р ғ а ю (дер) к е з е ң і. Бала шағымдары азаяды, жалпы жағдайы жақсарады, бірақ склералары және ауыздың шырышты қабаты тез сарғая бастайды. Кейде ауру бала бір түн арасында сарғайып кетуі мүмкін. Сарғаю 7-14 күнге дейін созылады, ең ұзақ уақыт құлақ қалқандарында, склераларында, тері қыртыстарында сақталады. Баланың көк бауыры үлкейеді, пальпация кезінде ауырмайды, үсті тегіс. Зәр түсі қоныр, нәжісі ақшыл. Бауыр сынақтары өзгерген (билирубин мөлшері 58-110 мкмоль/л). Сарғаю кезеңінің ұзақтығы 2 жұмаға дейін.

Р е к о н в а л е с ц е н ц и я л ы қ кезеңі 2-3 айға дейін созылады: осы кезде баланың жалпы жағдайы жақсарады, сарғаю жойылады, тәбеті ашылады, бауыр және көк бауырдың көлімдері мен қызметі қалпына келіп, биохимиялық көрсеткіштері дұрысталады.

Л а б о р а т о р л ы қ н а қ т а м а с ы. Билирубин деңгейі тікелей фракциясына байланысты жоғарлайды (N-2,0-5,2 мкмоль/л), трансаминазалар белсенділігі (қалыпта АлАт – 0,68 ммоль/сағ.л, АсАт – 0,45 ммоль/сағ.л) және тимол (0-4 Б) сынақтары жоғары. Перифериялық қанда – (лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарламаған), зәр анализінде - өт бояутектері табылады, қанның сары суында, қақырықта - антиденелер.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 1681 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...