Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Созылмалы пиелонефриттер



Бүйрек өзекшелері мен интерстиций тіні және астауша-тостағанша жүйесіндегі созылмалы микробты қабыну.

П а т о г е н е зі: Жедел ағымды пиелонефрит созылмалы түріне ауысуы әр түрлі бүйрек-несеп жолы ақауларының не зәр жолында тас байлану әсерінен болатын зәр іркілісіне (уростазға) байланысты.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Клиникалық белгілері жедел ағымды пиелонефриттен азырақ. Тек анамнезінен ғана алғаш қызу, бел, іш ауыруы, дизурия болғанынан анықтауға болады. Келесі жолдары ауру тек зәр өзгерістермен (лейкоцитурия, бактериурия) білінеді. Бірақ латенттік пиелонефритпен ауыратын баладан да созылмалы уытталу белгілерін табуға болады: баланың реңі бұзылып, асқа тәбеті нашарлап, ол тез шаршағыш, басы ауырады. Кейде уытталу, қызу, қандағы қабыну өзгерістерімен жүреді.

Пиелонефриттің дамуына іштен біткен ауытқу-ақауларға байланысты. Мысалы, қыз балаларда ерте білінетін дизуриялық бұзылыстар қуықта болатын рефлюкстің салдарынан дамитын цистопиелонефриттің белгісі. Бүйректің орналасуына байланысты ауытқу ("қозғалғыш бүйрек", нефроптоз) бала жүргеннен кейін уродинамикалық өзгерісін туғызып, ақырында пиелонефритке әкеліп соғады. Латентті пиелонефрит тек алдын ала тексерісінде ғана табылуы мүмкін. Лейкоцитурия, бактериурия - негізгі лабораторлық белгілері, оларды анықтау үшін бірнеше рет мұқият тексеруге тура келеді.

Д и а г н о з ы: Анамнез жинап, отбасы мүшелерінде бүйрек ауруларының бар- жоғын анықтау. Зәрі бірнеше рет мұқият лейкоцитурия, бактериурияға тексерілу тиісті. Рентгеноурографиялық (урография, цистография, цистоскопия, баланың қалыпты зәр шығару уақыты, қуықтың қызметін байқау) жүргізіледі. Қызметтік сынаққа қанда азот қалдықтарын, натрий, калий деңгейімен қышқыл-сілті тепе-тендігін тексеру жатады. Бактерияға қарсы денелер тітрін анықтау өте пайдалы.

А ж ы р а т у д и а г н о з ы: Бүйрек туберкулезінен, вульвиттен, вульвовагиниттен, циститтен айыру керек..

Е м і: Созылмалы пиелонефриттің қайталануы ауруханада жедел ағымды пиелонефрит тәрізді емделеді. Жұқпаға қарсы антибиотиктер белгіленіп, ұзақ қолданылады. Зәр тазарған соң ай сайын 10-15 күн дәрілер беріліп, қалған 15-20 күнде үзіліс жасап, фитоем қолданылады. Фитоемде әр түрлі антисептикалық, зәр қуатын, қабынуға әсері бар шөптер, олардың қосындысы қолданылады. Дәрумендер, био-иммуностимуляторлар (лизоцим, спленин, продитозан) қолданылады. Пиелонефритпен ауыратын бала рецидивтен кейін спорттан, ауыр жұмыстан босатылады. Рецидив кезінде егулер (вакцина, иммуноглобулин) өткізуге болмайды.

Б о л ж а м ы: Пиелонефриттің біразы біржала жазылып, әрі қарай диспансерлік бақылауда жүрсе, қайталмауы мүмкін.

А л д ы н а л у ы: Балаларға, әсіресе қыз балаларға, гигиеналық күтім міндетті түрде өткізілуі керек. Жедел ағымды ішек жұқпасы, құрт инвазиясы, вульвовагиниттер уақытында емделуі тиіс. Иммундық қорғанысты көтерудің маңызы зор. Созылмалы ағымды пиелонефритпен ауырған баланы диспансерлік бақылау аса қажет. Созылмалы пиелонефритпен ауырған ересек бала терапевтердің қарауына (жасөспірім кабинетіне) тапсырылады.

Б ү й р е к с и н д р о м ы - басқаларына қарағанда сирек кездеседі. Ол аурудың басынан 1-3 жұма өткен соң қосылады. Ауру кезінде өтпелі микрогематурия, альбуминурия белгілері көрінеді. Емдегеннен кейін бала мүлдем жазылады.

Диагноз қою үшін клиникалық көріністерін, жалпы қан анализін (лейкоциттер саны көбейюі, ЭТЖ жоғарлауы, нейтрофиллез, эозинофилия) есепке алған жөн. Бүйрек зақымдануы мүмкін болғандықтан жүйелі түрде зәр анализдерін жасау керек.

Е м і – ауруханада өткізіледі. Егерде бала бактериялық жұқпамен ауырып тұрса немесе созылмалы жұқпаның декомпенсацияланған ошағы болса, дене қызуы жоғарласа – антибиотиктер ұсынған жөн. Тамаққа не дәріге аллергиялық сезімталдығы болса - оны жою керек. Антигистаминдық дәрілер (фенкарол, диазолин, тавегил), тамырлар қабырғасын нығайтатын (кальций хлор ерітіндісі, кальций глюконат ерітіндісі, аскорбин қышқылы т.б.), дезагреганттар (курантил, трентал, индометацин) беріледі. Симптомдық ем. Ауыр түрде – преднизолон және гепарин.

Д и е т а с ы н д а – мал ақуызы, тұздар шектеу, экстрактары мол, өндірістік консервілерді шектеу. Пайдалысы-сүт тағамдары.

 
ҚАНТ ДИАБЕТІ

Қант диабеті –ол эндокрин жүйесінің ауруы. Негізінде зат алмасудың барлық түрінің бұзылыстарына соқтыратын абсолюттық немесе салыстырмалы инсулин жетіспеушілігіжатады. Бұл балалар мен жасөспірімдерге тән ауру, сондықтан оны балалық немесе жасөспірімдік ауру деп атайды. Е р е к ш е л і к т е р і: басталуы жедел, көрінісі бай, инсулинсіз өмір сүру мүмкіндігі жоқ, кетоадоздық жайлардың дамуына бейімділік.

Ж і к т е л у і. Қант диабеті негізінде екіге бөлінеді: инсулинге тәуелді қант диабеті (І тип) және инсулинге тәуелді емес қант диабеті (ІІ тип).

Балаларда инсулинге тәуелді қант диабеті (І тип) кездеседі.

С е б е п т е р і. Қант диабеті көбінесе тұқым қуалайтын ауру. Бұл ауруды туғызатындарға 80% вирустық жұқпалар: эпидпаротит, қызамық, қызылша т.б. жатады Басқа себептер арасында: түрлі улы химиялық заттар - аллюксан, стрептозоцид, глюкокортикоидтер, диуретиктер т.б. дәрілер. Қауып-қатерлі факторларға стресс жағдайлары, физикалық зақымданулар, тамақта көп мөлшерде майлар және көмірсулар болуы, гиподинамия жатады. Емшектен ерте айырған балаларда қант диабетінің жиі кездесетіні белгілі, бұның сиыр сүтінің ß-лактоглобулиніне қарсы денелер шығуымен тығыз арақатынасы бары анықталды.

П а т о г е н е з і. Мембрана бұзылысы салдарынан жасушаішілік ß-клеткалар антигендері қанға сіңеді. Оларға қарсы түзілген аутоантиденелердің мәні зор, кейбірі инсулярлық аралдарға әсер беріп, ß-жзасушаларды өлтіреді, Лангерганс аралдарында да фиброз дамытады. Инсулин - ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарында ß - жасушылар түзетін гормон. Оның физиологиялық мәні - ағзаның зат алмасуын реттеу, қуат үшін және өсуге керекті заттармен қамтамасыз ету. Инсулин глюкозаның ашқарындық деңгейін 3,3-3,5 ммоль/л шамасында ұстайды. Тәулік бойында бұл мөлшер уақытша көбейеді, бірақ 7,8 ммоль/л-ден аспауы тиіс. Инсулин ақуыздың түзілісін де арттырады, майлық тіндердің липогенез құбылысын күшейтеді. Инсулин жетіспеушілігі ағзада терең эат алмасушылық өзгерістерді туғызады, қанда глюкозаның жоғарылауына әкеледі, оның деңгейі бүйрек "табалдырығынан" артқан кезде (8,9-10,0 ммоль/л-ге сай) глюкозурия көрінеді. Зәрмен бөлінетін глюкоза - осмостық белсенді диуретик, осы себептен науқастарда зәрдің көп мөлшерде бөлінуі (полиурия) байқалады. Зәрмен су, электролиттер жоғалту, олардың орны толмауы айқын сусыздануға (дегидратация), айналыстағы қан мөлшерінің азаюына әкеледі. Бүйректен қан айналымы кемуінен олигоурия және анурия дамиды. Инсулин тапшылығының арқасында көздің кристалды қабығында, нерв тінінде, қантамыр эндотелийінде көп мөлшерде су, натрий жиналады, бұл жағдай диабетті катаракта, ретино-, нефро-, нейропатияларға әкеліп соқтырады. Ақуыздар алмасуы бұзылғаннан ағзада ақуыздар қоры азайып, теріс азот балансы өрбиді. Инсулин жетімсіздігі көп мөлшерде май қышқылдарын туғызып, олардың көпшілігі бауырға жиналып, онда майлық инфильтрация дамиды. Май қышқылдары, ацетон, ацето-сілтілі кетоацидоз туғызады. Осының әсері алдымен мийға тиеді. Гиперкетонемия, лактатемия, дамыған ацидоз демалыс орталығын ынталандырып, Куссмауль типті енгізу көрінеді де, су жоғалту одан әрі көбейеді. Сонымен, инсулин тапшылығы организмге терең метаболикалық құбылыстар әкеліп, олардың асқынуы ауруды өлімге әкелуі мүмкін.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Аурудың бастапқы мерзімінде белгілердің «триадасы» пайда болады: айқын шөлдеу (полидипсия), зәрдің көп мөлшерде бөлінуі (полиурия), арықтау. Тым жылдам салмақ жоғалуы тәбеттің жоғарылауымен білінеді. Балада қышыма шығуы, түнде зәр ұстамауы (энурез), фурункулез болуы мүмкін.

Байқап қарағанда көңіл аударатын жайлар: айқын салмақ кемістігі, тері, ерін және тіл құрғақтығы, тері серпімділігі аса төмендігі. Капилляр кеңеюіне байланысты беттің қызаруы (диабеттік рубеоз) байқалады. Жараның ұзақ жазылмауы, пиодермиялар, пародонтоз, терінің саңырауқұлақтармен қабынуы тән. Басқа ағзалар мен түрлі жүйелердің өзгерістері көбінесе қантамырлар бұзылысына қатысты (диабеттік ангиопатиялар), макро- және микроангиопатиялар. Олар тым ерте білінеді. Мысалы, өкпе тамырларындағы микроангиопатиялар пневмония дамуына өте қолайлы жағдай тудырады. Пневмонияның қосарлануы қант диабетінің ауыр жағдайын өрбітіп, гипергликемиялық кома дамуына әкеледі. Оның үстіне, иммундық кемістік жайы өкпедегі қабынуды созылыңқы, кейде созылмалы түріне келтіреді.. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер жиірек кездеседі: пародонт бұзылысы, тіс жегі пайда болады; асқазан, ішек, ұйқы безі сөлінің секреттік кемістігі - осының айғағы. Осы жағдайлар инсулин тапшылығымен (инсулин - асқорту бездерінің табиғи тітіркендіргіші) және жүйедегі атрофиялық өзгерістерімен түсіндіріледі. Терең зат алмасушылық бұзылыстарда бауырдың майлық инфильтрациясы не майлы гепатозы дамуы байқалады. Диабеттік нефропатия - жайылмалы микроангиопатиялар көрінісінің бірі. Бүйрек шұмақтарының бұзылысы жиі пиелонефритпен қосарланады. Қант диабетінде жүйке жүйесі бұзылыстары жиі байқалады: жиі гипогликемия байқалатын балаларда энцефолопатияның ауыр түрлері дамып, ақылы кеміп, есте ұстау қабілеті төмендейді. Қант диабетінің ұзақ ағымы бойында диффузды остеопороз (сүйек тіндерінің сиреуі) және остеоартропатия (сүйек пен буынның созылмалы ауыруы) дамиды.

Қант диабетінің ІІ типі балаларда өте сирек кездеседі, ол көбінесе 40 жастан кейін дамиды. Себептері әлі анықталмаған. Бұл түрінде кесел дамуы баяу, көбіне көрінісі айқын емес, тіпті жоққа таяу. Бетта-жасушалар зақымданбайды, инсулин бөлінуі өзгермейді, бірақта науқастарда тамақтық жүктемеден кейін жауап ретінде инсулин концетрациясының жоғарылауы кешігеді.

Ж а с б а л а л а р д а ғ ы қ а н т д и а б е т і н і ң е р е к ш е л і к т е рі: ауру кезінде балалар өте мазасыз, олар қомағайланып сүт безіне және емізікке жармасады, сусын ішкеннен кейін шамалы уақытқа ғана тынышталады. Баланың дене салмағы азаяды. Кейде ата-аналардың назары «крахмалданғандай» жөргектерге, жабысқақ зәрге аударылады. Балаларда тұрақты базданулар болады, көбіне сыртқы жыныс мүшелерінде. Жиі іріңді жұқпалар ошақтары табылады, балаларда үстінгі тыныс жолдарының қабынуы кездеседі.

Қ а н т д и а б е т і н і ң д и а г н о з ы н қ о ю. Науқаста қант диабетінің негізгі белгілері - шөл, көп мөлшерде зәр бөлу (полиурия), арықтау, аузынан ацетон иісі шыққанда, сондықтан оның диагнозын қою қиын емес. Бұл диагноз гипергликемия, глюкозурия барын анықтаумен бекітіледі. Егер типтік симптомдары болмаса, диагноз қою үшін кемінде екі мәрте глюкозаның қандағы мөлшері 6,7 ммоль/л-ден асқаны анықталуы қажет. Күдікті жағдайларда глюкозаға толеранттық сынағын жүргізеді. Бұл сынақты қою керек болатын кісілер: қант диабетімен ауыратын науқастың туыстары, семіздік, салмағы 4,5 кг не одан жоғары туылған балалар, осындай салмағы бар балалардың анасы, анамнезінде бойынан түсік пен өлі туғандары бар әйелдер, ашқарынға глюкоза мөлшері 5,5 ммоль/л-ден жоғары, 6,7 ммоль/л ден төмен көрсеткіші бар адамдар. Бұл сынақ 10-14 сағат ашығудан кейін жүргізіледі. Алдымен ашқарынға, саусақтан қан алып, капиллярлық қант денгейін анықтайды. Содан соң 10-15 мин арасында 200,0-300,0 мл глюкоза ерітіндісін ішкізеді (1,75 г/салм). Екі сағат өткеннен соң гликемия мөлшерін қайта анықтайды. Сау адамдарда ашқарынға қант деңгейі 5,5 ммоль/л-ден, ал глюкоза ішкеннен соң 2 сағаттан кейін 7,8 ммоль/л-ден аспауы тиіс. Гликемияны шамашен белгілеу үшін индикаторлық алқапшаны қолданады:»Декстонал», «Декстростикс», «Глюкопрофиль», зәрдегі қант мөлшерін елгілеу үшін «Глюкотест», «Мультистикс», кетон денелерін белгілеу үшін «Кетостикс» қелданылады.

Е м і: Қант диабетінің манифесттік сатысында инсулинның алмастырушылық препараттары диетамен және мөлшерлі физикалық жүктемемен қиыстырылып қолданылады. Диетаға Американдық диабет қауымдастығы белгілеген эквивалент ретінде сүт, көкөністер, жемістер, нан, ет, май кіреді. Науқас күніне 5-6 рет тамақтануы тиіс. Бұл дағдылы таңертеңгі, түскі, кешкі ас және арасында қосымша үш рет. Осы диетаның ерекшелігі – жеңіл қорытылатын көмірсуларды (қант, кәмпит, бидай ұны, күріш, крахмал, жүзім, банан) шектеп, орынына глюкоза еңуін баяулататын, құрамында клетчаткасы көп, көмірсуларды белгілеу (картоп, мыңжапырақ, сәбіз, қызылша; сұлы, арпа және қара құмық).

ҚД-тің І типін инсулинмен емдейді. Инсулин дәрілері екі топка бөлінеді - адамдікі және жануартекті. Соңғылары сығып шығару (экстракция) көмегімен сиырлар мен шошқалардың ұйқы безінен дайындалады. Шошқадан алынған инсулин құрамы жағынан адам инсулиніне өте жақын. Әсер ұзақтығына қарай инсулин дәрілерін 2 топқа бөлуге болады: қысқа және ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді дәрілердің әсері ағзаға еңгізгеннен кейін 15-30 минуттан кейін басталады, қарбалас кезі 2-4 сағатқа дейін, әсерінің аяғы 6-8 сағаттан кейін. Қысқа мерзімді инсулиндерге хумулин Р, актрапид, плетин, хоморап, инсулрап т.б. жатады.

Әсер мерзімі ұзартылатын инсулин өзінше екі топқа бөлінеді: орта мерзімді (әсері ағзаға еңгізгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін, қарбалас кезі 5-10 сағаттан кейін, әсерінің аяғы 12-18 сағатқа шыңы созылады), олар: ленте, лонг, инсулонг, монотард НМ, хомофан. ¦зақ мерзімді (әсері ағзаға еңгізгеннен кейін 6-8 сағаттан кейін, қарбалас кезі 10-18 сағатқа дейін, әсерінің аяғы 20-30 сағатқа дейін созылады) инсулиндерге:Семиленте, Семилонт, ß-инсулин, Лента-лонг, Ультраленте т.б. жатады.

Аурудың ағымына байланысты қысқа және ұзақ мерзімді инсулиннің түрлерін қиыстыру абзал. Инсулиннің тәуіліктік мөлшерін есептеу кесел ұзақтығына байланысты. Егер кесел ұзақтығы 1-1,5 жыл шалмасында болса, оның мөлшері 0,25 - 0,5 Б/кг есебінен аспау тиіс. Кейінірек бұны 0,6-0,8 Б/к-ға көтереді. Инсулинге сұранымының ең жоғары деңгей тәңертең екені есте болуы шарт, ол түске, кешке таман азаяды. Сондықтан үш рет жібергенде 20-25% тәңертең, 15-20% түскі және кешкі ас алдында.

Арнайы инсулиндік шприц (қалам) қолдану кезінде балаларға едәуір жеңілдік тиіп қалады (пливапен, новопен т.б.).

Қант диабеттің емінде инсулиннің әсерін күшейтетін шөптер қолданылады: қара жидек, сұлы, бақ-бақ, элеутерококк, бүлдірген. Минерал суларын да бала ішу тиісті.

Кешендік емнің құрамдас бөлігі болып емдік дене шынықтыру саналады. Аурулар гигиеналық гимнастикамен, бадминтон ойынымен, жүзумен, тәулігіне 4-5 км жүрумен шұғылдану керек.

И н с у л и н м е н ж ұ м ы с і с т е г е н д е г і м е й і р к е ш ж ұ м ы с ы н ы ң е р е к ш е л і к т е р і. Инсулин еңгізген кезде оның мөлшерін, уақытын, еңгізу жиілігін бұзбау керек. Дәрігер белгілеген дәріні басқа дәріге алмастыруға мейіркештің құқығы жоқ. инсулинді еңгізу алдында флаконды қағу және 25-30° дейін жылыту керек, бір шприцте инсулиннің әр түрлі препараттарын араластырып еңгізуге болмайды (олар бір бірін әсерсіздендіреді). Қоюланған инсулиндер әдейі шприц-қаламмен еңгізіледі («Новопен», «Пливапен»). Инъекция жасар алдында залалсыздандырылған жерде спирттің кебуін күтіп, тері астына керекті инсулин мөлшерін еңгізу. Липодистрофиялардың (тері асты майының жойылуы) алдын алу үшін инсулин жасайтын орындарын ауыстырып тұру жөн. Бір жерге инъекция екі-үш жұма өткеннен кейін ғана жасалады. Инсулинді ішке жасағанда ол, басқа жерлерге жасалғанмен салыстырғанда (иық, сан), тезірек сіңеді. Жылытқыш, ыстық ванналар, массаж инсулиннің сіңімділігін жоғарлатады. Инсулинді тотоңазытқышта +4-6° С сақтау керек.

А с қ ы н у л а р. Балалардың өлім-жітімдік жағдайларының көбі д и а б е т т і к гипергликемиялық к о м а л а р д а н болады. Соңғы кездерде әдебиет беттерінде «диабеттік кома» термині "кетоацидоздық жай" деген түсінікпен алмасуда. Команың бұл түрі қант диабетінің диагнозын кеш қойғанда, түрлі аурулардың қосылуы, инсулин жіберуді доғару не оның мөлшерін кем беру, тағамда көмірсулар мен майлар аса көп болған кездерінде дамиды. Инсулин тапшылығы ағза қуатын кемітіп, жалпы сусыздану арқылы қан мөлшері азаюына келтіреді, сондықтан емі - бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру, ауру себептерін жою шараларына, сусызданумен күрес өткізумен бағытталады.

Комадағы баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу. Патогенетикалық емінің негізі: жылы 150-300 мл натрий хлоридтың изотониялық ерітіндісіне тез әсерлі инсулин қосып еңгізу, әрбір сағат сайын 0,1 Б кг/сағ. Гликемия деңгейі 10-12 ммоль/литрге түскенде инсулин мөлшерін екі есеге азайтады, бала жағдайы тұрақты дұрысталса 0,1-0,25 Б/кг еңгізеді. "Диабеттік кома" диагнозы қойылысымен инфузиялық ем бастау абзал: физиологиялық не Рингер ерітіндісі, реополиглюкин, альбумин, декстрон, гемодез, «Клосоль», «Дисоль», «Ацесоль»; қосымша ККБ, рибоксин, АТФ, ацетилсалицил қышқылы, В дәрумендер тобы еңгізіледі. Ауру балаға оттегі беру және жылыту керек.

Инфузиялар және емдік шаралардан бұрын науқастын асқазанын жылы 4% натрий бикарбонаты ерітіндісімен шайып, тазарту клизмасын жасау тиіс. Бактериялық асқынулардан сақтау үшін балаға антибиотиктер белгілеген жөн. Емдеуде диетаның маңызы да зор. Кома жағдайының бірінші кезеңдерінде, бала ессіз жатқанында, оған тамыр арқылыглюкоза ерітінділерін және сұйықтықтарды еңгізеді. Жағдайы жақсарғанда, жүрегі айну және құсу басылғанда ауру балаға шамалы мөлшерде тәтті сусындар, көкөністі және жемісті шырындар, құрғатқан жемістерден компот, сілтілі минерал суларын беруге болады. Екінші күні бала диетасына ботқалар, жемісті және көкөністі пюрелер, үгітілген вегетариандық сорпалар, айран, нан еңгізіледі.

Г и п о г л и к е м и я л ы қ к о м а кетоацидоздық жағдаймен салыстырғанда жиігірек кездеседі. Инсулин алатын балаларда гипогликемиялық жағдайлар мезгіл-мезгіл кездесіп тұрады, осы жағдайлар инсулинның көп мөлшерде егуге, физикалық күш түскенге, тамақ ішуі кідіргенге, инсулинді еккеннен кейін аз көлемде тамақ ішуге байланысты. Негізінде гипогликемиялық жағдайға байланысты қандағы қант мөлшері төмендеуі жатыр, осыған байланысты ми тінінің жасушалары глюкозаны игере алмайды және бас миіның оттегіге қамтамасыз болуы нашарлайды, гипоксиялық жағдай туады. Гипогликемияның бастапқы кезеңінің белгілері әр түрлі: өткір аштық сезім, кенеттен пайда болатын әлсіздік, тершеңдік, аяқ-қолдың немесе барлық дененің қалтырауы пайда болады. Жиі бас ауруы, бас айналуы кездеседі. Бала еріндерінің, тілінің, иегінің жаны кетіп қалуы кездеседі. Аурулар қозғыш, озбыр, себепсіз ызаланғыш, көріну елестері пайда болады. Көз қарашығы кеңееді, бұлшық еттердің тонусы төмендейді, рефлекстері басылады, ақыр аяғында тоникалық және клоникальқ тырыспа пайда болып, бала тез есінен танып қалады. Гипогликемиялық жағдайдың емі ауырлығына байланысты, бастапқы кезеңінде гипогликемия ақ нан, картоп, печенье, ботқа бергенде жойылады. Есінен танған кезде - тоқтаусыз саулатып қанға 20-50,0 мл 40% глюкоза ерітіндісін құю. Көмек болмаса - қайта құю. Ауыр жағдайда 10% глюкоза ерітіндісін қанға тамшылатып құйып, 0,1% адреналин ерітіндісін, глюкокортикоидтарды, ККБ, аскорбин қышқылын жасына сай қолдану керек.

Д и а б е т т і к ж ә н е г и п о г л и к е м и я л ы қ к о м а л а р д ы ң с а л ы с т ы р м а л ы с и п а т т а м а с ы  
Себептері
1. Инсулиннің жеткіліксіз мөлшері 2. Тамақтану тәртібінің бұзылыстары (майлар, көмірсулары көп тамақ) 3. Қосымша аурулар 4. Қант диабетін кеш айқындау 1. Инсулин көп мөлшерде қолдану 2. Тамақтану тәртібінің бұзылыстары 3. Жеткіліксіз тамақтану 4. Көп физикалық күш түсу
Дамуы
1. Прекомалық жағдай барысы 2. Есінен бірте-бірте тану 1. Кенет, жылдам 2. Естен толық, жылдам тану  
Белгілері
1. Аурудың басында тәбеті төмендеу, лоқсу, құсу 1. Аурудың басында жоғарлайды
2. Тіл құрғақ 2. Тіл ылғалды
3. Бұлшық еттер гипотониясы 3. Бұлшықеттер қаттылығы, жақ қарысуы (тризм))
4. Көз шарасының тонусы төмен 4. Көз шарасы тонусы қалыпта
5. Тырысу болмайды 5. Тырысу
6. Куссмауль тынысы 6. Тынысы қалыпты
7. Пульс жиі, толымы аз 7. Басында пульс жиі, кейін кейде брадикардия
8. Тері құрғақтығы, сусыздану 8. Бозғылдық, тершілдік
9. Дене қызуы төмен 9. Дене қызуы қалыпта
10. Ауыздан ацетон иісі 10.Ацетон иісі жоқ
11. Абдоминалды синдром 11. Абдоминалды синдром болмайды
12. Гипергликемия 12. Қант деңгейі төмен не қалыпта
13. Гиперкетонемия 13. Гиперкетонемия жоқ
14. Зәрде глюкоза және кетон денелері 14. Зәрде глюкоза және кетон денелері жоқ

Қ а н т д и а б е т і м е н а у ы р а т ы н б а л а к ү т і м і. Біріншіден, бала терісінің және шырышты қабықтарының гигиеналық күтімін өткізу абзал. Оларға күн сайын гигиеналық ванна қабылдау керек, тері тұтастығын бұзбау үшін жуыну жөкесі орынына кемік (губка) қолдану тиіс. Жұмсартатын әсері бар ланолин, глицерин, бала сабынды қолдану керек. Күнде аурудың киімін және ақжаймаларын алмастырып тұру, жуғаннан кейін бала аяқтарын жұмсақ орамалмен, әсіресе саусақ аралығын, сүртпей құрғату жөн. Шұлықтарын, ұйықтарын екі күнде бір рет алмастыртып тұру. Аяқ киімі ыңғайлы, кең, аяқтарын қажамайтындай, саусақтарын жауып тұратын болу тиіс. Бала ауызы уылса, баздану, пиодермиялар, саңырауқұлақты аурулар болса – баланың кмін және күтімін уақытында өткізу керек.

М е й і р к е ш ж ұ м ы с ы б о й ы н ш а е р е к ш е л і к т е р і. 1. Мейіркеш баланың емдік тамақтану тәртібін тексеріп тұрады, әкелінген тағамдарды тексереді, бала туыстарына емдік тамақтандырудың маңыздылығын түсіндіреді, диета бұзылыстары зардаптарын түсіндіреді. Әдейі тустары үшін бағдарламалық стендке балаға рұқсат болатын тағамдардың және осы тағамдардың қажетті көлемінің тізімі ілінеді. Мейіркеш күнде аурулардың тумбаларындағы өнімді тексереді. Түнгі кезекке келгенде гипогликемиялық жағдай даму кезінде көмек көрсету мақсатымен азық-түлік дайындап қояды; 2. тәулік бойы науқас жағдайын бақылайды. Түнгі сағат 3-4-терде гликемия деңгейі ең төмен, ал таңғы 5-8 сағатта – ең жоғары екенін ұмытпауы керек; 3. кома жағдайларының белгілерін біліп және көмек көрсете білгені абзал; 4. Экспресс - диагностикалық әдістерін өткізе алады; 5. инсулиннің сақтау және еңгізу ережелерін білу керек; 6. диабет мектебіне баратын балалардың қатынасуын тексереді; 7. бала бірінші рет өздігімен инсулин егуіне қатысады және жіберілген қателерін дұрыстайды.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2684 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...