Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БАЛАЛАРДЫҢ Ж¦ҚПАЛЫ АУРУЛАР



Патогендiк микроағзалармен немесе олардың уытқыларымен қоздырылатын және ауру адамнан дені сау адамдарға берілетін ауруларды жұқпалы аурулар деп атайды.

Жұқпалы процесстiң дамуына денеге микроағзаның еңуi жеткiлiктi емес. Мысалы, зерттегенде, кейбiр балалардың жұтқыншағында дифтерия таяқшасы табылуы мүмкiн, бiрақта балалардың денi сау болады. Осы жағдайды бактериотасымалдау, ал балаларды бактериотасымалдаушы деп атайды. Жұқпалы аурудың дамуы микроағзаның иммунды жағдайына, сезiмталдығына және қоздырғыштың патогендiк әсерiне байланысты.

Ж а л п ы с и п а т т а м а с ы. Балалардың жұқпалы ауруларына қызылша, күл, дифтерия, желшешек, қызамық, мысқыл т.б. жатады. Жұқпаларды “балалардың жұқпалы аурулары “ деп атайтыны - олардың көбiне 9 жасқа дейiнгi балаларда кездесетiнiне байланысты. өте сирек осы жұқпалы аурулар ересек адамдарда да кездеседi.

Ж ұ қ п а л ы а у р у л а р д ы ң н е г i з г i с и п а т т а м а л а р ы:

1. К е з е ң д е р i: жұқпалы аурулар ағымында жасырын (инкубациялық), продромалық, клиникалық белгiлерi даму кезеңi (дер кезеңі), сауығу немесе реконвалесценциялық кезеңдерді ажыратады.

2. Жұқпалар ошағы пайда болу үшін үш құрамдасы болу керек:ауру көзi; берiлу жолдары; тез қабылдағыш ағза.

Негiзгi аурудың көзi және жұқпалы аурудың резервуары - ауру адам, тасымалдаушы немесе жануарлар болып саналады. Ауру адамның ағзасынан патогендi микроағзалар әр түрлi жолдармен тарайды: сiлекей және қақырықпен ауаға түсiп, нәжiспен бөлiнiп, кiр қолдар және шыбындар арқылы. Кейбiр ауруларда микроағзалар қанда немесе ауру мүшенiң бөлiктерiнде болуы мүмкiн. Жұқпалы аурулардың жұғу жолдары да әр түрлi болады: тамақ, су, ауа және шаң-тозаңмен, трансмиссиялы (қан соратын шыбын-шiркейлер) жолымен, қарым-қатынас арқылы. Қарым-қатынас жолының екi түрi бар: тiкелей (денi сау адам ауру адаммен қарым-қатынаста болса немесе оның қолданған заттарымен қолданса) және тiкелей емес (ауру адамның жанындағы күтiм жасайтын адамдар арқылы). Осы жол жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралуының ең жиi себебi болады.

Жұқпалы аурулардың көзi болып ауру адам және тасымалдаушылар саналады. Тасымалдаушылардың екi түрi бар: реконвалесценттер (ауырып шыққан адамдар) және денi сау тасымалдаушылар.

Балалардың жұқпаға тез қабылдағыштығы бiрнеше жағдайларға байланысты: баланың жасына, қоршаған ортаға, әлеуметтiк жағдайға.

Балалардың жұқпалы ауруларымен күресу жолында ең маңызды болып егу жолы (вакцинация) саналады. Бала бiрiншi жасында туберкулез, гепатит, полиомиелит, көк жөтел, мысқыл, қызылша сияқты ауруларға қарсы егiледi.

Егуге байланысты жұқпалы ауруларға қарсы ұзақ, төзiмдi қабылдамаушылық пайда болады. Егуден кейiнгi болатын иммунитеттiң (төтемеліліктің) орташа ұзақтығы 4-6 жыл. Тұрақты және ұзақ уақытқа созылатын иммунитет пайда болу үшін ағзада антиденелер көлемі белгілі бір деңгейде болу керек, сондықтан денсаулық сақтау жолында алдын ала егумен (вакцинациямен) қатар ревакцинация (қайталап егу) да бар. Ревакцинация мерзiмi әр түрлi вакциналарға бiрдей емес, олар пайда болатын белсендi иммунитеттiң ұзақтығына байланысты.

Иммундық реактивтiлiгi баланың жеке басының ерекшелiгiне, оның тұқым қуалаушылық және конституциялық құрамы сияқты қасиеттерiне байланысты.

Егуге жататын баланың денсаулығына да бiраз маңыз берiледi. Мешел, гипотрофия, анемия, экссудаттi-катаралды диатезi бар балаларда иммунитет тез жойылады, әлсiз болады. Егуден кейiн бала шаршаса, тоңса - осы жағдайлар да иммунитет пайда болуына жағымсыз әсер көрсетедi. Иммундауға енгiзiлетiн вакцинаның сапасы, енгiзу жиiлiгi, ревакцинациялық мерзiмi, енгiзу жолдары да әсер етедi.

Егулер күнтізбесі

Егулер 0-4 күн 2 ай 3 ай 4 ай 1 жас 1 жас 6 ай 6 жас 12 жас 16 жас
БЦЖ +                
Полиомиелит + + + +          
АКДС   + + +   +      
АДС             +    
АДМ               +  
АДС-М                 +
Қызылша         +   +    
Паротит         +        
Гепатит + +   +          
Манту сынағы қауып-қатерлі топтарда ғана жасалады  

Жұқпалармен күресу жолдары

Жұқпалармен күресу жолында келесі шаралар бар: олардың алдын алу, айқындау, орнықтыру және эпидемиялық ошақтарды жою. Орнықтыру және эпидемиялық ошақтарды жою жолында медициналық тексеру кезінде және медициналық көмекке адамдардың келгенінде уақытында жұқпаның көзін (ауруларды, тасымалдаушыларды, реконвалесценттерді) айқындау керек. Айқындалған ауру туралы СЭС шұғыл хабарлама телефон арқылы беріледі және № 58–у қалыпы жіберіледі. Жұқпамен ауыратын адамды үйінде немесе ауруханада оңашалап емдейген тиіс. Дифтериямен, вирусты гепатитпен, менингококк жұқпасымен ауыратын балалар мінлетті түрде ауруханаға жатқызылады. Эпидемиялық ошақта жұқпаның пайда болуын және қарым – қатынаста болған адамдарды анықтау мақсатымен эпидемиялық зерттеу өткізіледі көрсеткіштерге байланысты клиникалық-лабораторлық зерттеу өткізіледі. Қарым – қатынаста болған адамдар бойы бақылау өткізіледі. Бақылаудың ұзақтығы жұқпаның инкубациялық кезеңіне, жұқпаның берілу жолдары ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.

Жұқпалармен күрес жолында маңызды орын қоздырғыштың берілу жолдарын бекіту шараларына беріледі. Қоздырғыш түріне байланысты залалсыздандыру (алдын алушылық, күнделік, қорытынды), бұқырлау (дезинсекция), дератизация, медициналық заттарды және құралдарды зарарсыздау өткізіледі. Күнделік залалсыздандыру аурудың ауруханаға жатар алдында немесе жұғушылық мерзімі біткенше дейін мейіркеш бақылауымен өткізіледі. Қорытынды залалсыздандыру науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін қалалық дезинфекциялау стансасы қызметкерлерімен өткізіледі. Залалсыздандыруды ішек жұқпаларынан, дифтерия, полиомиелит, жұқпалы гепатиттен кейін өткізеді. Тұрақсыз қоздырғыштармен шақырылатын аурулар кезінде ылғалды жинау және бөлмені желдету өткізіледі. Ас қорыту мүшелер арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу үшін тамақ, су, канализация, жеке бас және қоғамдық гигиенасы бойынша медициналық бақылау өткізу керек. Санитарлық-ағарту жумыс өткізу - өте маңызды болып тұр.

Б а л а п о л и к л и н и к а с ы н д ағ ы эпидемияға қарсы шаралар ерекшеліктері. Жұқпалардың бала поликлиникасында таралуының алдын алу үшін дені сау және ауру балалардың кіретін есіктері бөлек болуы тиісті, кірер жерде фильтр белгілеген жөн; бір жасқа дейінгі дені сау балаларды қабылдау үшін әдейі алдын алушылық күн белгілену тиіс; жедел аурып қалған балалар үшін бала дәрігері үйге шақырылып, бала толық сауыққанға дейін үйінде бақылайды; поликлиникада жұқпалы аурумен науқастанған бала айқындалса, оны изоляторда (оқшау бөлмеде) қарайды; поликлиникаға келген балалар педикулезге және қышыма қотырға зерттеледі; орта буынды медициналық қызметкерлері балаларды гельминттерге тексеріп, емделген балалар қорытындысын тексері; ауырған медициналық персонал жұмыстан босатылады; медицина қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртібі ұқыпты сақталады.

Туберкулез

Т у б е р к у л е з - ұзақ ағымды, микобактерияларменқоздырылатын жұқпалы ауру. Ол әр түрлі мүшелерде (көбіне өкпеде) әдейіленген гранулемалар пайда болуымен және полиморфты клиникалық көріністерімен сипатталады.

Қ о з д ы р ғ ы ш ы 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох ашқан туберкулез таяқшасы немесе микобактериясы. Оны кейде Кох бактериясы деп атайды. Микобактериялардың арасында адам үшін патогенділік (ауру туындататын) болатыны адамның және қара малдың түрлері.

Микобактериялар сыртқы ортада өте төзімді, тіпті кепкен кезде де тіршілігін сақтайды.бөлме температурасында 2-10 ай бойы өмір сүре алады. Күн сәулесіне сезімталдығы жоғары. Күннің көзінде 1,5-2 сағат арасында, ультракүлгін сәулелерде - 5 минут арасында өледі, қайнатқанда бес-он минут арасында өледі, көп айлар бойы қараңғы ылғал жерлерде өте жақсы сақталынады. Дәрілерге байланысты қасиеттері, тұрақтылығы өзгереді, сондықтан науқасты емдеу қиынға түседі.

Э п и д е м и о л о г и я с ы. Аурудың көзі - ауру адам, ірі қара мал және құстар. Әсіресе, эпидемиологиялық қатынасы бойынша өкпе туберкулезімен ауыратын және көп мөлшерде бактериялар бөлетін адамдар қатерлі. Аз мөлшерде бактериялар бөлген адамдардың қатері аздау болады. Басқа туберкулез түрлерінде қоздырғыш зәрмен, нәжіспен, іріңмен бөлінген кезде де жанындағы адамдарға жұқтыру қатері азаяды. Таралу жолдары:ауа арқылы (аэрогенді) шаң тозаңмен, жатырдағы нәрестеге бала жолдасы, ас қорыту жолдары, зақымданған тері және шырышты қабықтар арқылы. Қара малдан жұғатын туберкулез сүт және сүт тағамдары арқылы, туберкулезбен ауыратын мал етін жегенде, немесе ауру малмен айналысқан кезде жұғады. Аурудың пайда болуына қауып-қатерлі жағдайлар да әсер етеді: БЦЖ егудің жасалмауы, тыныс мүшелердің жиі және ұзақ ағымды аурулары, шеткі лимфотүйіндері үлкеюі, айқындалмаған себептерге байланысты созылмалы уытталулар, қант диабеті. Туберкулез – әлеуметті ауру, сондықтан ол темекі шегетіндерде, маскүнемдерде, есіркіқорларда, тұрмысы нашар отбасында кездеседі. 14 жасқа дейінгі балалар сезімталдығы өте жоғары. Балалар өскен сайын – туберкулезге сезімталдығы жоғарылай береді: бірінші үш жастағы балалар арасында 1-3% ауырса, 13-14 жасар балалар арасында 10-11% ауырады. Аурудан кейін пайда болатын иммунитет -- тұрақсыз, иммунитет төмендеген кезде бала қайталап ауруы мүмкін.

П а т о г е н е з і:Микобактериалар кірер қақпа арқылы еңіп, осы жерде біріншілік мүшелер ошағы пайда болады. Қоздырғыштар шеткі лимфотүйіндерге түскеннен кейін көбейе бастайды. Ағзада қоздырғыш әсеріне байланысты аллергиялық қайта құрылыс басталады, тіндер сезімталдығы жоғарылайды, оны Манту сынағы бойынша анықтауға болады. Біріншілік мүшелер ошақтарынан қоздырғыш лимфа әне қан арқылы басқа мүшелерге түсіп, қабыну ошақтарын тудырады. Бала иммунитеті жоғары болса - ауру дамымауы мүмкін, ал иммунитет төмен болса - телімділік процесс дами бастайды.

Т у б е р к у л е з д і ң а ғ ы м ы. Туберкулез ағымында екі бір бірінің жалғастырушысы болатын кезеңі бар: біріншілік және екіншілік. Бала шағында біріншілік туберкулез жиі кездеседі, ол бұрында туберкулез жұқтырылмаған адамдарда болады. Екіншілік туберкулез жазылып бітелген көне ошақтарының қозуына байланысты кездеседі.

Клиникалық көріністері. Олар аурудың түріне және фазасына байланысты әр түрлі болады. Туберкулездің негізгі клиникалық түрлері үш топқа бөлінеді, олар:

1. Балалардың және жасөспірімдердің туберкулез интоксикациясы (уыттануы)

2. Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі (туберкулез бронхоадениті, біріншілік туберкулез комплексі, ошақты, диссеминацияланған, инфильтраттық, кавернозды, өкпе және бронхтар туберкулезі).

3. Басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі (ми қабықтарының, сүйек және буындардың, зәр бөлу және жыныс мүшелерінің, тері және тері асты майының, шеткі лимфалық түйіндердің, т. б.).

Тыныс жолдарының туберкулезі негізгі орын алады (85,3%). Біріншілік туберкулез түрлерінің арасында туберкулез бронхоадениті алдында тұр (60%), сиректеу - біріншілік туберкулез комплексі және туберкулездық уытталу.

Т у б е р к у л и н с е з і м т а л д ы ғ ы н в и р а ж ы – туберкулин сынағы реакциясының ағзаның біріншілік жұқтыруына байланысты бірінші рет айқын болуы. Осы балаларды диспасерлік есепке алып, емдеген жөн. Емдеудің мақсаты – туберкулез ошақтарының тұрақты жазылуы және барлық клиникалық көріністерін жою. Негізгі ем – антибиотикотерапия.

Т у б е р к у л е з и н т о к с и к а ц и я с ы (уыттануы) – тек балаларда ғана кездесетін туберкулездің клиникалық түрі. Ауру микобактериялардың ағзаға бірінші еңуінде пайда болады. Уыттанудың дамуы бала ағзасының шамалы патологиялық ошаққа едәуір физиологиялық бұзылыстармен жауап қайтару қабілетіне байланысты.

Туберкулез интоксикациясың негізгі белгісі - уыттану: бала мінез-құлқысы өзгереді, ол шаршағыш, ашуланғыш, бас ауруы пайда болады, дене қызуы көтеріледі, тершеңдік дамиды. Тәбеті және ұйқысы нашарлайды. Қабыну процесстерге бейімділігі жоғарлайды. Лимфотүйіндер жағынан микрополиаденит (лимфотуіндердің 5-7 тобының қабынуы) пайда болады. Жұқтырудан кейін бірінші күндері лимфалық түйіндер иілімді, жылжымалы, диаметрі 5-7 мм. Соңынан олар тығызданады. Туберкулез интоксикациясын ажырату үшін туберкулин сынақтарын қою маңызды болады.

Б і р і н ш і л і к т у б е р к у л е з к о м п л е к с і. Ең жиі балаларда кездесетін тыныс жолдарының туберкулезі. Микобактериялар өкпе тінінде шоғырланғанына байланысты туберкулез ошағы пайда болады, сонымен қатар өкпенің лимфотүйіндері және лимфалық тамырлары қабынады. Ауру белгісіз өтуі мүмкін немесе туберкулез интоксикациясының белгілері пайда болады. Дене қызуы бірінші 4-7 күн аралығында жоғары, соңынан – субфебрилді. Баланың жалпы жағдайы нашар емес. Өкпеде – тыныс алудың әлсіздеуі, ұсақкөпіршімелі ылғал сырылдар, өкпе түбірінде – қатаң дыбыс. Кейде ауру пневмония, грипп түрінде өтеді. Туберкулез екені туралы тек ұзақ бақылау және рентген суреті бойынша білу болады. Рентген суретінде өкпедегі ошақ, без компоненті, арасында «жол» анықталады. Қанда – ЭТЖ жоғарылауы, солға ығысқан лейкоцитоз. Манту сынағы оң.

Т у б е р к у л е з б р о н х а д е н и т і. Біріншілік туберкулездің ең жиі кездесетін түрі. Микобактериялар ауамен еңіп, өкпенің лимфотүйіндеріне шоғырланып, оларды қабындырады. Жалпы белгілері туберкулез уыттануының белгілерімен қалыптасады. Жергілікті көріністерінен перкуссиялық және аускультациялық белгілері, қысылу белгісі пайда болады. Ауру жедел, грипп түрінде басталады, дене қызуы 38-39 ° дейін көтеріледі, тәбеті төмендейді, жалпы жағдайы бұзылады. Ерте жастағы балаларда кеуде ішілік лимфатүйіндері үлкейгенге байланысты көкірек орталығы мүшелерінің қысылу белгілері пайда болады: көгеру, бетінің ісінуі, басының және кеудесінің үстінгі жартысының терісі бойынша көк тамырларының кеңеюі, көкжөтелдегідей жөтел, көмейдің қысылуы. Зерттегенде перифериялық лимфотүйіндері ұлғайған, III-V кеуде омыртқалар аймағында бронхиалды дыбыс, перкуссия кезінде - өкпе дыбысының қысқаруы. Дене қызуы субфебрилдіге ауысады, шеттік лимфотүйіндер шошиды. Бала көбіне түнде қатты жөтеледі. Диагноз қоюға шағымдар, клиникалық көрінісі, Манту белгісі, рентген суреті (үлкейген өкпе лимфа түйіндер көлеңкесі) көмектеседі.

Т у б е р к у л е з м е н и н г и т і туберкулездің қандай болса да түріне қосылуы мүмкін. Аурудың басталуы баяу. Мидың ірге тасында тамырлар зақымданумен байланысқан туберкулез төмпешіктері пайда болады. Ауруда менингиттік белгілер айқындалады, уытталу белгілері дамиды, санасы бұзылады. Диагноз кеш қойылғанда – менингоэнцефалит пайда болады.

Т у б е р к у л е з д і ң н а қ т а м а с ы. Туберкулез диагнозын қою үшін ауру көзін айқындау, туберкулин сынақтарының виражы, Манту сынағының гиперергиялық реакциясы, аурудың шағымдары, клиникалық көріністері өте маңызды. Жасөспірімдердің және ерте жастағы балалар туберкулезін анықтау жолындағы негізі – туберкулин нықтамасы және флюорография болып тұр.

Т у б е р к у л е з м е н и н г и т і н д е жұлын сұйықтығының қорытындысын қарау керек. Сұйықтығы мөлдір, жоғары қысыммен ағады, тұрғанда – бетінде фибринді қабыршақ пайда болады. Осы қабыршақта Кох таяқшалары табылады, цитоз; қант және хлоридтер мөлшері төмен, ақуыздар көлемі жоғары.

Туберкулез таяқшалары зәрден, қақырықтан, асқазанның және бронхтардың жуынды суларында табылуы белсенді туберкулез процессін анықтайды. Перифериялық қанда – лейкоцитоз, лимфопения, ЭТЖ жоғарлауы, гипохромдық анемия пайда болуы мүмкін. Туберкулез диагнозын анықтануына бронх талының эндоскопиясы және рентгенологиялық зерттеу көмектеседі.

Е м і. Емдеудің негізгі мақсаты – туберкулез өзгерістерінің тұрақты жазылуы және аурудың барлық клиникалық көріністерінің жойылуы. Туберкулез емі ерте, комплексті, ұзақ және кезекті болады: диспансер, аурухана, санаторий, диспансер.

1993 жылы ДДС¦ бүкіл әлемге туберкулезбен күресу жолында төтенше жағдай жариялап, күш салушылық бойынша бірлесу керегі екендігі туралы үндеді. Ол туберкулезбен күресу жолында жай және нәтижелі ДОТС-жүйесі бойынша күрес стратегиясын қабылдады. Осы стратегия бойынша емнің ұзақтығы 6-8 айдан кем болмауы тиіс. Қазіргі комплексті емде негізгі мағына антибактериялық емге беріледі. Химиялық препараттар арасында ең нәтижелі препараттар – негізгі қатарлы антибиотиктер: изониазид, рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, тиоацетазон, этамбутол. Резервтік қатарлы препараттарға протионамид, этионамид, циклосерин, канамицин, амикоцин, ципрофлоксацин жатады. Емдеу түрі екі кезеңнен тұрады: қарқынды және сүйелдемеуші ем. Қарқынды ем екі-үш айға дейін созылады. Осы кезде балаға келесі дәрілер беріледі: изониазид, пиразинамид, рифампицин, стрептомицин немесе этамбутол (6 жастан кіші балаға этамбутол ішуге болмайды). 2-3 айдан кейін сүйелдемеуші емге көшіреміз: изониазид, рифампицин және пиразинамид 4 ай бойы жұмасына 3 рет. Ал қақырығында микобактериялар табылса - қарқынды емді тағы да 1 айға созады. 1 айдан кейін қақырығын қайтадан зерттеуге жібереді. Микобактериялар табылмаса, сүйелдемеуші ем тағайындалады. Емге патогенетикалық ем де қолданылады (гормондар, иммуномодулянттар – левамизол, диуцифон, Т-активин; тотығуға қарсы ем – токоферол, натрий тиосульфат, лидаза), симптомдық (С, А, РР, В тобының дәрумендері), десенсибилиздаушы, анаболикалық стероидты препараттар. Кейде – хирургиялық ем тағайындалады.

Баланың тез жазылуына әсер ететін факторлар: жақсы тамақтану, күн тәртібін сақтау, жағымды ауа райы факторларды қолдану, аэротерапия өткізу.

Қ ү т і м. Дене қызуы жоғары және уыттану белгілері айқын болса – балаға төсек тәртібін тағайындау керек. Аурудың ағымына жағымсыз әсер келесі факторлар жасайды: ауаның жоғары ылғалдығы, тамақтанудың сапасы мен тәртібінің бұзылыстары. Тамақ бала жасына сәйкес және толық құнды болғаны абзал. Рационға ет, сүт, сүт тағамдары, көкөністер, жеміс-жидектер, шырындар кіру тиіс. Тамақ калоражы қалыптан 15-20% жоғары болу керек. Балаларды күніне 5-6 рет тамақтандырады. Аурулар көп уақыт таза ауада жыл бойы болуы тиіс:оларға серуендеу, верандада ұйықтау, бөлмені салқын ауада міндетті түрде желдетіп тұруды ұсыну керек. Балаға ауа ванналарын қабылдап тұру жөн: туберкулез ағымы белсенді түрінде 22-24°ауа температурасында – ванна ұзақтығы 5-10 минут, ағымы басылу кезінде 18-20° ауа температурасында – ванна ұзақтығы 10-30 минут, күн ванналарынын тек таңертен қабылдаған жөн.

Ауру баланың күтімін жасап жүрген ата-аналарды және ересек балаларды жөтел тәртібіне үйрету керек: жөтелу кезінде аузды орамалмен жабу жөн, орамалдарды тәулігіне бір реттен кем емес ауыстырып тұру керек, қолданған орамалдарды 2% ерітіндісіне қайнатқан дұрыс. Қақырықты аурулар тығыз тығыны бар шыны немесе эмальданған түкіргішке жинайды, қолданғаннан кейін түкіргіштерді қақпағы бар ыдысқа жинап, залалсыздандырады. Жұмыс кезінде медицина қызметкерлері биялаймен және арнайы киімде жұмыс істейді. Залалсыздандырып болғаннан кейін қақырықты канализацияға төгіп, түкіргіштерді қарапайым жолмен жуады.

Қан қақырған кезде төсек тәртібі, денесінің үстіңгі жағын көтеріңкі жағдайыда тағайындайды. Белсенді қимылдауға және сөйлеуге тиім салынады. Ыстық тамақ ішуге; ультракүлгін сәулелерді, физиоемді, ыстық ванналарды, онқаларды және қыша қағаздарын қолдануға болмайды. Бала салқындатқан тамақты сұйық немесе үгітілген түрде ішеді, дәрігер тағайындаған гемостатикалық терапияны қолданады.

Т у б е р к у л е з б е н к ү р е с ө т к і з у д і ұ й ы м д а с т ы р у. Туберкулезбен күресу жолында бірнеше тараулары бар, олар: алдын алу шаралар (әлеуметтік, санитарлық, әдейіленген алдын алу және химиопрофилактика), ауру адамдарды ерте айқындау, емдеуді ұйымдастыру, диспансерлік бақылауды өткізу.

Туберкулездің әлеуметттік алдын алуына қоршаған орта шарттарын сауықтыру, елдің тұрмыс жағдайын қалыптастыру, денсаулығын нығайту, тамақтануын және тұрмыс жағын жақсарту, массалық дене шынықтыруды және спортты дамыту, қауп-қатерлі топтармен маскүнемдіктің, нашақорлықтың, темекі шегудің зияндығы бойынша күрес жүргізу.

Санитарлық алдын алу дені сау адамдардың туберкулез жұқтыруына қарсы, туберкулезге қарсы шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Оның негізгі бөлімі - туберкулез ошағында және туберкулезге қарсы мекемеде әр түрлі шараларды өткізу болып тұр. Балалар бөлімшесі ересектер бөлімшесінен бөлек болуы абзал. Туберкулезге карсы мекемеде күніне екі рет ылғалды, залалсыздандыратын ерітінділерділер қосылған, жинастыруды өткізу, бөлмелерді кварцтау; ыдыстарды, тамақ қалдығын, кір киімді жуу алдында залалсыздандырған абзал. Ошақта қорытынды және күнделік дезинфекция жүргізу өте маңызды болып тұр, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамға оңашаланған бөлек бөлме беру жөн.

Туберкулездің алдын алуында әдейіленген алдын алу (вакцинация) жатады. БЦЖ вакцинасын тері ішіне бала туғаннан кейін 0-3 күн арасында жасайды. Жасалған егуден кейін 1,5-2 ай арасында жаңа туған балада иммунитет пайда болады. Ревакцинация 6-7, 12, 17 жаста өткізіледі.

Туберкулездің жұғу және даму қатерлігі бар адамдар арасында алдын алушылық мақсатпен туберкулезге қарсы дәрілерді тағайындайды. Біріншілік химиялық алдын алушылық ауру адаммен қарым – қатынаста болған балаға тағайындалады, екіншілік – ауруды жұқтырған балаға туберкулез дамымау мақсатымен белгіленеді. Ол үшін изониазид қолданылады (5-10 мг/ кг), емдеу курсы 2-4 айға дейін созылады, баланы жеке бас түкірігішті қолдануға үйретеді. Химиялық алдын алушылықты толыққұнды тамақпен, жағымды қоршаған ортаның шарттарымен, дене шынықтырумен қалыптастырған абзал.

Туберкулезбен ауыратын балаларды айқындау үшін аурумен тығыз қарым-қатынаста болған балаға Манту белгісін жасайды. Манту белгісі туберкулинмен өткізіледі. Туберкулин тері ішіне білек ортасына 0,1 мл мөлшерде еңгізіледі. 72 сағаттан кейін қорытындысы бағаланады:

1. теріс нәтижелі Манту сынағы – еңгізген жерде тек иненің ізі қалады, ол - бала ағзасы

микробактериялардан таза екендігінің көрсеткіші;

2. күмәнді нәтижелі – қызару немесе 2-4 мм төмпешік;

3. оң нәтижелі сынақ – 5 мм-ден артық төмпешік, ағзада туберкулез таяқшалары бар

екенінің көрсеткіші.

4. гиперергиялық сынақ – папуласы 17 мм-ден астам.

Бала туберкулезбен ауыратындығы туралы мәселелер фтизиатр-дәрігер бойынша шешіледі.

М е д и ц и н а қ ы з м е т к е р л е р д і н ж ұ қ п а д а н с а қ т а н у ж о л д а р ы. Ол үшін жұмысқа жаңа алынған адамдар диспансерлік тізімге алынады, оларды әр алты ай сайын туберкулезге тексеріледі (міндетті түрде кеудесінің рентгенографиясын жасаумен). Қызметкерлерге жұмыстан кейін жуыну үшін душ орналастырылады, гигиеналық және демалатын бөлмелер бөлінеді. Мейіркештер және кіші медициналық қызметкерлердің тек жұмысқа арналған көйлегі болу керек, оны әдейі шкафта сақтау керек. Халатті жұқпаны жұқтырып алмас үшін үстінгі кийіммен бірге киюге болмайды. Ауру адамның керуетіне кесімді түрде отыруға болмайды және қызмет істейтін бөлмелерде тамақ ішуге болмайды. Жылына бір реттен кем емес тубееркулезге қарсы мекеменің қорытынды залалсыздандыруын өткізу керек.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 11167 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...